“Табиғат -менің өз үйім.Үү әрпі мен дыбысы

Пәні: Сауат ашу Күні: 22.01.2020ж Мұғалімі:Таджимурадова Ұ
Сынып: Мад «Ғ» тобы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Табиғат –менің өз үйім.Үү әрпі және дыбысы .
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 0.2.1.1.сөз/сөйлем сызбасын оқу ;
0.2.2.1.суретті кітаптардан ақпаратты табу/сурет арқылы/
0.3.1.1. сөз, сөйлем сызбасын құру,оларды үлгінің көмегімен және ұсынылған үлгілер негізінде жазу;
0.3.2.1. сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою;нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі.
0.3.3.1.жазу бетін бағдарлау,жазу жолын,жоларалық кеңістікті ажырату,тор көз дәптерге кең сызықтар,әріп элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Сөздерді оқи білу,сурет арқылы ақпарат бере алу. Сызба бойынша сөз,сөйлем құрау. Әріп элементтерін дұрыс жаза білу.
Көбісі: сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Кейбіреуі: сурет бойынша заттардың қасиеттерін сипаттап айту.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Сабақ барысы
жоспарланған кезең Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. -Қазір бізде қай сабақ? – Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дегенімді жасайтын Тәттілерін сақтайтын Ертіп алып жетектеп «Немерем»- деп атайтын Ол кім? -Әже Олай болса, бүгінгі сабақта сол мейрімді әжелеріміздің сіздер үшін беріп жіберген тәттілерін алып келдім.

Бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар осы тәттілерді мен сендерге беремін. Слайд

Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды жұмбақ жасырудан бастаймыз. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады.
Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе – екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Бұл дыбысты біз екінші сабағымыз ретінде өткелі отырмыз.
Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
– Мынау не? – Үкі
– Үкі – түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү – кі. (екі буын)
– Үтік- сөзін буынға бөле қойыңдар.
– Ү – тік(екі буын бар)
– Үкі, үтік, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
– Ү – ү – ү (хормен айту)
– Ү – қандай дыбыс?
– Ү – жіңішке дауысты дыбыс.
– Қандай түспен белгілейміз?
– Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.
Ү – дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү – жіңішке дауысты дыбыс, ұ – жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.

Топтық жұмыс. Кім білгір?
Балалар мұнда әжеміздің тәттілер салатын ыдыстары тұр. Бірақ та ішінде тәттілердің орнына мен тапсырмалар салып қойдым.егер сіздер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар. Әженің тәттілерін аласыңдар.
Балалар мен үш топқа қима қағаздар беремін. Сол қима қағаздардан сурет құрастырып жапсырамыз. Және атауын айтып, сол сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз. Және де сол сурет бойынша әңгімелейміз.

1-топ: үйрек суреті
2-топ: күшік суреті
3-топ: түлкі суреті.

Ұжымдық жұмыс.
«Өз орныңды тап» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ү,й,ш,і,к-үйшік
ж,ү,з,і,м-жүзім
т,ү,й,е-түйе
Таныстырылым
Слайдтар, суреттер.
кәмпиттер

Қима қағаздар
Сергіту сәті
Сергіту жаттығуын жасау
Балалар біз Ү дыбысына байланысты өлең айтып, қимылдар жасаймыз.
Үйшігіме шатыр құрамын
Үлгі тұтар еңбекқормын

Үйрек болып қанат қағып
Жылы жаққа ұшып барамын

Гүлдей болып жайнап өсіп
Білім құмар бала боламын

Сергіту сәтіне арналған жинақ
Дәптерге жазу. Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.

Ұжымдық жұмыс:
Енді балалар тақтадағы сөздерді оқимыз.
Гүл, күз, жүгері, күрек, түлкі
Тірек – сызба бойынша затты сипаттау
Гүл (қандай?)- қызыл, әдемі, хош иісті
Күз- жемісті, алтын түстес.
Жүгері- сары, дәмді т.б

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау:
-Балалар біз бүгінгі сабақта қандай әріп пен дыбыс туралы өттік? Олай болса, білгендерімізді ойын арқылы айтайық.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла» доппен ойналатын ойын (допты балаларға бергенде алып тұрып ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)

Бағалау Жинаған кәмпиттерін санату. Балаларды мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *