Ақпараттық технология: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында

Алдажар Гүлжан Жиениқызы

Нұр-Сұлтан қаласы, «№35 мектеп-лицейі» КММ

директордың орынбасары

 

Ақпараттық технология: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында

 

Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол  ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының  ажырамас бөлігі болып табылады.  Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші  Халықаралық Қазақтан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан оқыту- үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы» оқытуға   арналған бағдарламалық құралдар  жасау ғылыми секциялары жұмыс жасап, білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екіжүзден аса электрондық басылымдар ұсынылды.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне  шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Осы мақсатта атқарылып жатырған жұмыстар және алдағы атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың бағдарламаларында айқын көрсетілген. Қысқаша тоқталып өтейін.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бірі – бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығы).

Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Міндеті: Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау

Нәтиже.

  • Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 – 50%; 2020 – 90%)
  • Интернет желісіне қосылу көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының міндеттерінің бірі – білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру; ғылыми инфрақұрылымды жаңарту және цифрландыру (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы желтоқсандағы №988 Қаулысы).

Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет.

Білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын (сымсыз коммуникациялар, бұлтты технологиялар, микросерверлер, компьютерлер мен перифериялық жабдықтар, жергілікті желі, кеңжолақты интернетке қол жеткізу және т.б.) дамыту жұмысы жалғастырылады. Дүниежүзілік банктің “Орта білім беруді жаңғырту” жобасын іске асыру шеңберінде 5 000-нан астам мектеп 100 000 ноутбукпен және 20 000 принтермен қамтамасыз етіледі. Интернетке қосылмаған не қосылу жылдамдығы төмен 2 500-ден астам мектеп 1200 деректерді өңдеу орталығына ие болады. Нәтижесінде барлық педагогтерді компьютерлермен қамтамасыз ету бойынша “1 мұғалім – 1 компьютер” жобасы іске асырылады.

Мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен, STEM-кабинеттермен жарақтандырылады. Еңбекке оқыту кабинеттері жаңғыртылатын болады.

Оқушылар сарайларында балаларға арналған технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ашылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруде инфрақұрылымды жаңғырту “Жас маман” жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Жоба қорытындысы бойынша әрбір өңірде дамыған материалдық-техникалық базасы, шетелдік әріптестері мен оқытушылары, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар, сондай-ақ “АРЕС Petro Technic” жоғары колледжі қағидаты бойынша бизнес ортамен әріптестігі бар кемінде 5 заманауи колледж жұмыс істейді. Аталған оқу орындары білім берумен қатар құзыреттілік орталығына айналады. 2025 жылға қарай экономика салалары бойынша 180 колледжді жаңғыртуды қамтамасыз ету көзделіп отыр.

“Жас маман” бағдарламасы шеңберінде ОПҚ мен білім алушылардың зерттеу және академиялық қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құру мақсатында 20 жоғары оқу орнының базасында қазіргі заманғы зертханалар, сондай-ақ 10 “Академиялық басымдықтар орталығын” құру көзделеді.

 

Жобаларды іске асыру, орталықтар ашу, т.б. атқарылатын, жоспарланған жұмыстарды көріп отырмыз. Осы жұмыстардың барлығы еліміздің болашағы жастарға бағытталған. Ақпараттық технологиялардың үздіксіз, жылдам дамып келе жатырған заманында ұстаздар қауымы оқушыларға дұрыс бағытты таңдауда қолдау  көрсетсек, ол келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, қазіргі әлемде сұранысқа ие табысты тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *