«Үй жануарлары».

Мукашева Гулжанат Танжарбаевна

Тақырыбы: «Үй жануарлары».

Білім беру саласы: «Коммуникация».

Білім бөлімі: «Сөйлеуді дамыту».

Мақсаты:Балалардың үй жануарлар және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.
Үй жануарлары туралы мағлұмат беру.
Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке,қамқор-лыққа тәрбиелеу.Жануарлардың төлдерін дұрыс атай  білуге үйрету.

Көрнекіліктер:Төрт түліктің суреттері,жайлау көрінісі слайд,видео роликтер.

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны салайық,

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған осы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай белгілер болады?

-Жарайсындар балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметінде  «Үй жануарлары» туралы өтеміз.Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?Олай болса біз жайлауға барамыз.Ол жерге немен барамыз?(Автобуспен барамыз).

-Автобусты кім жүргізеді?(Жүргізуші жүргізеді).

-Міне,біз жайлауға келдік.Балалар көгілдір экранға назар салайық.Балалар жайлаудан нелердікөріп тұрсыңдар?(Қойлар,түйелер,сиырлар,жылқылар,ешкілер).

-Балалар,үй жануарларына сиыр,қой,түйе,жылқы,ешкі жатады.Бұларды бір сөзбен айтқанда төрт-түлік мал деп атаймыз.Олардың төлдерін білесіңдер ме?

-Сиырдың төлі-бұзау.

-Жылқының төлі-құлын.

-Түйенің төлі-бота.

-Қойдың төлі-қозы

-Ешкінің төлі-лақ.

Балалар үй жануарлары бізге не береді? (Сүт,айран,құрт,май,ірімшік,ет).Жарайсындар балалар сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдарма?

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.                         (Қой)

 

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.                                (Сиыр)

 

Үй жануарлары қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? Олай болса,үй жануарларының аттарын атаған кезде,сендер солардың дыбысын саласындар,келістік пе?(Балалар тапсырманы орындайды).

Билингвалды компонент:

Жылқы-лошадь,құлын-жеребенок.

Түйе-верблюд,бота-верблюжонок.

Ешкі-коза,лақ-козленок.

Сиыр-корова,бұзау-теленок.

Қой-овца,қозы-ягненок.

Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтиып тұр бүйірін,

Қай өрістен тойдың.

Ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап».

Ойын шарты:Үй жануарларының төлдерін ретімен орналастыр.

-Жарайсындар балалар.Осы үй жануарлары жайлы тақпақ білесіңдер ме?

Аделия:

Малды бақсаң-қойды бақ,

Қошқар мүйіз сүйектен.

Қос ұртыңды май бұлап,

Ет артылмас иектен.

 

 

 

Нұрайым:

Момақаным,маймағым,

Келмейді әлі ойнағың.

Қалтырайсың үйде де,

Қошақаным қайда әнәң?

Сара:

Шөре-шөре,лағым,

Тентек болма,шырағым.

Секектеме,деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Анисса:

Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Ендеше балалар автобусқа отырып,балабақшамызға барайық.

 

Балалар үй жануарларынан алынатын сүт өнімдердің бірі – құрт ермексаздан жасауға үйрету.Осы кезде атқа мінген бала келеді.Ол әжесінің балаларға құрт беріп жібергенін айтады.Балалар әжеге алғысын білдіреді.

Жарайсыңдар балалар үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?Үй жануарлары бізге не береді екен.Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Балалар үй жануарларын атай;

Игереді:Үй жануарларынан алынатын өнімдерді;

Меңгерді:Балалар өз қолдарымен құртты қалай жасау керетігін;

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.