Сөйлеуді дамыту «Менің отбасым»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиеті

Тақырыбы: «Төлдер айтысы».

Мақсаты:Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету. Адамзатқа тигізетін пайдасы туралы олардан алынатын өнімдер жайлы мағлұмат беру.

Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу, қабілеттерін арттыру.

Үй жануарларын қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар, карточкалар.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, тіл дамыту, шығармашылық

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.

Бар адамға құрметпен,Бас иеміз біз.

ІІ. Ұйымдастырылған іс-әрекеті.

  1. Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген. Сондықтан көптеген мақал-мәтелдер, жұмбақ, өлеңдер, тыйым сөздер, аңыз әңгімелер айтып кеткен.

-Төрттүлікмалғанелержатады? Айтақойыңдаршы. (Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі). Олардыңтөлдеріқалайаталады? (бұзау, бота, құлын, қозы, лақ).

Бұлжануарларды не себептіүйжануарларыдепатаған? (себебіоларүймаңындаұстап, адамдаркүтіп-баптайды).

БүгінбіздіңсабағымызғаҚаңбақ шал келіпті. Оныңкімекенінбарлығымызбілеміз, иә. Олсендердіңбүгінгібілімдеріңдісынамақшы, өзіментапсырмалар да алыпкеліпті.

Қараңдаршы, ҚаңбақшалдыңжанындаСиқырлысандығы бар екен. Сандықтыңішінежануарлардықамапқойыпты. Сиқырлысандықтажасырылғанүйжануарларынбосатуүшінолартуралытақпақтарайтуқажет.

  1. «Сиқырлысандық» ойыны.

Құлыншағым құндызымҚұлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызымҚұстай қанат қағады.

Ең зор түлік – түйемінТікенді шөпті сүйемін

Пайдалансаң, сүтім шұбатымДертке дауа жанға қуат .

Мүйізі айдай иілгенМұрнын көкке шүйірген

Ірімшік пенен құрт майыЖегенде тілді үйірген

Ақ бұзауым ұнайдыМө мө деп сүт сұрайды

Ақ бұзауды бағамынАпамнан алғыс аламын

Кіп-кішкене момақанҚошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым депҚошақаным өзің деп

«Құлдыр – құлдыр құлыншақЖібек жолды құлыншақ

Жүйріктігі құйындайҚұлыншақты мін де шап

Айналайын ботамҚандай күлте жотаң

Табандарың жалпақ     Теріп жейсің жантақ

— жақсы балалар, біз барлық жануарларды босаттық. Олай болса, қаңбақ шал сендердің жауаптарыңа риза болып , «Жануарлар әлемі» бейне жазбасын тарту етеді. Тамашалайық

  1. Төлдер жайлы көптеген ертегілер бар, соның ішінде «Төлдер айтысы» ертегісін оқып берейін.

Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» -деп бір-бірінен сұрастырды.

Сонда лақ тұрып:-Мә-ә,мә-ә мені жақсы көреді.Адам біздің сүтімізді ішіп, Түбітімізді киімге пайдаланады,-дейді.

Сонда құлын бір кісінеп алды да:-Лақ ,сен орынсыз мақтанба. Бізденқазы-қарта ,шұжық, қымызалады.Адамыңмінсе көлігі де біз,-дейді.

Бұзаутұрып:-Сендербосқамақтанасыңдар, адамтіршілігінееңқолайлы-сиыр малы. Бізденшелек-шелексүт, қарын-қарын май, ірімшікалады.Иемізгебізденпайдалы мал жок-дейді.

Қошақантұрып:-Сендербосқамақтанасыңдар, иемменіжақсыкөреді.

Адам киетінкиім-кешеккеқажеттіматалар, үйдегітөсенішбіздіңжүнімізденжасалады, бізденпайдалысыжоқ,- дейді.

Бота тұрып:-Бәріңнен де иемізменіжақсыкөреді. Бізденалатыншұбаттыңемдікқасиетінайтсаңшы. Оғанешнәрсежетпейді,-дейді.

Осы кездеадам:-Төлдерім, сендербосқаталаспандар, Әрқайсыңныңөзорындарың бар, адамүшінбәрің де керексіңдер!-дейді.

Ертегіжайлысұрақ-жауап. Ертегі не туралыекен? Адамғақайжануаркөбіреккерек? Ертегіде қандай төлдердің аттары аталды?

3.Сегіту сәті. 4. «Ой қозғау» Жануарларды дыбысынан тану (бейне жазба)

  1. Ертегіні сахналау.Олай болса, ертегіні қойып көрейік, кәне! Кім лақ ,қозы, құлын, бота, бұзау болғысы келеді, кім жақсы  түсінді екен? ( ертегі желісімен қойылым көрсету.)
  2. 6. Ойлан тап» жасырылған жұмбақтың шешуін табу

7.Дидактикалық ойын. «Не артық?» Үй жануарларының арасындағы артық заттарды жануарларды алып тастау

Қорытынды.Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болды? -Балалар,үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар? Оларды күтіп баптау үшін біз не істейміз? Оларға уақтылы жем-шөбін беріп, қорасын тазалап отыру қажет.Үй жануарларының төлдері бар. Олар: Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.

  1. Марапаттау. (Смайликтер)

Күтілетін нәтиже.Төрт түлік мал туралы түсінік қалыптасады. Төрт түліктің төлдерінің атын атай біледі және олар туралы мағұлмат алады. Төрт түлік туралы тақпақ және жұмбақтар шеше біледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *