Елжандылық – тәрбие діңгегі

Cапарова Балжан Абдуллаевна

 

 

 

Жоспар

 

 

 

Кіріспе

 

1 Елжандылық – тәрбие діңгегі

1.1 Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері

1.2 Елжандылық тәрбиелеудің міндеті, оның негіздері

  1. Патриоттық тәрбиенің маңызы

2.1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру

2.3 Оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге бағыттары

2.4 Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту  технологиясын қолдану

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру – келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт – бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде бірдола буыны қатып, тәжірибемен, жспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады» деп жазды .

Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады.

Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс – әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мктептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді. Ұлттық патриотизм – жеке тұлғаның өз тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру – патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.

Мақсаты оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін оларға рухани сезімдерді үйрету, патриоттық тәрбие беруде әдіснамалық негіздерді және дамыта оқыту технологияларын қолдану.

Жоба жұмысының объектісі:

Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.

Жоба жұмысының практикалық қолданылымы:

Бұл еңбекті жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

            Елжандылық – тәрбие діңгегі

Бүгінгі күні жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларының шежіресі негізінде тәлім берудің маңызы зор. Өйткені, бала тәрбиесінде өз дүниетанымының қоршаған ортасының, ой – өрісінің негзінде ұлттық сипатты зерделеу қажеттігі артып отыр. Оның негізі:»Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың таным-түсінігіндегі ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде, яғни шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады» – деп айтылады

Сондай-ақ шежіренің тек қана тарихи тұрғыдан емес, оның ұрпақ тазалығы, тәлімдік сипатының жоғары екенін білеміз. Әдетте, мұндай шежірелік зерделеу, басқа ұлттарда кездеспейді. Оны біз «Жеті атаға толмайынша қыз алысуға болмайды» – деген халқымыздың қағидаларынан түсінуге болады. Мұны қазіргі кездегі медицина саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр  Демек, ертеден-ақ, аталарымыз туысқан бауырмалдық сезімінің жоғары екенін түсіне білген. Мысалы: «Атасы басқа аттан түс» деген қанатты басқа сөз бар. Оның мәні: Жаугершілік заманда әйел, бала-шағасын жауға қалдырып, өз інісін атына міңгестіріп алып кетеді. Сондықтан, қашып құтылған соң, әлгі батырдан мұның қалай? – деп сұрағанда әйел бала-шаға өмір барысында табылады. Ал аға-іні табылмайды. – деп айтқан екен.

Міне, мұның өзі өз баласынан да , бауырларын, туған-туыстарын жоғары қоя біледі. Яғни: «Халық шежіресін халықтың өткен өмірінен хабар беретін, мұралық мәні бар, халықтың тарих беттеріндегі естелігі деп қарауымыз керек» – деп келтіреді.

Бүгінгі ұлт мектебінде шежірелік зерделеу туралы факультативтік немесе арнайы курс дәрістерін оқытудың маңызы зор. Яғни, тарих, қазақ әдебиеті пәндері аясында оқушылар арасында кеңінен оқытудың қажеттілігі артып отыр. Оның негізгі себебі: оқушылардың шежіреге деген көз қарасы төмендеп, жеті атасына дейін білмеуі т.б. мәселелерді айтуға болады. Сондықтан-да: «Жас ұрпақ ағайын-туғанын, ата-тегін, ру-тайпасын, елін білуге міндетті. Одан шыққан батырлар мен билерді, қазақ халқының биіктеуге үлес қосқан батырлардың ісін, жолын, дәстүрін жалғастыру керек»,- делінген

Мұндай талаптардың бәрі қоғамдық – әлеуметтік мәні жоғары – деп түсінгеніміз жөн. Алайда, кейбір кезде қым-қиғаш саяси жағдайларға байланысты «руға бөліну», «Жүзге бөліну» т.б. тар түсінікті сөздер көбейіп кетті. Содан кейінгі кездері шежірені білуге деген ықыласымызды төмендетіп алдық  Міне, осы айланы КСРО кезінде жүзеге асыра отырып, рухани тәлім-тәрбиенің төмендеуіне әсерін тигізгенін білеміз. Ал, «ру-қазақ атты ұлттың керегесі мен уығы» деп түсінген жөн.

            Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері

Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіщтігі, өз халқына, Отанға, туып- өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі – рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материалдық әлеммен біріге шегі жоқ рухани әлем болмысының бір тұтас түсінікті баян етілген көрінісі», – деп анықтама берген.

Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объективті болмыстың көрінісі болып табылады.

Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды. Мысалы, «Ер-Төстік» ертегісінің мазмұнында Ер тӨстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп, Шойынқұлақпен жекпе-жекке шығып, жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары – Көлтауысар, Таусоғар т.б. жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырды. Сонымен қатар Темір хан елінде өз мергендігін көрсетеді. Айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Бұдан басқа біздің түсінетініміз, ертегіде Төстіктің асқан   ерлігімен қатар бауырмалдығы, достыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиыншылықтарға төзімділігі әсірелеп беріледі. Және де қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге ұл-қыздарын жастайынан үйреткендерін байқауға болады. «Өнер мұратқа жеткізеді» демекші, ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат –мұратына жетеді. Осы мақсат-мұратқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленіуне ықпал етіп, қызығушылығын тудырады.

Ертегілерде батырлардың түр тұлғасын «жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқанды алып ұрар» т.б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты өзгерістерінен байқауға болады. Өте ертедегі архаикалық ертегілерде көбіне «батырла» мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы, «Құламерген», «Аламан мен Жолама», «Ағайынды екі жігіт», «Ер Төстік», «Шора батыр», «Керқұла атты Кендебай» т.б. ертегілерде басты кейіпкер – батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды, осы жолда ол жын перілермен күресіп жүреді. Әдетте мұндай ертегілер бтырдың дүниеге келуімен басталады. Мысалы: «Ер Төстік» ертегісінде : «Ол өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жас өспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұра беретін бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді» – дейді. Бұл жерде кейіпкердің тұлғасын елін, жерін қорғайтын, ерлік жасайтын батыр кейіпінде көрінеді. Шыныда да, кейін Ер Төстік  Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Осындай кедергілермен күресе отырып, мұрат-мақсатына жетеді. Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екендігі соншалық, олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екенін байқаймыз.

Ал «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: «Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты, сондай күшті болыпты, алысқанда алып ұра беріпті, күрескенді жыға беріпті, күрескенді жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді, мыстан кемпірді өлтіреді, алтын құйрықты, күміс жалды сегіз құлынды алып келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды босатып шығарады».

Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес, елді, халықты жаулаған дұшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес кек алу жатыр. Ертегінің негізгі құрылымдарында туған-туысқандарға көмек беру үшін, шынайы ғашықтық, батырдың айнымас серігі тұлпардың бейнелеуі байқалады. Мысалы, «Әлдібек батыр», «Делдаш батыр», «Ер Тарғын», «Көрұғлы», «Нарық батыр», Ер Көкше және Орақ», «Қамбар батыр», «Алты жасар Алпамыс» т.б. ертегілерде көбіне ерлік көрсету, қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ, мысалы Әлібек батыр «туғанында алты қарыс селбесімен туылады, ай сайын емес, күн сайын өседі», – деп айтылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «селбе» сөзіне «ұшы үшкір, үлкен өткір пышақ» деп түсінік берілген.

Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн. Себебі халықтың арман – тілегі бойынша осындай батырлар елді, Отанды қорғайтынын ұғынуға болады. Сондай-ақ «Қазанбай баиыр» ертегісінде біз оның бейнесінен байқайтынымыз: «Өзінде алпыс ердің айбаты, алпыс ердің қайраты бар, дұшпанына кекшіл, бағынған дұшпанына кешірімшіл», – десе, ал оның жеке басының қасиеттерін былай сипаттайды: «Қазанбайдың ұрыс кезіндегі тағы бір айласы арқанға ілмекпен, қашып бара жатқан жаудың мойнына дәл лақтырып дәл түсіру және қанша жау болса да сескенбестен қарсы бару. Ол көп, аз демейді. Өзіне жұмсалған жаудың қаруын бойына дарытпай, екі жігіт әзер көтеріп жүретін найзасын кәдімгі қамшыдай үйіре сілтеп, көзіне көрінгенді шаншып, түйреп тастап отырады. Және бір ерекшелігі жауға оңтайлы күні ғана аттанады. Шабуылға ертеңгі Шолпан жұлдызы туған мезгілде шыққанды қалайды» – деп келтіреді.

Бұл жерде Қазанбайдың айла тәсілдерінен мағлұмат бере отырып, оның тегін батыр еместігін көреміз. Себебі ертегі болса да шынайы өмірге жақындығын байқаймыз .

Орыс педагогі А.В.Сухомолинский: «Ертегі – халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі» – деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақ та, онда халықтың отансүйгіштік, елін, жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын ойлаған арман тілектеріне негізделген патриоттық сезімі жатыр.

Халықтық педагогиканың саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?

Мақал-мтелдер

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге бөлекше қонымды, ұтымды келеді.

«Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!»

Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!»

  • десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай

мансұқ етіп, бекер дейміз?

Қайта ұлтжандылығымыз оянып, төңірегімізге ой көзімізді тастап еркімізден тыс толқып  тұрғанымызды сезер едік. Осы мақалды өз тілінде оқыған қай жұрт  та жақтырмай, біздей тебіреніп тәлімді әсерге бөленері ақиқат.

«Ер – бір өледі, ез мың өледі»

Отаныңды, халқыңды қорғау, ұлттық немысыңды таптатпау – міндетің, азаматтық парызың, қас қағымдық үрейге беріліп «мың өлме» демей ме? Енді бірде сол асыл, қасиетті рухани мұрамыз:

«Алтау ала болса – ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса  төбедегіні алады.»

  • деп халқымыздың бірлікке, татулыққы шақырады.

Мақал – мәтелдің түпкі мағынасы адамдарды отаншылдыққа тәрбиелеуге көп әсер етеді. Әсіресе мектепте бастауыс сынып оқушыларына көптеп қолдану, әр бір сабақта Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттылығын арттыру үшін мақал-мәтелдерді жаттақызып, айтқызып жарыстыру керек. Мысалы:

Туған жерге туың тік.

 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

Өз елім – өлең төсегім.

 

Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.

 

Отан – оттан да ыстық .

            Елжандылық тәрбиелеудің міндеті және оның негіздері

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің патриоттық сезімді қалыптастыруда атқарар міндеті зор деп білеміз. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.

«Жолдасыды тап» оын әдісін тактикалық дайындық бөлімінде практикалық сабақты өткен кезде қолданылса, ал теориялық білім негізінде сабақ өткенде екі бөлек 60 карточка дайындалады, бір карточкаға кез келген дайындық түріндегі сабақ тақырыбының сөз сыңары жазылса, басқа карточкаға екінші сыңары жазылады. Жасырушы екі оқушыға он карточка беріледі. Кімде кім өзіне тапсырылған әр түрлі карточкалар ішіндегі жеке дайындықты іріктеп, тиісті сөздерді дұрыстап жалғастырып, тез оқыса, сол оқушы жолдасын тауып, жеңіске жетеді.

Дискі деп аталатын көрнекі құрал жасалынды, бұл үшін радиустары 8 см және 16 см екі диск (фанер) алынады да бір біріне беттестіріле центрінен тұратындай етіп бекітіледі. Екі дискі де 7 бөлікке бөлініп сызылады. Үлкен дискінің бетіне өсиет, батырлық, ерлік туралы нақыл сөздер жазылса, кіші дискінің бетне керісінше опасыз, қорқақ, жалқау, сатқын деген сөздер жазылады. Дискіні айналдыру арқылы шыққан сөздер сабаққа қызығушылықты тудыратын пікірталастың тақырыбына, тәрбие сабақтарының ьақырыбына айналады.

«Жедел почта» ойыны оқушыларды ұжымдылыққа тәрбиелейді. Ойын шарты бойынша хат тасушы сыныптағы бірнеше оқушыға хат әкеледі, хатты иесіне табыс еткенде ол өлең оқып болмаса ән айтып, би билеуі тиіс. Хат ішіндегі тапсырмаларды сынып оқушылары бірігіп шешуге кіріседі, бұл бірауызды болуға тәрбиелейді, жаңа материалды меңгеруге қосымша сұрақтардың туындауына жол ашады.

«Телеграмма» – хат тасушы сыныпқа телеграмма әкеледі, онда «Отан қорауға сіщдер тез дайындалып, келе жатқан қарсыластарға оң бүйірден соққы беріңіздер» немесе «террористер шабуыл жасады, шұғыл оперативтңк топ құрып оны ауыздықтаңыздар» деген хабар келеді, осындай жағдайда не істеу керек екені таныстырылып, сынып пікірі тыңдалады.

Бұл ойынның шарты – барлық сандарды атау арқылы ерекше даталы күндерді еске түсіру. Арнаулы даталар – патриотизм тақырыбына, халықтар достығына, тәуелсіздік күніне байланысты әңгімелердің арқауы.

«Айқастар картасы» – бұл пәнаралық байланыста оқыту және әскери жазылған қосымша әдебиеттерді оқу арқылы ой бөлісу, цитаталар келтіру, талдау, түсіну әдісі.

           Патриоттық тәрбиенің маңызы

Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патиротизм ұғымы XV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д`Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегіде сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарда қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.

Патриотизмнің әдіснамалық негізін айқындауда психологиялық, философиялық, педагогикалық тұрғыда зерттеу барысында әр кезеңде туындаған патриотизм ұғымына талдаулар жүргізідік.

 

Алыс және жақын шет елдердегі патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясы

Анықтамалар Алынған әдебиет көзі
«Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл аймақ, ел-жұртымды, руластарымды одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін»- деген екен. Ш.Уалиханов

Таңдамалы шығармалар жинағы

Патриот – Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, отансүйгіш, отаншыл азамат. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка. – М.1956 Т 3 – с-24
Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм – адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Философиялық сөздік. Алматы – 1996 335 б.

 

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік.

«Патриотизм – дегеніміз (грек. рatriotеs – отандас,  patrio- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрыпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», – деп атап көрсетеді.

Педагогикалық энциклопедия

Қазақ совет энциклопедиясы

«Патриотизм» – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адамның, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді. Б.Момышұлы

Қанмен жазылған кітап

Патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік пролетарлық интернационализммен берік байланысқан Педагогикалық сөздік АПН ССРО. Т. 11 – М. 1960 – С. 86
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында қ\көрініс беретін, балаларының Отан анаға деген көз қарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип. Бабанский Ю.К.

Педагогика М. Просвещение 1983

Социалистік патриотизмге социалистік Отанына, оның мәдениетіне, дәстүріне деген шексіз сүйіспеншілік, социализм жеңістеріне деген мақтаныш өз мемлекетінің экономикалық және әлеуметтік белсенділік, Отанан, оның бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тән. Лихачев Б.Т.

Педагогика. Курс лекций. – М: Прометей Юрайт, 1998. – 464с.

Патриотизм  – тұлғаның бойындағы Отан үшін қызмет етуге дайын шын берілген, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм – өз Отанына және отандастарына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернационализм басқа халықтар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты. Сластенин В.А., Каширин В.П.

Психология и педагогика. – М.: АСАДАМА 2003. – с 278.

Патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол – әлеуметтік, таризи қалыптасқан, отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді. Құсайынов Д.С.

Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу: Пед.ғылым.кнд.дисс. Алматы, 1999 135б.

 

Жоғарыда берілген анықтамаларды сараласақ, әр кезеңде патриотизм ұғымы Отанға деген сүйіспеншілік тұрғысынан қарастырылады. Бүгінгі жаһандандыру процесі тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсау.

2-кесте

Ш.Уәлихановтың патриотизм ұғымына берген тұжырымына сәйес патриотизмнің моделі

 

 

 

 

 

Қазақстан халқының бойындағы патриотизм рухын жетілдіруде ел президентінің «ұлттың болашағына, оның өзіндік «МЕН» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау, – дей келе, ұлттық әрекеттің аясын үш түрлі факиор тұрғысынан, бірінші  – ұлттық бірігу (интернация), екінші – қазақтың ұлттық тұтастануы, үшінші – ұлттың жасақталу үрдісінде өзінің ролі мен қызметін айқын сезінулері қажет», – деген сөзі қазақстандағы негізгі идеология – ұлттық бірлік, экономикалық, әскери, ақпараттық дербестікті сақтауда негізгі орын алары сөзсіз.

Б.Момышұлының патриотизмге берген тұжырымы бойынша модель

 

 

         

           Оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу бағыттары

Патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынандай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне  сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбиелеу – оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алуы керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әр бір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Сана мен сезім қарауға болмайтын бір тұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиялық тегі әр түрлі. Сана-өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі, ол адамның белсенділігі, өзін-өзі бақылауы, мотивтік – құндылықтар сипатымен тығыз байланысты.

Сезімге анықтама бере отырып Қ. Жаоықбаев «борыш», «ар-намыс», «қайсар», «табанды», «өжет» секілді жауапкершіліктерді жоғары сезісдер қатарына қосады. Жоғары сезімдер орта және тәрбиенің ықпалымен даму нәтижесінде қалыптасады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы болып, бұл процесте ол өзі де жаңғырады және ортаның да өзгеруіне ықпал етеді.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу бағыттары осыған орай мемлекет ұстанып отырған басты идеяны, одан келіп шығатын мақсатты, оның мазмұны, формалары мен әдістері, құралдарын біртұтас жүйеге келтіруге негіз бола алады.

Одақ кезіндегі мектеп оқушыларын патриотизмге  тәрбиелеу іс-тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары, мазмұнын анықтаған, бірақ оның бағыттарын айқандауға мән бермеген. Біздің пікіріміз бойынша патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:

  1. Оқушыларда патриоттық сана қалыптастыру;
  2. Мектеп оқушыларыны патриоттық сезімдеріне түрткі беріп ояту;
  3. Өсіп келе жатқан жас буындардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны өмір салтына ендіру арқылы әдет, дағдыға айналдыру;
  4. Әр бір оқушының өз іс-әрекетін санаға салып талдауы арқылы өзін-өзі тәрбиелеуіне шарт түзу;

Зерттелінген 1970-2000 жылдар арасындағы мектеп практикасында оқушылардың санасын, іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері бар болғанымен олар осы бағытт көздемеген, былайша айтқанда, патриоттық сана қалыптастырудың теориялық негізі қарастырылмаған. Осы кездегі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған жұмыс түрлері өте көп. Алайда, оның не оқушы саналығынан, не патриоттық сезімнің күштілігінен келіп шыққандығы дәлелденбеген. Осыдан барып кеңес дәуіріндегі патриотизмге тәрбиелеудің оқушылардың рухани жан дүниесінің құрамдас бөлігіне айналмағаны туралы ой туады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі ол кезде мүлде ескерілмей қалған. Оқушылардың патриоттық іс-әрекетін ұйымджастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көзде тұту деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының апалы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз. Басқаша айтқанда жаппай, жалпы патриотизмге тәрбиелеуді көздеген жөн деген ойдамыз. Бұл психология мен педагогика ғылымдарының тұлға теориясына негізделуі тиіс.

Тұлға педагогиканың теориясында тұрақты қоғамдық сипатқа ие, саналы іс – әрекет пен қарым-қатынастардың субъекті және объекті ретінде қарастырылса, психологияда ол зат, дүние, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас барысында пайда болған қоғамдық сапалар жүйесімен сипатталады. Философияда тұлға әлеуметтік, табиғи орта заңдылықтары және өзінің саналы іс-әрекетінің жемісі. Осы келтірілген анықтамалардың барлығында тұлғаның санасы, іс-әрекеті, сезімі көмексі не көрнеу жалпы жан-дүниесінің қалыптасуына әр түрлі факторлардың ықпалы бар екеніне меңзейді: бұлар біз анықтап отырған негізгі бағыттардың теориялық тұрғыдан дұрыс екендігін дәріптеуге мүмкіндік береді.

Біз қарастырған мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге арналған кейбір іс-шаралар: тәрбие сағаттары, кештер, ертеңгіліктер, оқырман конференциясы, кездесулер т.б. жалпы педагогикалық талаптарға толық сай келе бермейді. Өйткені оларда көбінесе мақсат – міндеттер дұрыс нақтыланбаған, сол себепті нәтижелерінің тиімділігі байқалмайды, қорытындылары сыңаржақты. Бұлай болуының басты себебі олардың негізгі бағыттарының нақтыланбағандығы. Осы кемшіліктерді жоюдың жолын біз мынандай сипатта көріп отырмыз.

  1. Патриотизмге тәрбиелеуге арналған барлық іс-шаралардың мақсаты біз анықтап отырған бағыттар көлемінде анықталуы керек;
  2. Ол мақсаттың тақырыппен тығыз байланысты болуы;
  3. Оның міндеттері қойылған мақсатты жүзеге асыруды амалдарынан құралуы;
  4. Қойылған міндеттерді шешудің тәсілдері, әдістері т.б. нақтылануы;
  5. Олардан келіп шығатын нәтижені алдын – ала болжау;
  6. Қорытындылау.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – патриоттық сана қалыптастыру болса ол ар, намыс, ождан, қарыз, парыз секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылау, олар туралы білімдерін жетілдіру жіне олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету, және Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсету.

Патриоттық сезім келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, сүйсіну, күйіну, мақтаныш секілді т.б. эмоция спектрлеріне түрткі беру, ояту, қозғау салу, дамыту, қалыптастыру мақсатын көздейді. Патриоттық сезім жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдік сезімдерге» қатысты болып, сананың жетілуімен тығыз байланысты. Қоғамдық тәрбенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез құлқын, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, өзінің жеке басы үшін адал қызмет етуінен басталады. Мектеп оқушыларына қатысты бұл жақсы оқуға ынталы болу; денсаулығын сақтау, жеке іс-әрекетінде өзінің қазақ ұлтының өкілі, Қазақстан Республикасының азаматы екенін әрқашан ескеріп отыруы.

Патриоттық іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті оқу-тәрбие барысында әр бір оқушының көздеген  нысаны мұратымен тығыз байланысты болып, тәрбиелік жұмыстарда осыған орай әдет, дағды, икемділік, іскерліктерін дамыту, меңгерту, қалыптастыру және бойына сіңіру мақсаты белгіленеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу – саналы түрде белгілі бір бағытты ұстанған өзіндік іс-әрекет болып, ол көбінесе оқушының өз бойындағы теріс мінез – құлық іс-әрекеттерді жойып болмаса өзіндік жақсы қасиет, сана, қабілеттерін жетілдіруді көздеуі.

Патриоттық сана, патриоттық сезімнің көрсеткіші – оқушының іс-әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет – оның дамуы, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында оқушы қоршаған ортаның құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттері дамуына ықпал етеді. Мектеп оқушыларының басты іс-әрекеті білім алу, танымдық мүмкіндіктерін арттыру, қабілеттерін дамыту. Бұлармен бірге қоғамдық іс-шараларға белсенді қатынасуы, өзіне қызмет етуі, үй шаруасына көмектесу секілді іс-әрекеттердің барлығы оқушылардың басты міндеті. Осыларға патриоттық сипат беру, басқаша айтқанда оқушының жеке баснының мүддесін ұлттық, отан, мемлекет, халық мүддесімен ұштастырып отыру. Бұл ретте Кенжалин мысалға келтірңлген немістердің 11 қағидасының үлгісін жасап, негізге алу бүгінгі күні патриотизмге өзекті мәселесін шешуге көмектесер еді.

Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу ең алдымен ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылды. Мұнда оқушының өз тұлғасын қалыптастырудың субъектісіне айналуына шарт түзу қажет. Оқушыны өзін-өзі тәрбиелеу деңгейіне жеткізу дегеніміз – оның ішкі қажеттерінен туындаған ой-сана, мінез – құлық, іс-әрекетінң сыртқы жағдайларға сәйкестенуі. Бұл оның өзіне қойылған талаптарға іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жағымды жауап беруі. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруға жетекшілік етуде ұстаздар мынандай басшылық жұмыстарын ұйымдастырады: а( өзін-өзі танып білуі; ә) өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы не жоспарын түзу; б) өзін-өзі иландыру, өзіне бұйрық беруі т.б.; г) өз іс-әрекетін бақылау және бағалау. Бұл ретте ұстаз оқушыларға қандай патриоттық іс-әрекетке өзін-өзі тәрбиелеуі крек екендігін айқындап, бағыт беріп отырады. Біз орай мектептегі тәрбие процесінде көп қолданыла бермейтін, бірақ оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің бағыттарын ұстана отырып жүзеге асыратын, өз практикамызда тексеріп көрген іс-шаралар жүйесін жасау керек деген пікірдеміз

 Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту технологиясын қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Патриотизм – өз Отанына деген сүйіспеншілік – адамның бойындағы өте терең де күшті сезім.

«Патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адамның, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.

Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс – әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мктептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді.

Егер адам мұнда Отан тағдырымен байланысты және Отанға деген өзінің қатынасын адамның анықтап алуын талап ететін елеулі оқиғалар болмас, күнделікті өмірде адам бұл сезімнің елеулі де терең екендігін өте жиі сезбейді, бұл мәселе жөнінде ойланып жатпайды.

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Бұл сезім Отан үстіне қауіп – қатер төнгенде немесе одан алыс жерде жүргенде барлығынан гөрі қаттырақ сезіледі.

Жаңа құрылыстарға баратын, біздің Отанымыздың өміріндегі әйгілі даталар мен оқиғалардың құрметіне, құрметті вахтаға тұратын, еліміздің байлығын арттырып, даңқын асыра алатын жаңа істерді қолға алған біздің адамдарымыздың қаһармандық еңбек істерінің негізінде патриоттық өрлеу жатыр.

Оқушылардың бойына осы  ұлттық мақтанышты тәрбиелеуге ұмтыла отырып, тәрбиешілер біздің халқымыз заңды түрде мақтан ететіндердің бәріне , – біздің саяси және әлеуметтік құрылысымыздың артықшылығына, дүние жүзілік ғылым, техника және мәдениет қазынасына біздің ғалымдарымыздың, инженерлеріміз бен әдебиет және өнер қайраткерлерінің қосып отырған үлесіне т.б. біздің оқушыларымыздың назарын көбірек аударуға тырысады.

Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі- бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бамтауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әр бір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс, эвристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы: Қазақстан 1993 – 33б.
  2. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы Алматы: Мектеп 1984.- 255 б.
  3. Құнантаева Қ.Қ. Оқушылардың оқудан тыс бірліктері. Алматы: Мектеп 1970. – 56б.
  4. Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы //Бастауыш мектеп, 1986 №9 16-128б.
  5. Байтелиев А. Патриоттық тәрбие беру. //Қазақстан мектебі 1982. №3 27-29б.
  6. Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. //Бастауыш мектеп, 1992 №2
  7. Ғабдуллина А. Ұлттық тәрбиеге ұмтылыс //Қазақстан мектебі, 1991 №4 40б.
  8. Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. //Бастауыш мектеп 1994, №1 – 12б.
  9. Н.Назарбаев «қазақстан – 2030»
  10. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлттық мұраты». Алматы 1996
  11. Қазақстан Республикасының мәдени –этникалық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы 1996
  12. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. Ана тілі. Алматы, 1996
  13. Қалмырзаев А. Біз – қазақ, ежелден еркіндік аңсаған. Алматы, Ғылым, 1998
  14. Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның идеологиялық бірлігінде. Алматы Қазақстан 1993
  15. Құсайынов Д.С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде мектеп оқушыларын тәрбиелеу. Пед.ғ.к. дисс…авт.реф Алматы 1999
  16. Амонашвили Ш.А., Воспитательная образовательная оценка учения школьников. М. 1984г.
  17. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы 1992ж
  18. Виноградов М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитания школьников. Из опыта работы Москва 1977г.
  19. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. Алматы Рауан. 1994
  20. Бахтиярова Г.Р. Халық тағлымы – тәрбие қайнары. Алматы Ғылым. 2002
  21. Жашиев Р. Білім берудің ұлттық моделін ұсынамыз. Білім 2006 №10 26-30б.
  22. Айталы А. Асықпағанның асығы алшысынан түсед. Алматы. Қазақстан – 2003-56б
  23. Лихачев Б.Т. Методологические основы педагогики. Самара. 1998
  24. Спиркин А.Г., Юдин Э.Г., Ярошевский М.Г. Философский энциклопедический словарь. М. 1983 364 б.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *