Тақырыбы:Қыс қызығы
Білім беру саласы:Қатынас
Тақырыбы:Қыс қызығы
Мақсаты:Балаларға қыс мезгілі жайында түсінігін кеңейтіп сөздік қорын
дамытумен бірге есте сақтау қабылеттерін қалыптастыруға берілген сұраққа
нақты жауап беруге уйрету.
Сөздік жұмыс:Аяз,боран,қар,сықырлайды.
Қажетті құрал-жабдықтар ,қорнекіліктер: Қыйынды түрлі-түсті қағаздар, желім, қыйылған жіптер ,күріш , мақта , қыстың суреттері , қарлар , себет.
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар!
Тәрбиеші:-Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші:-Қыста ауа-райы қандай болады?
Балалар:-Күн суытады , қар жауады ,жел болады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.Олай болса балалар енді тақтаға
назар аударайықшы.
Суретпен жұмыс
Балалар қыста қар жауады.Балалар қармен ойнайды.
Қыста жылы киім киеді.Ағаштардың жапырақтары барма?
Балалар қардың түсі қандай?
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. Аққала
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар сендер қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдерме?
О алақай қыс келді.
Бізге қуаныш әкелді.
Дала қарға оранды,
Бала біткен қуанды. Сымбат
Міне аппақ қар,
Аяз боран бар.
Төрле қысым еліме.
Ойнаймыз біз далада. Айғаным
Жауады міне қар аппақ.
Айналаның бәрі аппақ,
Жасырыпты жолдарды
Тегістепті оларды Арина
Сергіту сәті
Боран соғып оң жақтан.
Боран соғып сол жақтан,
Қар лақтырып ойнасақ,
Қолымыз тоңар қолғаптан.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар
(Тосын сәт аққала кіріп келеді)
Аққала:Сәлеметсіңдерме балалар!
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе.Балалар бізге кім келді?
Балалар:Аққала.
Аққала:Мен сендерге ойын ала келдім, ойнағыларың келеме?
Балалар:Ия
Ендеше кім жылдам ойыны сендердің шапшаңдықтарыңды қарайыншы.
Ойын:Кім жылдам
Мақсаты:Балалардың ойлау қабылиеттерін дамыту ептілікке ,
жылдамдылыққа уйрету.
Шығармашылық ортаға барып аққала жасайды.
Тәрбиеші:Балалар мақта,күріш,қыйынды жіп, түрлі-түсті қағаздар мен
желіммен жапсыру арқылы аққала жасайды.
Балалар қызыға аққаланы жасайды.
Қорытынды:
-Балалар бізге кім келді?
Балалар:Аққала
-Біз не жасадық?
Балалар:Аққала
-Неден жасадық?
-Мақта , күріш ,қыйынды жіптен жасадық.
-Седерге ұнадыма?
-Ия
Жарайсыңдар балалар өте жақсы ендеше аққала мен қонақтар мен қоштасайық.