«Көкөністер айтысы», «Қызанақ»

Білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметтері: «Сөйлеуді дамыту»+ «Сурет салу»
Тақырыптары: «Көкөністер айтысы», «Қызанақ»
Мақсаты:Балаларды сөйлеудің дыбыстық мәдениеттілігіне тәрбиелей отырып,сөздік қорын,дыбыстарды дұрыс айта білуін,байланыстырып сөйлеуін ойындар арқылы жетілдіруді жалғастыру.Шағын тақпақ айтуға,берілген сұрақтарды тыңдау,түсіну және жауап беруге талпындыру кейіпкерлерді сипаттауда дауыс ырғағын келтіру.Ертегіні ойнауға қызығушылықтарын ояту.
Әдіс – тәсілдері: 1. Тілге артикуляциялық жаттығу жасау.
2.«Көкөністер айтысы» ертегісі
3.Сергіту сәті: «Күн суытты далада»
4. Балалардың жұмысы.
Көрнекілік құралдар: үлгі суреттер,көкөністер,су бояу,қылқалам,сүрткіш.
Қызмет кезеңі Тәрбиешінің қызметі Баланың қызметі
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым кел бері.
Толтырайық шаттыққа.
Дөңгеленген шеңберді.
-Менің қолымдағы не балалар?
-Балалар осы тосап сендердің еріндеріңе жағылып қалыпты,соны жалап ерінімізді тазалап алайық.
(Педагог тілін шығарып,алға қарай созып оң жақ ернін және сол жақ ернін Содан кейін түгел жалап тазалайды.)
Балалар біз осы тосапты немен жалап алдық?
Балалар сөйлеуге,әңгіме айтуға бізге не көмектеседі?
Дұрыс айтасыңдар біз бүгін тілімізді қозғап сөйлеуге дайындап жаттығу жасап алдық.
-Ал осы тосапты аналарымыз жылдың қай мезгілінде дайындайды?
Балалар күз мезгілі жайлы кім біледі,қандай өзгерістер болады
Балалар теледидиар қарағанды жақсы көресіңдерме?
Ендеше назарымызды теледидарға аударайық.
Күз мезгілінде тағы қандай өзгерістер болады?

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды.

-Сәлеметсіздер ме апайлар.
-Тосап

-Балалар педагогпен бірге қайталап жасайды.

Тілімізбен.
Тіл

Күз

Күз мезгілінде жаңбыр көп жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі,күн салқындайды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,көкөністер піседі.
Ізденушілікке
ұйымдастырушылық Балалар алтын күз мерекесінде айтқан күз туралы тақпақтарынды қане айтыңдаршы.

Балалар күз мезгілінде нелер піседі екен?
Мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін:

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.

Балалар сендерге кеше күннің екінші жартысында керемет «Көкөністер айтысы» деген ертегі оқып берім,сол ертегіні есімізге түсіріп сахналап берейікші.
«Көкөністер айтысы» ертегісі
Ерте,ерте,ерте де, атайдың бақшасында әртүрлі көкөністер: жасыл қияр,қызыл қызанақ және қырыққабат пен сәбіз өсіпті.
(Педагог үстелдің үстінен көкөністердің уретін алып,балалардан атауын сұрайды және өзі толықтырады: жасыл қияр,қызыл қызанақ, т.б.)
Бір күні ертеңгісін ең үлкен қияр мақтанып:-

депті.
-Балалар,қияр шынымен «әдемі,жасыл,мықты әрі қытырлауық па» байқап көрейікші.
(Педагог балаларға қиярдың дәмін татуды ұсынады,алдын-ала барлық көкөністерді тарелкаға салып қоюға болады.)
Бұл сөзге қызыл қызанақ басын көтеріп былай депті:-
(Балалар қызанақтың дәмін татады.)

Сол кезде шыдай алмаған орамжапырақ:
(Балалар аппақ орамжапырақты жеп,дәмін татады.)
Жасыл қияр,қызыл қызанақ,аппақ қырыққабаттың сөздерін естіп,шыдай алмаған сәбіз:

Көкөністер көпке дейін дауласып айтысады,бір кезде бұларды көрген атай, келіп жасыл қияр,қызыл қызанақ,аппақ орамжапырақ,сәбіз сендер дауласпаңдар.Сендер барлығыңда тәттісіңдер,дәруменге байсыңдар,пайдалысыңдар.Барлық көкөністер дауласқанын қойып,тым-тырыс болады.Олар адамдарға ұнағанына қуанып,тез өсе бастайды.
Дұрыс айтасыз атай көкөністердің адамға пайдасы зор,көкөністерді көп жесе ауырмай мықты болып өседі.
Атай біздің балалар көкөністер туралы тақпақтар да біледі.

Балалар,бүгін біздер қандай көкөністерді ертегіде көрдік?
Дыбыстық жаттығу:
Яр-яр-яр біз жейміз қияр
Ақ-ақ-ақ қып-қызыл қызанақ
Аппақ орамжапырақ
Із-із-із біз жейміз сәбіз.

Билингвальді компонент:
Қияр-огурец,қиярлар-огурцы.
Қызанақ-помидор,қызанақтар-помидоры
Қырыққабат-капуста.
Сәбіз-морковь

Сергіту жаттығуы:
Атай біздің балалар көкөністердің пайдасы мен тақпақтан басқа,көкөністердің суретін де сала алады.
Ендеше балалар атайға қызанақтың суретін салып бояп берейікші.
Шығармашылық сәт:
Педагог балаларға ақ қағаз бен қызанақтың қалыбын береді,балалар бастырып салып қызанақты субояумен бояйды.
Тақпақтар:
Алім:О,алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап.
Айару:Жаңбыр,жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
Расул: Ой балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты
Жапырақтар солыпты,
Ел егінін орыпты.

Көкөністер

Қияр

Қарбыз.

Қызылша

Әділ:-«Мен сондай әдемімін,жасылмын,мықты және қытырлауықпын!»

Н.Раяна:-«Мен сондай тәттімін,,қызылмын және дөңгелекпін.Сендердің араларыңдағы ең әдемісі менмін!»

Рана:-«Жоқ!Сендердің араларыңдағы ең аппақ,ең пайдалысы менмін.Мен сұлумын!»

Адила:-“Адамдарға ең пайдалысы менмін.Бой өсуге,көз көруге менің өте пайдам көп.Мені қояндарда жақсы көреді”

Тақпақтар:
Рана:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
Адила:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім – қанға нәр.
Ал,балақай біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
П.Раяна:
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
Жасыл қияр,қызыл қызанақ,аппақ орамжапырақ,сәбіз

Рефлексиялық
түзетушілік Балалар біз не білдік? Көкөністер денсаулыққа өте пайдалы екенін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *