Тақырыбы: Тұңғыш Президент

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елдімекені
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Ровшенова Гульвира Фаизулаеевна
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Мақсаты:Елбасымыздың туып – өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең – байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел – Отан біздің кең – байтақ,
Отанның біздер баласы.
– Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін – Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс – әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы
– Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Ашық оқу іс – әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым – Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
– Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Томпақ:
– Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
– Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тобымыз туралы айтып өтейік.
1 – топ. «Астана»тобы.
– Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
2 – топ. «Алматы» тобы.
– Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
3 – топ. «Ақтау» тобы.
– Ақтау – Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын – дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын – сауық кешендері және Каспий теңізі бар.
Томпақ:
– Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
– Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
– Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
– Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
– Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
– Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.
Камила:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Аружан:
Елбасы елді қорғайды Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Назым:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып – арманы,
Халқымызда – ажарлы
Осының бәрі – әрине,
Елбасының – арқасы.
– Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
– Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
– Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ жігіттері» әніне билейміз.
– Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
– Енді балалар, қазақтың салт – дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік.
«Астана» тобы – Алдымызда киіз үйіміздің керегесі керіліп, уықтары шаншылып, шаңырағы көтеріп дайын тұрған макеті бар. Сол макетті қазақтың ою – өрнектерімен әшекелейік.
«Астана» тобының балалары киіз үйдің макетіне, алдымен керегесінің ою – өрнектерін жапсырады, содан кейін есігін орналастырады.
«Алматы»тобы – ақ қағаздың ортасына күнді, жан – жағындағы шуағына әр ұлттың суреттерін жапсырамыз.
«Алматы» тобының балалары ақ қағазға күнді, жан – жағындағы шуағына әр ұлттың өкілдерінің суретте – рін жапсырады.
«Ақтау» тобы – ақ қағазға трафаретпен қазақтың ою – өрнектерін басамыз.
«Ақтау» тобының балалары
Трапаретты пайдаланып, губкамен қазақтың ұлттық оюын жасайды.
Әнет:
– Томпақ, біз саған естелікке қазақтың ағаш үйін береміз.
Аружан:
– Ал біз Қазақстанда барлық ұлттың өкілдерімен тату – тәтті өмір сүріп жатқанымызды бейнеледік.
Кәусар:
Біз Томпаққа қазақтың ою – өрнектерін сыйлаймыз.
Томпақ:
– Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі – еліміздің тұңғыш президенті – Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс – әрекетімізді аяқтаймыз.
Рефлексті коорекциялаушы
– Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
– Томпақ бізге риза болды ма?
– Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?
Балалар сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Ағаш үйді оюлар мен әшекейлей білді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *