Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Lost Password

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

logo

Header Banner

Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  • Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге әдістемелік көмек

  • Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге әдістемелік көмек

Баяндамалар
Home›Баяндамалар›Тәлімгер-бала жанының бағбаны

Тәлімгер-бала жанының бағбаны

By
26 ноября, 2020
533
0

Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан.
Кез келген оқушы мұғалімнің білімін, тәлімгердің тәрбиесін алады. Бұл екі тұлға тек білім беріп қана қоймай, оқушыны жан-жақты дамыған азамат етіп қалыптастырады. Қай маман иесі болмаса да мектеп атты ұяның түлеп ұшқан түлектері. Елдің ертеңі болып табылатын жас ұрпақпен жұмыс жасау оңай емес. Кейде өз үйін, отбасын шетке ысырып, күндіз-түні мектепте жүруге тура келетін сәттер болады. Өйткені бала сапалы білім, тәлімді тәрбие алу қажет.
Тәлімгер сынып жетекшімен бірлесе отырып, әр баланың бойындағы ерекше қабілеттерін байқап, сол өзінің сүйіспеншілігіне бөлінетін жұмысын жандандыруға әрекет етеді. Әрине мектепте тек қана тәлімгер емес барлық педагог қызметкерлердің балаға жұмсайтын уақыты осы тақырыптағы проблема болуы шарт. Яғни, «Әр баланың бойында ерекше қасиет бар, бірақ соны жарыққа шығаруға мүмкіндік беру» қағидасы шартты түрде сақталады.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушыларды отансүйгіштік, ұқыптылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбие арқылы білім беру – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс. «Тәрбие –тамыр, білім — бұтақ» деген халқымыздың дана сөзі бар. Тамыр нәрлі қорек алса, бұтақтың да мәуелі жеміс беретіні сөзсіз. Демек, білім беру жүйесінде сөз жоқ, тәрбие беру ісі бірінші кезекке қойылуы тиіс.
Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәлімгердің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына келгенде, тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымызды бағалағанымыз жөн. Өйткені, бұл мамандық біздің жүрек қалауымыз. Менің ойымша тәлімгер мұғалімдерге қарағанда оқушыларға жақын деп ойлаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамыз. Әр оқушының бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесеміз.Сондай-ақ белгілі педагог Я.А.Коменскийдің өзі балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалаған: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».
Тәлімгер – балаға жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», – деп жазылған.
Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре
білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», – дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәлімгер мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәлімгердің басты міндеті. Қазіргі заман тәлімгері – заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.

Previous Article

Елбасы-Ел тірегі

Next Article

Отбасы және балабақша ынтымақтастығы.

Ұқсас материалдар Осы автордан

  • Баяндамалар

    Балабақша- бақыт баспалдағы

    3 февраля, 2019
    By bilimger
  • Баяндамалар

    ТІЛДІК ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

    16 августа, 2020
    By
  • Баяндамалар

    Үш тұғырлы тіл

    11 декабря, 2016
    By admin
  • Баяндамалар

    Балуыз

    17 января, 2020
    By
  • Баяндамалар

    Көшбасшылықты басқару

    18 апреля, 2019
    By admin
  • Баяндамалар

    «Технология сабағында оқушыларды ұлттық қолөнер түріне баулу»

    6 января, 2018
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

  • Ғылыми жоба

    Оқушының ғылыми жұмысы: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейнелік жүйесі»

  • Эссе жинағы

    «Білім саласындағы мұғалімнің рөлі»

  • Ағылшын тілі

    Формативтік бағалау

 

WhatsApp:
+7 707 817 74 58

Біздің Instagram каналымыз

Кто в сети

Никого нет on-line

Жаңа жаряиланымдар

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге әдістемелік көмек
  • Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге әдістемелік көмек

Facebook

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
  • Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге әдістемелік көмек
  • Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге әдістемелік көмек

жалпы мәліметтер

BILIMGER.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     bilimger@bk.ru

Бұл Республикалық білім порталы 2015 жылдан бері ұстаздарға қызмет етіп келе жатыр.
Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика
2021 © BILIMGER.KZ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ