Көшпелі Қазақ қоғамындағы әлеуметтік басқару жүйесі

Таптық бөліністің болмауы қоғамның әлеуметтік біртекті болғанын білдірген жоқ. Қазақ қоғамы қатаң түрде иреархияланды және шығу тегі мен құқықтық мәртебесі бойынша ерекшеленетін бірқатар таптарға бөлінді. Үш негізгі топтар ажыратылды – ақ сүйектер, қара сүйектер және құлдар. Қазақ даласындағы ең жоғарғы мәртебеге ақ сүйек өкілдері, төрелер мен қожалар ие болды. Төрелер — Шыңғысханның ұрпақтары, туылған сәттен бастап құқық бойынша сұлтан атағын және хан тағына отыру құқығын алды. Қожалар Ислам дінін алғашқы таратушылар деп саналды және қазақтар арасында өте зор беделді пайдаланды, бірақ олардың құқықтары төрелерге қарағанда тар болды.
Ақ сүйектер тобы артықшылықтары бар жабық топ болатын, олардың арасында эндогамия, яғни топ ішінде некеге отыру басымдылығы, кең тарады. Бұл қазақтардағы экзогамияның, яғни 7 атаға дейінгі туыстар арасында некелесуге тыйым түрінде көрінетін, үстем болуына байланысты өте қызық болып көрінетін. Сұлтан мен қара сүйек әйелдің арасында туылған бала толық құқықты сұлтан болып саналған жоқ. Осы себептерге байланысты ақ сүйектер әйелге қалмақ, башқұрт және басқа тайпалардан қыздарды алды, олар қара сүйектермен патронимиялық байланыста болған жоқ.
Сұлтандардың туған сәттен бастап алатын құқықтары айтарлықтай кең болды. Шыңғысханның ұрпақтары ретінде олар қазақ қоғамында басқару функцияларын жүзеге асыруға басым құқықтарға ие болды. Бұл хан лауазымына сайлана алу құқығынан және ұлысты басқару құқығынан көрінді. ХҮІ ғ. аяғында — ХҮІІ ғ. басында сұлтандардың соңғы құқықтары ұлыстық жүйені іс жүзінде жоюға байланысты айтарлықтай тарылады. Соған қарамастан сұлтандар өндірістік қызметтермен тікелей айналысқан жоқ, тек қоғамдық қатынастарды реттеумен және әскери іспен айналысты. Олардың экономикалық жағдайларының негізі төлеңгіттер — тәуелді әлеуметтік топ, қауымы болды. Зерттеуші А.И.Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде, Қожа әлеуметтік топтары өз қолдарына қоғамның рухани өмірін реттеу функцияларын шоғырландырды, мұнда дәстүрлі мұсылмандық руханияттан айырмашылық бұл функцияларды орындау білімге байланысты болған жоқ, шығу тегіне байланысты болды. Қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік тобын қара сүйектер- жеке шаруашылық жүргізуші отбасылар, құрады. Олар барлық деңгейлердегі бірлестіктердің негізгі күштері болды, олардың тәуелсіздігі мен бостандығын сақтады, өндірістік қызметтің барлық циклін қамтамасыз етті. Әскери-саяси ұйымдастыруды сақтау және қоғамдық құрылымға негізделген экономиканың қалыпты қызмет ету қажеттілігі элитаның негізгі көпшілікті эксплуатациялауын шектеуге алып келді.
Ең төменгі әлеуметтік топты құлдар құрады. Құлдыққа негізінен өзге халықтардың әскери тұтқындары түсті. Қауымдық қатынастардың үстемдігі жағдайында және өзара көмектесудің дамыған жүйесінде қазақтарды құл қылу іс жүзінде мүмкін болған жоқ. Құлдардың балалары құл болды, бірақ жаңа әскери тұтқындардың көбеюіне байланысты құлдық күйі тарайтын ұрпақтар саны азайтыла алатын. Сәтті жорықтар жасағанда тұтқындар санының көптігіне байланысты бұрынғы құлдар бостандық ала алатын. Бұл жағдайларда олар тең құқықсыз мүше ретінде қауымның құрамына қосылды. Құлдар өз қожайындарының толық меншігі деп саналды, ең ауыр, мамандықты талап етпейтін қара жұмыстармен айналысты. Оларды сатуға, сатып алуға, ауыстыруға, айып пен қалыңның құрамына қосуға болды. Ешқандай құқықтарды иеленбегендіктен құлдар өз беттерімен сотқа жолдана алмайтын, олардың мүдделерін қожайындары білдірді. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда құлдардың саны айтарлықтай көп болды. Ол кездерде құлдар қазақ қоғамындағы материалдық өндіріс жүйесінде үлкен рөл атқарған жоқ.
Артықшылықтары жоқ әлеуметтік топтарға төлеңгіттер – сұлтандардың әскери қызметкерлері жатты. Бұл жеке тәуелділіктегі, өз еркімен қандай да бір шыңғысхандықтың патронажына берілген адамдар санаты болды. Әртүрлі мән-жайларға байланысты қауымдар ассоциациясының қорғаншылығынан айырылған кез келген индивид сұлтанға жолданып, оның төлеңгіті бола алатын. Бұл жағдайда ол өзінің руынан, таңбасынан, ұранынан бас тартып, сұлтанға жасақшы ретінде қызмет етуге міндетті болды, оның отбасысы сұлтанды материалдық өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етті. Әр сұлтанның айналасында төлеңгіттер қауымы пайда болды, кейбір ықпалды хан мен сұлтандар тұтас төлеңгіттер ассоциацияларын құрды. Төлеңгіттер ақсүйектер тобының негізгі әскери күшін құрады.
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында ерекше орынды билер мен батырлар алды. Билер сот билігі функциясын жүзеге асырды және құқықтық реттеудің ерекше қоғамдық мәнділігіне байланысты қазақтардың алдында өте зор беделге ие болды. Әдет-ғұрып құқығы нормаларын білетін, қызыл тілді және жеткілікті беделге ие кез келген қара сүйек өкілі би бола алатын. Бұл мәселені тек қана П. И. Рычков пен А. И. Левшин тыңғылықты түрде ашып көрсеткен болатын. Далада жиі-жиі тұтастай билер әулеті пайда болды, бірақ бұл атақ ешқашан мұрагерлікпен қалған жоқ. ХҮІІ ғ.-ХҮІІІ ғ. басында бірқатар ықпалды билер кеңесі құрамына кіріп, билік функцияларын да жүзеге асырды және жүздер мен жекелеген әскери-потестарлық бірлестіктерді басқарды.
Батырлар қазақ қоғамындағы кәсіби әскери топты құрады және соғыс жағдайында өзінің бірлестіктерінің жасақтарын басқарды. Бұл атақ мұраға қалған жоқ, тек қана жеке бастың қасиеттеріне – қаһармандық, әскери істі білу, әскери басшы талантына байланысты алынды. Жасақ жиналған кезде батырлар оның командалық құрамын құрады, бейбітшілік уақыттарда әртүрлі функцияларды атқарды-қауымдарды және әртүрлі деңгейлердегі бірлестіктерді басқарды, қатардағы қауымдас ретінде шаруашылық жүргізді және т.б. Көптеген батырлар аңшылықпен өздерін қажет өнімдермен қамтамасыз етті. Билер мен батырларды сословиялық топқа жатқызуға болмайды, өйткені батыр атағын қара сүйектермен қатар шыңғысхандықтар да ала алатын. Бұл функционалдық немесе кәсіби топ тәрізді.
Қазақ қоғамының өмірінде старшындар — әртүрлі деңгейлердегі қауымдар мен өзге де бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ рубасшылары үлкен мәнге ие болды. Бұлар өндірісті ұйымдастыру біліміне, беделіне, әкімшілік қызмет дағдыларына ие адамдар болатын. Старшындар көбінесе билер мен батырлар болды, сонымен қатар көптеген старшындарда мұндай атақ болған жоқ. Старшындық мұрагерлікпен берілмейтін, бірақ старшын отбасыларының экономикалық күштілігіне байланысты олардың балалары сол қауымның басшысына айналатын.
Қауым ішінде көшпелі шаруашылықтағы өндірістік процестің ерекшелігі салдарынан касталық сипат алған кәсіби топтардың бөлінуі де болды. Ең жақсырақ кәсіптік топ жылқышылар болды. Бұл жылқы малының қазақтардың шаруашылығындағы ерекше мәніне және мал түрін жаюдың ерекшеліктеріне байланысты болды. Ең нашар жұмыс деп қойшының немесе шопанның жұмысы саналды. Бұл міндетті көбіне балалар мен құлдар атқаратын. Сондай-ақ жақсы емес топқа жатақтар – егіншілер де жатқызылды. Олар малынан айырылған және көшу мүмкіндігі жоқ қауымдастар болатын. Олар қыстауларда қалып, жаз бойы жер өңдеумен, жер төлелерді және мал үшін қораларды жөндеумен, отын дайындаумен айналысты. Алғашқы мүмкіндік туысымен жатақтар мал алуға және қайтадан көшуге тырысты. Қазақтардың басқарушылары мен жекелеген байлары егіншілерді өздерінің төлегіттері мен құлдары ретінде жиі пайдаланды. Жатақтардың үлкен топтары суғармалы егіншілік үшін өте қолайлы жерлерде – ірі өзендердің салаларында, көлдердің жағасында және т.б. пайда болды.
1- курс студенті Е.Д.Биғалиев
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *