«Сазгер Кеңес Дүйсекеев әндерінің тәрбиелік мәні»  

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ  ЖОБА

 

 

Тақырыбы: «Сазгер Кеңес Дүйсекеев әндерінің тәрбиелік мәні»

  •  

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жобаны орындаған: Кайранова Айжуз

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

4 курс

Ғылыми жобаның жетекшісі:

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»КМҚК

Семей қаласы

Байролова Б.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы  2021 жыл

 

 

 

Мазмұны:

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    • Кеңес Дүйсекеевтың өмірі
    • Дүйсекеевтың композиторлық жолға келуі мен шығармашылығы
    • “Жан әке”, “Қарағым-ай”, “Сәлем саған, туған ел”. Кеңес Дүйсекеевтің танымал үш әні қалай шыққан?
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Өнер ұлт болмысының айнасы десек, музыка – халықтың асқақ рухының тілі. Ол ғасырлар бойы үздіксіз жетіліп, даму үстінде болатын жанды мәдени құбылыс. Жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдарында қазақтың ұлттық музыка әлемінде жаңа бір дәуірдің парағын ашқан Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Бәйтереков, Тілес Қажығалиев, Жолан Дәстенов секілді бір топ жас өнерге келген. Олар өздерінен бұрынғы толқындағы танымал композиторлардан бөлекше болды.Табиғи талантын біліммен ұштастырып, қазақ музыкасын жаңа деңгейге көтерген осынау жаңашыл топтың ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің орны бөлек.

Зерттеу нысаны. Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығынының ерекшеліктерін айқындау болып табылады.

Зерттеу жобаның мақсаты  мен міндеттері. Зерттеу жобаның негізгі мақсаты Кеңес Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:

– Кеңес Дүйсекеевтің бейнесінін ашу;

– Композитор болу себбеін анықтау;

– Өнер жолындағы жетістіктерін анықтау;

– Шығармаларының тарихына болжам жасау;

Зерттеу жобаның ғылыми жаңалығы. Зерттеу жобаның жаңалығы – Көпшілікке танылған          “Жан әке”, “Қарағым-ай”, “Сәлем саған, туған ел”. Кеңес Дүйсекеевтің танымал үш әнініңқалай шыққандығына болжас жасау.

Ғылыми  жобаның  құрылымы.  Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан,  пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ғылыми жобаны  жазудың теориялық және әдіснамалық негізі.

Бұл ғылыми жобаның базалық іргетасы. Бұл тақырыптың маңыздылығы өте жоғары. Кеңес Дүйсекеевтың шығармаларының терең мағыналарының ерекшелігін түсіндіру.

Ғылыми жобаны  жазудың тәжірибелік базасы. Кеңес Дүйсекеев жайлы көптеген  аудио және видеоматериалдар, бұқаралық ақпарат  құралдары және т.б.

 

 

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан.[1] Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы.

 

Кеңес Дүйсекеевтың композитор болу себебі:

«– Менің музыкаға әуестігім домбырадан басталған. Оқушы кезімде домбыра тартып үйрендім. Орта мектепті бітірер тұста алғашқы ән-күйлерімді шығара бастадым. Мұны байқаған Рахатдин ағам мектепті бітіретін жылдың көктемінде мені Қазақстан ғылымдар академиясына – қазақтың даңқты композиторы Ахмет Жұбанов ағамызға апарып, тырнақалды туындыларымды – бір-екі әнім мен күйімді орындатты. Ол кісі менің шығармаларымды тыңдап болды да, мені шығарып жіберіп, ағаммен сөйлесіп қалды. Ағама: «Баланың қабілеті бар екен, сондықтан оған жақсы білім алу керек. Сол үшін, менің тілімді алсаңдар, алдымен музыкалық училищені бітіргені жөн. Сосын консерваторияны дайындық курсынан бастап оқып бітіруі керек. Сонда ғана білімі толық болады», – депті. Сөздің қысқасы, мектепте жақсы оқысам да басқа институтқа мойын бұрмай, музыкалық училищеге ырғақты есту қабілетінен (слух, ритм) емтиханды ойдағыдай тапсырып, оқуға кірдім. Сонымен училищеде бес жыл, консерваторияда бес жыл – он жыл бойы музыкалық білім алып, 1974 жылы 28 жасымда композитор және музыка пәні мұғалімі деген мамандықтың дипломы қолыма тиіп, оқуды бітірдім.

Әрине, арнайы білім алғасын композитор саналасың, бірақ менің ойымша композиторлығыңды ең ал­дымен халық танып, сені солай атаса ғана композитормын деп ұялмай айтуға болатын шығар. Оған қол жеткізу үшін сенің жазған туындыларың елдің көңілінен шығуы керек.

Оқуды бітіргесін үш жыл өткенде (1977 жылы) КСРО Композиторлар одағының мүшесі болдым. Одаққа мүшелікке өту үшін арнайы білімің және классикалық жанрларда жазған бірнеше үлкен шығармаң болуы тиіс. Оны және Мәскеуге жіберуің керек. Сол жақта оны оркестрлерге салып орындатады, сосын шығарманы тыңдап, авторын Композиторлар одағына аламыз ба, алмаймыз ба деген мәселе шешіледі.

“Жан әке”, “Қарағым-ай”, “Сәлем саған, туған ел”. Кеңес Дүйсекеевтің танымал үш әні қалай шыққан?

 

“Жан әке” әнінің тарихы

Сазгер бес жасында әкесінен айырылған. Көп уақыт бойы әкесі туралы ән жаза алмай жүрген екен. Қанша тырысқанымен ән тумаған. Қызылордада Кеңес Дүйсекеевтің атында екі жылда бір болатын музыкалық конкурс болған. Туған жеріндегі сол бір байқаудан қайтып келе жатқан сазгердің ойына тосыннан әуен келеді. Ертеңіне ақын Тұманбай Молдағалиевке барып, әнді орындап береді де, әке туралы ән болуы керегін айтып, сөз жазып беруін өтінеді.

Сол кезде ақын “Мен де әке туралы жазғалы жүр едім. Сен әкеңнен бес жасыңда қалсаң, мен бес айлығымда қалғанмын. Сен ойнай бер. Мен қазір жарты сағатта жазып беремін” деп қуана келіседі. Расында да, жарты сағатта жазылып бітеді. Дегенмен, қайырмасындағы “Сенсің менің күйігім” деген сөз композиторға ұнамай, өзгертуін өтінеді. Ал Тұманбай ақын келіспейді. Содан екеуі ұзақ айтысып бір шешімге келе алмаған. Сол күні кешке Тұманбай Молдағалиев композитордың үйіне телефон соғып, әйеліне: “Кеңеске айтшы, “Күйігім” дегеннің орнына “сүюім” дей салсын” депті. Оны естіп тұрған сазгер телефонға жабысып, “Сүюім” дегені күйігімнен де жаман ғой” деп ашуланады.

Ертеңіне сазгер ақынға те­лефон соқса, “Сен бала әнді то­лы­ғымен өзің әкелдің. Ақыры өзің ақын екенсің, сол жерін өзің жаза салшы” депті. Композитор амалсыз ән қайырмасын қайта өзгертіп, “Сенсің менің тірегім, Лүпілдеген жүрегім. Аман-есен бол балам, – деген әке ті­ле­гің” деген жолдарды жазған екен.

 

 

 

“Қарағым-ай” әні қалай шықты?

Кеңес Дүйсекеев көп балалы отбасында тәрбиеленген. Ұл балалардың ішінде жалғыз өскен Күлшат әпкесі ұстаз болу мақсатымен педагогикалық жоғары оқу орнында оқыған. Өкінішке қарай, он тоғыз жасқа қараған шағында ол кенеттен қайтыс болады. Артынан о дүниеге әкесі аттанады. Кейін Кеңес Дүйсекеев ер жетіп, өнерге бет бұрған тұста ол әпкесінің рухына тағзым жасау ниетімен ән шығаруға бел буады. Ән ұзатылып бара жатқан қызға арналған ән болуы тиіс деген ой келеді. “Егер де әкем мен әпкем тірі болғанда, әпкем өз серігін тауып, өз босағасынан ұзатылып бара жатқанда, әкем ақ батасын беріп, қызына осы әнді айтар еді” деген ойда болады.

“Мен сол “Қарағым-айды” жазған кезде елдің бәрі “о, Дүйсекеев қайтадан ғашық болыпты” деп ойлапты”, – деген екен сазгер “Бенефис” бағдарламасында әннің тарихын айта келе. Ал негізі бұл туынды әкенің қызын тұрмысқа беріп жатқан кезде айтатын әні екен. Қызымен қоштасу ретінде орындалатын шығарма.

 

“Осы әнмен талай менің достарым қыздарын ұзатқан кезде еңіреп жылағандарын көрдім. Кейбір кезде бұл әнді қазақтың халық әні деп айтып жатады. Ол композитор үшін үлкен бақыт шығар”, – деген екен композитор.

 

“Сәлем саған, туған ел”

Білімін музыкалық училищеде бастаған Кеңес Дүйсекеев 1974 жылы Алматы консерваториясын аяқтайды. Ал “Сәлем саған, туған ел” әнін 1976 жылы жазады. Әйгілі әннің алғашқы орындаушысы – Роза Рымбаева. Шығарма қазақ өнерпаздары өзге елдерге гастрольдік сапарларға барғанда ұлтты таныстыру және сәлем ретінде орындау мақсатымен өмірге келеді. Роза Рымбаева көптеген мемлекетте концерттерін осы әнмен ашып жүрген.

“Бізде Қызылордада “Мақтау-мадақтау” деген терме бар. “Сәлем саған, туған ел” соның интонациялық байлықтарын, образын пайдалана отырып жазылған” – деген екен Кеңес Дүйсекеев.

1979 жылы Түркияның Ыстамбул қаласында өткен “Алтын микрофон” байқауына Роза Рымбаева қатысып, лауреат атанған еді. Фестивальда ол “Домбыра туралы балладаны” түрікше шырқап, артынша “Сәлем саған, туған ел” әнін қазақша айтады. Музыкасы да түріктікіне ұқсас әннің көңілді ырғағына елтіген түріктер орындарынан тұрып билеп кеткен екен.

Қорытынды:

Одаққа өтерде жүз жиырмадай музыкант орындайтын оркестрдің үлкен құрамына арнап концерттік симфония жазып тапсырғанмын.» – деген Кеңес Дүйсекеев өзінің бір сұхбатында.

Кеңес Дүйсекеев – қазақтың ән өнеріндегі ойып тұрып орын алған есімдердің бірі. Ол эстрадалық әндердің жанрлық кеңеюіне де себепкер болған тұлға. Композитор әндерінің халық жүрегінен орын алуына тікелей септігін тигізген әндерінің 90 пайызына сөз жазған ақын, замандасы Шөмішбай Сариев екенін айтады.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев 74 жасқа толған шағында дүниеден озды.

Бүгінгі күні Дүйсекеев әндерін Р. РымбаеваН. ЕсқалиеваМ. ЖүнісоваА. МейірбековН. ӨнербаевМ. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Түркістан» газетінің 11.02.2016 жылғы басылымы, Ахмет Өмірзақовпен сұхбаты
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  3. Энциклопедия музыкальных жанров
  4. «Сыр-сұхбат» Кеңес Дүйсекеев https://youtu.be/fSFLTrP80Zc
  5. TENGRINEWS https://tengrinews.kz/music/jan-ake-karagyim-ay-salem-sagan-tugan-el-kenes-duysekeevtn-407763/

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *