Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ
Күні: | Өткізуші:
|
Өткізілетін орны:
|
Тақырыбы | Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау | |
Мақсаты | Қалыптастырушы және жиынтық бағалау өлшемдерін талдау, талқылау және жинақтау барысында мұғалімдердің біліктіліктерін, оқуды бағалауын және оқытуды бағалауын жетілдіру.Өзін – өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе логикалық қорытынды жасауды жетілдіру. | |
Нәтижесі | Оқушылар өз білімдерін бағалайды, өзін – өзі жетілдіру барысында одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталады. | |
Түйінді идея | Білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігін аңықтау. | |
Көрнекі құралдар-жабдықтар | Үлестірмелі қағаздар, плакаттар, маркер, слайд, топқа бөлуге арналған құралдар, интерактивті тақта, мұғалімге арналған нұсқаулық. | |
Оқыту әдістері | СТО элементтері, оқу мен оқытуды бағалау, жұптық және топтық жұмыс, постер әдісі | |
Оқыту барысы | ||
9.00-9.50 | Басы:
1. Қызығушылықты ояту. (5 мин) А) Психологиялық ахуал. «Шаттық шеңбері» Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестері. Сіздерді бүгінгі коучингте көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі коучингіміздің басында «Шаттық шеңбері» ойынын ойнауды ұсынамын. Сіздерге тақтаның алдына шығуларыңызды өтінемін. Бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстап бүгінгі күнге тілек тілеңіздер. Ә) Салат ойыны Топқа бөлу 2.Ассоцияциялық карта (5 мин) Тақтаға «Бағалау» сөзін жазып топ арасында ортақ шешімге келу. Ортасы: 3. Мағынаны ашу (15 мин) А) Қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастырудың бес қадамы: оқу мақсатты, ойлау деңгейлері, бағалау критерилері, тапсырма,дескриптор. Ә)Жиынтық бағалау Жиынтық бағалау топтамалары: тарау, тоқсан және жыл бойынша. Балдық дескриптор.Ата – аналарға рубрика. Модерация Слайд көрсету 4.Мәтінмен жұмыс. (10 мин) Топтағы жұптарға мәтін бере отырып дескриптор құру және оны топ арасында талқыға салу. Топ арасында бір – бірін бағалау. 5.Қар кесегі ойыны (10 мин) Тапсырма жазылған беттер (дескриптор құру). Соңы: 6. Сезіну Кері байланыс – рефлексия (5 мин) Плакатта тоғай суреті қатысушылар стикерге өздерінің рефлексияларын жазып сосын тоғай суретіне жабыстыра отырып өз сезімін жеткізеді. (түсіну бойынша) |
|
Сабақтан кейінгі рефлексия
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718