Іздегенде табылатын қасыңнан

Жамбыл облысы Талас ауданы
Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп – интернаты
Тәрбиеші: Қонақбаева Перизат

Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға татулық, достық қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсіндіру
2. Дамытушылық: Оқушылардың достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Сөз байлығын және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, жақсы қасиеттерге баулу. Достыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, таратпалар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық.
Достық – әдеп, сыйласым,
Дос – өмірлік сырласым.
Дос – арынңдай қимасым,
Достық сезім тым тәтті.
II. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу сұрақтары. Шарты: жауапты бір ғана сөйлеммен жеткізу.
1. Дос деген кім?
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
5. Досыңның басына қиындық түссе не істейсің?
– Иә, балалар, достық дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, сыйластығы, жауапкершілігі мен бір-біріне қамқорлығы, рухани жақындықтары. Достық – алдымен екі адамның бір-біріне адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды, ал адалдық рухани тазалық. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да, қиындықта да ниеттес, қамқор болады. Достық – сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та үзе алмайды.
“Екі дос” аңыз әңгімесі оқып беріп, мағынасын түсіндіру
1. Аңыз әңгіменің мәні мен түйінді ойы неде?
2. Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің?
“Ойлан тап” ойыны.
Шарты: Тақтаға ілінген бағандағы сөздерден адал достыққа тән сөздерді табыңдар.
1. Қуаныш, күлкі, сараң, өзара көмек, қатігез, мейірім.
2. Еңбекқор, арамдық, кешірімді, шыншылдық, адалдық, ниеттес.
3. Жауапкершілік, әдептілік, көре алмаушылық, мақтаншақ, өтірікші, қайырымды.
Достық туралы өлең шумақтары.
Дос жүрегі – шарайна,
Сылтауыңа қарай ма,
Бүлдіріп алма қалайда,
Кір шалдырма, жарай ма?!
Шимайланса шарайна,
Дақ түсіріер шырайға.

Дос жүрегі бал бұлақ,
Жанарды тартар жалтырап.
Сырлары жатар сылдырап,
Былғама оны, сен, бірақ.
Кәусарымды қандырар,
Келгеніңде қалжырап.

Дос жүрегі – кең дала,
Шексіз ғой деп ойлама,
Шетсіз ғой деп ойлама,
Ретсіз Өй деп қорлама.
Кең дала болар тар дала,
Досыңа қалсаң бұлдана.
Сергіту сәті.
Ыңғайланып отырыңыз. Көздеріңізді жұмыңыз. Денеңізді босатып, тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы естіледі. Сіз жеңіл демалудасыз. Сіз күш-қуатқа толысыз. Жер-Анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік – барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда. САмал жел сіздің шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш – сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз – әлемдегі ең бақытты жансыз.
Мақал-мәтелдерді табу. Суреттер беріледі.
1. Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.
2. Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.
3. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
-Балалар, тағы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Баладардың жауабы.
Дәптермен жұмыс:
Қоссыз қазақ болса да, доссыз қазақ болмаған.
Екі ердің достығы асулардан асырар, екі елдің достығы ғасырлардан асырар.
Топтастыру.
Дос қандай болу керек? (Адал, жомарт, ақылды, сабырлы, мейірімді, төзімді, кешірімді, қарапайым, адамгершілігі мол, сенімді)
III. Қорытынды.
Қорыта келгенде, достық – адамдардың бір-біріне қалтқысыз сенуі, тілектес болуы. Қай кезде де, қай жаста болса да достықтың адам өмірінде орны ерекше. Достыққа асқан жауапкершілікпен, байсалды қарауымыз керек. Достықтың алғашқы белгілері мектептен басталады. Сондықтан барлық уақытта достығымызға адал да берік болып, оны мәңгі сақтайық!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *