Біздің қуыршақ

№ 5-6 Ұйымдастырылған  оқу қызметінің  жоспары

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Біздің қуыршақ

Мақсаты: Қуыршақ ойыншығы арқылы балалардың қызығушылығын арттыру. Сабырлы сипаттағы аспапта орындалған пъесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен сипатына үн қату,оның бөліктерінің өзгеруін байқай білуге, ересектермен бірге ән салуға үйрету. Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға , әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: ырғақты сезіне би қимылдарын қайталайды;

түсінеді: әндердің сипатын, мазмұнын және көңіл күйін түсінеді;

қолданады: ересектермен қосыла ән орындайды.

Көрнекіліктер: қуыршақтар, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: ойыншық, қуыршақ

Билингвальді компонент: қуыршақ – кукла

 

ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

«Балдырғандар маршы» ойналып, балалар педагогтың көрсетуімен әуенді қимыл қозғалыстарды бірге қайталайды.

Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп, аяқты нық басып жүруге, серіппелі қозғалыс жасау, айналу т.б. қарапайым  би қимылдарын қайталауды ұсынады.

  1. Негізгі кезең

Балалардың назарын үстел үстіндегі қуыршаққа аударады.

Жуын, жуын, жуынсақ,

Қандай жақсы, қуыршақ!

Әйтпегенде, бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің.

Қазір аппақ баласың,

Қуанады анашың. (М.Жаманбалинов)

Музыка тыңдау. «Кәр қуыршақ» (И.Нүсіпбаев, Ж.Қашқынов)

Әннің мазмұнын, сипатын түсіндіру. Балалармен тазалық туралы әңгіме өткізу.

Ән айту: «Көңілді қуыршақтар» (Г.Жотаева)

Әнді орындап беріп, әуенін ересектермен бірге қосыла айтуға үйрету.

«Доп» (Б.Қыдырбек, А.Асылбек) әнін еске түсіру, қайталау.

Музыкалық – ырғақтық қозғалыстар: «Көңілді қуыршақтар биі»

(«Билеп үйренейік» жинағынан).

Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын орындауға үйрену. Әуеннің көңілді сипатына сай ширақ қимылдауын, мәнерлі билеуін қадағалау.

«Кел, балақан» (К.Қуатбаев, А.Асылбек)

Ән – ойынды еске түсіру, пысықтау.

  1. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог оқу қызметіне белсене араласқан балаларға мақтау айтады,мадақтайды.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *