Ата-баба мұрасын құрметтейміз.Е.Өтетілеуұлы “Біз-қазақ баласы”
Мектеп: Сырдария ауданы №147 орта мектебі | |||||
Сабақтың тақырыбы: Ата-баба мұрасын құрметтейміз.Е.Өтетілеуұлы «Біз-қазақ баласы» өлеңі | |||||
Күні:29.11.2019 | Мұғалімнің есімі: Косжанова Самал Жантилеуовна | ||||
Сыныбы: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну | ||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Түрлі шығармашылық жұмыстар орындайды Тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстарын орындап, сызба, сурет арқылы көрсетеді.
Оқушылардың басым бөлігі: шығармашылық жұмысын диафильм түрінде ұсына алады. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз ұсынысын білдіріп, дәлелдермен негіздейді |
||||
Бағалау критерийлері:
|
Түрлі шығармашылық жұмыстар орындау барысында сызба,диафильм,сурет,таныстырылым дайындайды. | ||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар жұмыс барысында өзгелердің ойын тыңдайды,талдайды,айтады.Мирас,айтыс,білген ат бағасын сөздерінің мағынасын түсінеді. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Өз еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;топпен жұмыс жасауға,бірін-бірі тыңдауға,пікірлерін тыңдатуға үйрету | ||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану,кино өнері | ||||
АКТқолдану дағдылары | Видеотаныстырылым,слайдтар,мультфильм | ||||
Алдыңғыоқу/
Бастапқы білім |
Қазақ халқының дәстүрлері, қолөнері, ән-күйі, саз аспаптары жайлы біледі. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекет | Ресурстар | |||
Басталуы | Сәлемдесу
Психологиялық ахуал -Балалар,қазір көңіл-күйіміз өте жақсы!!! Ендеше осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Топқа біріктіру –Балалар, бүгін мен «Зергерлер», «Өнерпаздар», «Шежірешілер» топтарында жұмыс жасасақ па деймін. Топ атаулары сендерге таныс па? Осы топтардың қайсысында жұмыс жасағың келеді, қалауымызбен сол топқа отырайық.
Ширату. «Сақ» киностудиясы түсірген «Бренд. Қазақтың мақтанышы» мультфильмінен үзінді.
-Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар,қазақтың мақтанышы ,нағыз бренді,мұрасы не екен? Қанекей, ойымызды ортаға салайықшы. -Жарайсыңдар,дәл таптыңдар! Біздің пікіріміз дұрыс па екен? Қане қандай төрелік айтылды екен.(Мультфильм соңын тамашалау) -Бәйтерек дұрыс айтады . Қазақ өзінің қымызымен,домбырасымен,құртымен,асығымен мақтанады.Мұның барлығымен қай бөлімде таныстық? -Мәдени мұра бөлімінде. 3.Оқу мақсатын таныстыру –Ендеше бүгінгі сабағымызда «Мәдени мұра» бөлімі бойынша ата-бабадан қалған мәдени мұраларымыз жайлы ой түйіндеп,түрлі шығармашылық жұмыстар орындаймыз.
|
Мультфильм интерактивті тақта |
|||
Ортасы
Сергіту сәті |
-Балалар, осындай мұраларымыз туралы «Біз-қазақ баласы» өлеңінде жазылған екен. (өлең оқылады)
Ұжымдық жұмыс. «Жаңа сөздер сандығы» Өлеңді оқығаннан кейін, мына сөзерге назар аударайық:
Мирас-атадан әкеге , әкеден балаға қалатын мұра. Білген ат бағасын-бұл жерде жылқы малын жақсы көрген мағынада.
Топтық жұмыс «Ойлан,бірік,бөліс!» әдісі .Өлең мәтінімен жұмыс
І топ: Оқулықтағы «Біз-қазақ баласы» өлеңін оқып,«Қазақ баласы қандай?» ассоциация әдісімен тірек-сызбасын құрастыру.
Дескрипторы: 1.Өлеңдегі негізгі ойды анықтады 2.Өз ұлтының қандай мұрасын мақтан ету керек екенін тапты.
ІІ топ: «Біз – қазақ баласы» өлеңінің мазмұнымен танысып, мазмұндау жоспарына сәйкес диафильм құрастыру.
Дескрипторы: 1. Өлеңдегі негізгі ойды түсінді 2. Өлең мазмұнының реттілігін сақтай отырып, диафильм жасады.
ІІІ топ: Фотоколлаж әдісі арқылы болашақ қазақ баласының бейнесін жасау
Дескрипторы: -Өлеңдегі негізгі ойды түсінді -Болашақ қазақ баласының бейнесін көрсетті
Топтар бір-бірін дескрипторды басшылыққа ала отырып, «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды
-Балалар, біз оқыған,тамаша жұмыстармен талдаған өлеңнің авторы кім екен? -Дұрыс айтасыңдар, Ермек Өтетілеуұлы.
Зияткерлік ізденіс жұмыс Е.Өтетілеуұлы туралы ізденіп,зерттеп келген оқушы бар ма екен?
Ізденген оқушыны «Жетістік ағашы» арқылы мұғалім бағалауы
«Сөзсайыс – айтысқа» деген тіркестегі айтыс өнері туралы не білесіңдер? Айтыс туралы кітаптан, бұрыннан білетіндерін еске түсіріп,әңгімелесу.
Сергіту сәті Қайым айтыс ұйымдастыру Қанекей,берілген екі тармаққа қалған екі жолын жазып,қайым айтысын жасайықшы.
|
Интерактивті тақта
Суретті карточкалар
суреттер
Видео таныстырылым
табыс қоржыны
кітап
домбыра
|
|||
Соңы |
Кері байланыс. І,ІІ топтар: «Мен үшін мұра болатын асыл зат» тақырыбына сурет салады немесе эссе жазады. (сурет салу,үш-төрт сөйлеммен эссе жазу)
ІІІ топқа : Музыкалық мұралар (асатаяқ,тұяқ,домбыра және халық әні «Еркем-айдың» бір шумағы беріледі) Тірек заттар арқылы шығармашылық жұмыс (ән) айтады . Мұғалімнің табыс қоржыны арқылы бағалауы
Үйгетапсырма: Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап ал.
|
дәптер
Саз аспаптары |
|||
Қосымша ақпарат | |||||
Саралау.Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Саралау ресурстар арқылы (оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда әртүрлі ресурстар ұсынылады немесе оларды өздігімен табу тапсырылады) , қолдау арқылы (бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады) қолданылды.
|
||||
Бағалау.Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дескрипторлар арқылы бағалау,ү ш шапалақ арқылы бағалау, мадақтау сөздері арқылы, топтық бағалау қолданылды. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымдыорындапүлгердім бе? Мен өзжоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|