Бабалар өсиеті

Инжибекова Меруерт

Тәрбиеұлт болашағы  үшін сәби кезден бастап мән берілетін ерекше дүние. Ата-бабамыздың “Тәрбие-тал бесіктен” деген даналық сөзіне көз жүгіртер болсақ, бала ең бірінші өмірге келгеннен бастап бесік тәрбиесін бойына сіңіреді.Және оның ұлтшыл, иманы берік, қоғамға пайдасы тиер, салт-дәстүрді берік ұстанған азамат болып шығуына ата-ананың берер тәрбиесі ұшан теңіз.Осынау тарихын тереңге тартқан ұлы дала төсінде өмір сүріп келе жатқан біздер ең бақытты адамдармыз. Себебі, дархан даламыздың әрбір тіршілігі даналық пен дархандыққа, тәлім мен тәрбиеге бай. Өмір есігін ашқан күннен бастап ата-анамыздың, ата-әжеміздің, қоғамның, одан қала бергенде ата-бабамыздың өсиетін құлағымызға сіңіріп келе жатырмыз. Сіз бен біздің құлағымызда,жадымызда, жүрегімізде сақталып келе жатқан өсиеттің өмір сүріп келе жатқанынан қаншама ғасырлар.

Қандай құдірет десеңші… Мұның себебі, ата-бабамыз бала өмірге келгеннен бастап осынау ғажайып даналықты бойына сіңіріп, оның болашағына ықпал етуіне зор үлесін тигізеді.Кешегі бала, бүгінгі баба. Осылай ұрпақтан-ұрпаққа тараған сөз құдіретіне бас иіп,таңқалмауымыз мүмкін емес. Айта кетерлік баланы тәрбиелеуде ежелден келе жатқан тарихи дәстүр,тарихы өсиеттің де келе жатқаны бәрімізге мәлім.Ата-бабамыз ең бірінші баланы жеті жасқа дейін бетінен қақпай еркелетіп, мейірім мен шапағатқа бөлеп, балалықтың бал дәмін татырып өсірген.“Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Сонау тарихқа көз шалдырар болсақ ең әуелі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бабаларымыздың айтқан нақылы мен өсиеті, ақыл мен парасаты тек қазақ тарихы мен әдебиетінде ғана емес, көрші мемлекеттердің тарихында да аты мәшһүр.

Өгiздi өрге салмақанатың талар,

Наданға көзiңдi салмасағың сынар.

Досыңа өтiрiк айтпасенiмiң кетер.

Дұшпанға сырыңды айтпатүбiңе жетер, – дегеносы бір Төле би бабамыздың өлең жолы қандайғажайып ақылға толы десеңші.

Қазақ халқының бойында тектiлiк болмыстың қалыптасуына ең алдымен ата-баба салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпының және рухани құндылықтардың рөлi зор. Қандай халық болса да өзiнiң өткенiн, қайталанбас тарихын, салт-дәстүрiн көзiнiң қарашығындай сақтап, қастерлеп ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етедi. Бізде сол өсиеттерді өшірмей, өзімізден кейінгі ұрпаққа дәріптеп, қанымызға сіңген қастерді қайта түлетсек бұл болашаққа деген біздің орасан зор пайдамыз.

Сөзімді қорытындылай келе, ата-баба өсиеті – ұрпаққа байлық, ұлы мұра. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлерiмiз, тiлiмiз бен дiнiмiз, мәдениетiмiз бен әдебиетiмiз, жөн-жоралғыларымыз, бiр сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгiге қалуы тиiс. Ата-бабамыздың әрбір сөзі, әрбір өсиетіұрпаққа ұлы аманат

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *