Қашықтықтан оқыту – озық технология және заман талабы

 

Қашықтықтан оқыту – озық технология және заман талабы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті төрткүл дүниені дүрліктірген індеттің таралу қауіпінің жоғарылауына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуіне сәйкес, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап, індеттің таралуын болдырмау мақсатында еліміздегі басқа оқу орындарымен қатар қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Оқу жылының ортасында мұндай күтпеген өзгерістердің орын алуы қай оқу орнына болмасын үлкен сынақ екені белгілі. Білім алушылар саны ең көп оқу орны болғанына қарамастан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл сынақтан сүрінбей өтіп келе жатыр деп ауыз толтырып, мақтанышпен айта аламыз.
Білім беру саласында орын алған осындай өзгерістер университетіміздің негізгі мақсаты болып табылатын сапалы білім беруді ұйымдастыруға кері әсерін тигізе қоймады.
Оның басты себебі, қазақтың ғылымы мен білімінің қара шаңырағына айналған оқу орнында бұған дейін де қашықтан оқыту жүйесінің қолданылып келгендігі еді. Оның жарқын мысалдары ретінде академиялық мобильділік, қосдипломды білім беру бағдарламаларының аясында алыс-жақын шетел университеттерінде білім алып жатқан студенттерді оқыту барысында қолданылатын дәл осы қашықтан оқыту үлгісін айта аламыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқу процесі қашан да замануи талаптарға сай жүзеге асырылады. Университетіміз «Универ» (univer.kaznu.kz) және «MOODLE» (dl.kaznu.kz) секілді екі ақпараттық-білім беру жүйесіндегі қашықтықтан білім беру технологияларын енгізді. Оқыту барысында ZOOM, Teams, DL және басқа да қосалқы цифрлық сервистер кеңінен қолданылады.
Осындай дамыған және қолжетімді техникалық мүмкіндіктердің нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
студенттері барлық пәндердің дәріс және лабораториялық сабақтарын жоғары деңгейде меңгеріп, сабақ мазмұнын толық түсініп, қажетті білімдерін алып отыр.
Осы жайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов мырза: «төл университетіміздің дамыған IT-инфрақұрылымы бүгінде 16 факультеттің барлық студенттерін қашықтықтан оқытуды қамтуға мүмкіндік беріп отыр»,- деп атап өткен болатын
Оқыту процесінен бөлек ғылыми, мәдени іс-шаралар да жоспар бойынша онлайн форматта өтілуде. Қазіргі таңда студенттік үйірмелер мен ғылыми ұйымдардың жұмыстары да онлайн форматқа ауысқан. Университет Ғылыми кеңесінің жиналысы, факультет және кафедра мәжілістері, кураторлық сағаттардың барлығы дерлік видеоконференция форматында ұйымдастырылуда.
Осы орайда мен де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, этнология және археология факультетінің магистранты ретінде өз атымнан: «Қашықтықтан оқыту форматына ауысуға байланысты ешқандай қиындықтарды бастан кешіріп отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұрынғы кесте бойынша, тек қашықтықтан оқудамыз және жүйе бізге ыңғайлы етіп ұйымдастырылған», — деп қосып өткім келеді.

Қаражан Қ.С., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Нұрахимова Ж.Ф., Тарих, археология және этнология факультетінің
7М02210 – мамандығының 2 курс магистранты

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *