Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Lost Password

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

logo

Header Banner

Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ

  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ

  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін

  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін

  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін

  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін

  • Мен саған есірткі туралы айтып беремінмее

  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Өзін-өзі тану
Home›Өзін-өзі тану›“Қазақстандық жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі”

“Қазақстандық жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі”

By
14 января, 2021
241
0

Тұрарбекова Наурызай

Педагог-ол барша адамзат баласын білім нәрімен сусындататын,ізгілікке бастар жолды көрсетуші жан.Йә,барша адам осы бір педагог,яғни ұстаз деген ұғымды жоғары санайды.Не үшін?Бұны білмейтін адам жоқ шығар.Мектеп кезімізден-ақ білеміз ең алғаш мектеп табалдырығын аттамас бұрын,аға-әпкелерімізге қарап мектеп жайлы сұрап,солар сияқты сабаққа дайындалғымыз келіп,мұғалімдер қалай барлығын біледі,ұстаз деген ғажап адам ғой деген оймен таң қала қарап,ойға салатын едік.Сол бір қиялдың,қызығушылықтың жетегінде жүріп ұстаздың әділ,мейірімді,барша балаға жылулық бере алытындығын ойлайтынбыз.Содан ең алғаш мектепке барлық балаларды сыныпқа бөліп,алғашқы ұстаздарымен танысатын сәттер болатын.Осы сәттердің өзі ерекше қуанышқа шаттықа бөлейді.Педагог алғаш әріптерді үйретіп,жазу жаза білуді үйретіп және де жақсы мен жаманды ажырата білуге,өмірлік қиындықтарды жеңіп,алға қарай қадам жасауымызға бірден бір ықпал етуші тұлға.Шыдамды жан қаншама білім алушының алдында бір өзі ғана білім береді,ал ондай қабілет кез келген адамның қолынан келе бермесі анық.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Себебі, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы –құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы .Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет.

Қ.М.Нұрғалиевтың(1925-1988ж.ж) өмірбаяны және ұстаздық
көз-қарасы.
Шығыс.Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. «Шыңғысхан» мектебінің 6-сыныбын бітіріп,еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944ж жараланып екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталында екі жыл емделіп, көптеген операциядан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында 8-ші,9-шы, 10-шы сыныптар аралығында емтихан тапсырып, орта білім туралы аттестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады.
Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс- тілі нәнінен сабақ беруден бастайды.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 5 мақтау қағазымен марапатталды.
КСРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005жылдың қазан айында Құрмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерей тойы атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғұмырын арнап, педагогикалық қызметін жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхаммед Қонаев былай деген: «Бұл ғажап адамның өз өмірі – ерлік,шәкірттерді биік рухқа,адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып танылады.» Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер «Алтын белгіге» ие болды. Мектеп ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар- техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған Құрмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ «Халық мұғалімі Құрмаш Нұрғалиев Педагогикалық әулет» атты кітаптан оқуға болады.
ІІ. Қ.М.Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі. Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету,
жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.
Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттері ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті,адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диофильмдер,диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитафон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да,режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр,мединицалық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған.Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 6 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стеділер , мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған.Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп,құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндірісінде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: «Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстазбен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » – деп оқу-тәрбиесін, ізгілендіру идеясын қолдады.

Қорыта айтқанда барша адамзат баласында мейірімділік болуы керек.Егерде білім алу мен білімді беру барысынды,ұстаздар шәкірттеріне сенімсіздікпен қараса,шәкірттер ұстаздарды жақсы көрмесе қалай білім алға дамымақ.Барлық істің алға қарай жылжуы ол қарым қатынастағы сенімділіктен бастау алады.Сенім жоқ жерде ешқандай алға қадам басу болмайды.

 

Previous Article

“Қазақстандық жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі”

Next Article

“Мен саған есірткі жайлы айтып беремін”

Ұқсас материалдар Осы автордан

  • Өзін-өзі тану

    Бәрі де махаббаттан басталады!

    7 декабря, 2019
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    Адами қарым-қатынас ізгіліктері (баяндама)

    26 октября, 2017
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    Кешірімді бала-кішіпейіл бала

    25 ноября, 2017
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    Мейірімділік – асыл қасиет

    6 февраля, 2017
    By admin
  • Өзін-өзі тану

    Дос болайық бәріміз!

    12 мая, 2020
    By
  • Өзін-өзі тану

    Радуга настроения

    19 июня, 2018
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

  • Ашық сабақтар

    Күннің мол шығуы

  • Балабақша

    “Менің елім-Қазақстан”

  • Бастауыш сынып

    М. Әуезов “Боран”

 

WhatsApp:
+7 707 817 74 58

Біздің Instagram каналымыз

Кто в сети

Никого нет on-line

Жаңа жаряиланымдар

  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремінмее
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Facebook

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР

  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремінмее
  • Мен саған есірткі туралы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

жалпы мәліметтер

BILIMGER.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     bilimger@bk.ru

Бұл Республикалық білім порталы 2015 жылдан бері ұстаздарға қызмет етіп келе жатыр.
Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика
2021 © BILIMGER.KZ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ