« Жарқын елдің шам шырағы – жас маман »

«Еліміздің ертеңі мен бүгіні-жас ұрпақтың қолында..»
Н.Ә Назарбаев
Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Себебі мен жас маманмын. Сондықтан жас маман ретінде әрбір күнгі ісімнен сабақ алып өз мамандығымның қыр-сырын ұғынып отырамын. Қазіргі тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпаққа білім – тәрбие беретін, бала жанының бағбаны қандай болуы керек десек, ең бастысы жас тәрбиеші өз жұмысына қойылатын талаптарды терең түсініп, өзін психологиялық жағынан даярлауы шарт деп ойлаймын. Мен балабақшада 2 жылдай жұмыс істесемде күннен күнге кішкентай бүлдіршіндерге бауыр басып барамын… Менің ойымша, тәрбиеші – ел болашағына үлес қосатын ұлы тұлғаларды тәрбиелеуге бастау болатын жауапкершілігі мол мамандық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында да балабақшалар мен мектептерге көп көңіл бөліп, ел болашағы білім беру ошақтарынан бастау алатындығын баса көрсетті. Күннен-күнге жаңарып, толығып отырған білім беру саласындағы жаңалықтар мектепке дейінгі білім беруден айналып өтпесі белгілі. Сол себепті де бүгінгі балабақша тәрбиешісіне де қойылар талаптар да жоғары. Тәрбиеші бүлдіршіндерді тәрбиелеп қана қоймай, оны алғашқы білім нәрімен сусындатып, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру қажет. Әрі кішкентай кезінен естігені мен көргенін өмірмен байланыстыра білуге бағыттауы керек. Заман талабына сай, жан-жақты әрі үнемі сұранысқа ие тәрбиеші болу үшін талмай еңбектеніп, ізденіп, өз бетімен білімін жетілдіріп отыру – тәрбиеші үшін дағдыға айналған іс-әрекет болуы шарт. Өсіп-өркендеп келе жатқан еліміздің одан әрі дамуына үлес қосу және рухани жаңғыру жолында өзіндік қолтаңбамызды қалдыру үшін үнемі ізденіп, саналы білім мен таза еңбектің дәмін татқан маман болып қалыптасу керек деп ойлаймын. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым.Осы мақсаттарға жету үшін мен алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1) Бала тәрбиесімен айналысуды борышым деп білетін адамның ары таза, адал, инабатты, парасатты, байсалды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
2) Оның ой-өрісі кең жан-жақты, білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын тәрбиеленушілерге анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білу шарт.
3) Ол алдымен бала алдында сыйлы, беделді болып, әдептілік қарым-қатынаста болғаны абзал.
Мен жас маман ретінде ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру – бала жүрегін тербеп, адамгершілікке жетелейді. Дәл бүгінгі таңда ғана емес, қай уақытта болса да, жеке тұлғаны тәрбиелеу – мәртебелі міндет. Баланың дүние танымын, ғылыми санасын қалыптастыруда қоғамдық ғылымдырды, оның ішінде философияны, психологияны үйренудің кажеті зор. Сондай-ақ жауапты міндеттің бірі де бірегейі – әрбір балада жаңаша ойлау әдетін қалыптастыру. Адам баласы белгілі бір қоғамда өмірге келіп, тәрбие және білім алып, есейіп ер жетіп, рухани жағынан толысып қызмет етеді.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұрғанымен, бұл қағида бала тәрбиесімен айналасатын білім беру ошағының қызметкерлеріне, бізге де көп жауапкершілік жүктейді.
Мен осы мамандықты шын ниет-ықыласыммен таңдаған соң, бұл мамандықтықтың қызық та қиын екенін түсіне отырып, қолымызға сеніп тапсырылған әр баланың барлық қабілетімен қоса, әлсіздіктерін, күнделікті барлық ұсақ мұқтаждарын және рухани талап-тілектерін білуге тырысамын.
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ойлау қабілеті мен біліміне байланысты болады. Сондықтан, бұл істің нәтижелі болуы – тәрбиеші тарапынан белсенділік пен шығармашылық керек. Әсіресе, мынау жаһандану заманында бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, көңіл бөліп отыру – тәрбиешімен бірге, ата-ананың да міндеті.
Заманауи технологияның тілін ерте меңгеріп 4-5 жастан-ақ компьютердің құлағында ойнайтын баланың санасы таза тақта тәрізді, көрген-білгенінің бәрін жазып ала береді.Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры мына жас мамандар біздің қолымызда. Білімді, және білікті ел басымыз айтып өткендей бәсекеге қабілетті жарқын болашағымыздың санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату әрине біз сияқты жас мамандардың талмай еңбек етуіне серпіліс береді, деген сенімдемін және парызымыз деп білемін.
«Жарқын елдің шам шырағы – жас маман » деген эссені жаза отырып мен жас маман ретінде елімнің болашағы үшін ат салысып, өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге, ұстаздардан алған білімімді үйретіп, өз үлесімді қосамын. Дегенмен, бала бағбаны – тәрбиеші болу бақыт.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *