Менің  сүйікті ертегім

Менің  сүйікті ертегім

Мақсаты:Балалардыңсөздік қорын байыту.Шығармалардың эмоционалды –бейнелік мазмұнын қабылдауға , баяндау сипатын сезінуге баулу. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен қисынды мазмұндауға үйрету. Ертегі туралы түсінік қалыптастыру.

Көрнекліктер:  Лулия шеңбері, Блум кубик, үлестірмелі карточкалар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар? . Көңіл күйлерін жақсы ма?

Бүгін бізде ерекше сабақ . Біздің сабағымызға қонақтарымыз келіп қалыпты, қонақтарымызбен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздер  ме!

Шаттық шеңбер:

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап  жер көрдім.

Оңға , солға қарап,

Егемеңді ел көрдім.

Тәрбиеші:  Жақсы балалар!, орнымызға отырайық.

Балалар қай жыл мезгілі? Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Өте жақсы . Ал бүгінгі сабағымыздың тақрыбы Менің сүйікті ертегім

Балалар ертегі –көне заманынан келе жатқан көне де мол мұра.

Балалар сендер ертегінің қаңдай түрлерің білесіңдер?

Қиял-ғажап ертегілері, Тұрмыс салт ертегілері, Жануарлар туралы ертегі,

Қазақ халық ертегілері, Орыс халық ертегілері.

Тәрбиеші: Балалар маған қараңдаршы менің қолымда лулия шеңбері осы шеңберді айландырып , қай ертегіге түседі сол ертегіге қысқаша сипаттама берейік.

Олай болса барлық балаға сәттілік берілген тапсырманы орындайық.

1.Айнамкөз- Алдар көсе қазақ халық ертегісі, түрі қиял ғажап ертегісіне жатады.

  1. Асанали: Шалқан орыс халық ертегі, түрі қия ғажап ертегісіне жатады.
  2. Береке: Үш аю жануарлар туралы ертегі
  3. Гүлім: Арсыстан мен тышқан қазақ халық ертегісіне жатады.
  4. Санжар: Алтын сақа тұрмыс салт ертегісіне жатады.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Өте жақсы жауап бердіңдер!

Ал еңді балалар осы кубиктің көмегімен бір ертегіні әңгімелеп берейік.

Үш аю ертегісің әңгімелеп берейк!

Балалар бүгін ерекше тәсілмен әңгімелеп көрейік.

Ол үшін біз үстелде тұрған  кейіпкерлерді алып рет ретімен әңгіме желісін жалғастыруымыз қажет! Мұқият тыңдап отырайық. Сеңдерге сәттілік тілеймін . Ал тапсырмамызды бастап көрсетейін.

Тәрбиеші: Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап , ал күн ысығанда үңгірге кіріп жатады екен

Ең ірісі әрі мықтысы ақ төс аю болыпты .

Ақмәди: Бір күні жортып бара жатқан түлкіні ұстап алып , әрі бері жұлқылайды.

Амина: Достым , түлкі бізге жаманшылық жасаған жоқ қой .

Санжар: Бұл түлкі мені сыйлап жүремін десе жіберемін

Султан: Құйрығы ауырған түлкі қыңсылап қала берді

Айнамкөз: Аю аға босатшы мені. Сыйлап жүремін

Санжар; Түлкі мені сыйлап жүреді

Ақмәди: Тағы бірде қасқырды ұстап алып босатпай есін шығарады

Амина: Қасқыр бізге тиіскен жоқ қой

Санжар: Егер мені сыйлап  жүремін десе жіберемін

Сезім: Аю аға сыйлап жүремін . Мені жібер.

Санжар :еңді қасқыр да мені сыйлап жүреді

Тәрбиеші; Бір уақытта әлгі өзі жәбірлеген қасқыр бір топ ұяластарымен ақ төс аюдың алдынан шығыпты.

Сезім: сен маған жазықсыз азап корсетің еңді бәріміз жабылып сені талаймыз.

Гүлім; Көп қасқырдан зәресі ұшқан ақ төс аю ағаш басына шығып алады.

Айнамкөз: Аю аға неден қорқып келесіз ?

Санжар: Көп аюдан қашып келемін

Айнамкөз : Жылдам бері қарай жүріңіз

Тәрбиеші; Түлкі нұсқаған жаққа тұра қашқан аю күмп беріп ботпаққа түсіп кетеді. Қулығы асқан түлкі аюдың қасына сықылықтай күледі.

Амина: Саған не болған?

Мерей: Мені қасқырлар қоршап алып талап тастай жаздады. Содан ағаштың басына шығып құтылдым. Қайтып келе жатсам , түлкі кездесті.

Ол мені алдап , батпаққа  батырып кетті

Амина; Күшіңе сеніп әлсіздерді күшпен сылатамын, деп едің

Еңді осы ойының  дұрыс емес екендігіне  көзің жетен шығар.

Ал балалар шаршаған баларсындар сендермен ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын «Кейіпкерді тап»

Еңдігі кезекте екі топқа бөлініп өзіміздің сүйікті ертегімізді құрап көрейік!

Ол үшін бізге қағаз және әр түрлі кейіпкерлердің қиындысы керек, Топ басшылары құралған ертегіні құрап беруі керек.

Балаларды мадақтау: Жарайсыңдар балалар!  Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мен сендерді марапаттағып келіп отыр.

Қорытынды:Баяндау сипатын сезініп , шығармалардың мазмұнын эмоциалы қабылдай алады. Мазмұнның жүйесін сақтай отырып , шағын шығармаларды айтып бере алады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *