Тәуелсіз ел- Қазақстан

Тәуелсіз ел – Қазақстан

«Өткен күн, КЕШЕ,- тарих

Келер күн, ЕРТЕҢ, — сыр

Ал бүгінгі күн, — үлкен сый» — деп, Қорқыт атамыз айтқандай тарихта, сырда, сыйда болған Тәуелсіздігімізге биыл 28 жыл. Еліміз өз егемендігін  алғаннан кейін көптеген асуларды бағындырып, жетістіктерге жетіп келеді.

Тәуелсіздік ол- тыныш ұйқымыз, арайлы таңымыз, еркін тынысымыз, балаларымыздың шынайы күлкісі мен орны толмас бақытты күндеріміз.

Тарихқа үңіліп, Тәуелсіздік жолында ата-бабаларымыз көрген шайқастарды, аштықтарды, әрбір тамған қан мен әрбір көз жасты еске түсірсек Тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінеміз. Осы жолда қанын,жанын азат еткен ата-бабаларымызға бүгінгі күнде ескерткіштер қойылып,ерліктері туралы  жастар арасында, қоғам арасында кеңінен насихатталып келеді.  Тәуелсіздік – тәтті жеңіс. Бүгінгі ұрпақтың алауына айналған көк байрағымыз: еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген қарттың тірегі болып, әрбір адамның жүрегінде қашанда сақталмақ. Қиындығы мен жеңісін  қатар «жегізген» Тәуелсіздік —  шымырлаған батылдық пен жігерліктің  жалын отымен  келген ұлы күн. Көк аспанда қалықтаған жас қырандай біз жастар арайлы әр күнімізде  Тәуелсіз еліміздің тарихын  өскелең ұрпаққа  «қанатымыз талмай, сағымыз сынбай»,  насихаттауымыз керек.

Көк туымыз желбіреп, әлемге әйгілі болған  қазақ елінің өз мәдениеті, діні, тілі тәуелсіз ел екеніміздің жарқын бейнесі. Жанымызға қуат берер тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпағы ретінде мен тәуелсіздіктің жолында қаза болған ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгіге құрметтеп, болашақ жастарға насихаттап түсіндіруге өзімнің үлесімді қосамын.

Мен Тәуелсіз елімді мақтан етемін.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *