Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан «Байқадам орта мектебі» КММ
Рымбек С.А.
6 сынып
Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ.
Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу
Сабақ мақсаттары Қазақстандағы орта ғасырлар тарихының кезеңдерін, негізгі оқиғаларын сипаттайды.
Бағалау критерийлері
Орта ғасырлардағы Қазақстандағы өзгерістерді анықтайды;
Орта ғасырлар кезеңінің ерекшеліктерін талдайды.
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдыларын дамытып, арнайы — пәндік ғылыми тілдің оқытылуын қалыптастыру. Оқушылар:
1. Зерттеу нәтижелерін жазбаша рәсімдейді, энциклопедиялық мәтін жазу дағдыларын игереді;
2. Сөйлеу дағдыларына қатысты, зерттеу нәтижелерін қорғайды;
Пәндік лексика мен терминология:
Кезең, ғасыр, уақыт, қағанат, түрік, саяси т.б
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Ортағасырлық кезеңінің ерекшелігі….
Ортағасырлық дәуірі……..кезеңнен тұрады.
Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады.
НЗМ құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады.
Пәнаралық байланыстар География пәнінен алған дағдыларын картамен жұмыс жасау барысында қолданады;
Қазақ тілі пән білімдерін сөйлемдер құрастыруда пайдаланады.
АКТ қолдану
дағдылары Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.
Бастапқы білім
Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық бірлестіктер мен мемлекеттердің пайда болуы, құлдырауы туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 мин Тарихтың осы кезеңінен мен не күтемін? — деген сұрақ аясында оқушылармен ой-талқы.
Сабақтың оқу мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру.

Презентация
Сабақтың ортасы
5-15

15-22

22-25

25-35 (Т) Тапсырма 1. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын беру. Әр топқа құжаттар топтамасы беріледі.
1 топ – орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға байланысты суреттер топтамасы беріледі.
Суреттерді қарап, орта ғасырларда қандай тарихи оқиғалар болғаны туралы ойларын ауызша ортаға салу.
2 топ – «Қазақстан VI-IX ғасырларда», «Қазақстан X -XIII ғасырларда», «Қазақстан моңғол шапқыншылығы жылдарында», «Қазақстан моңғол шапқыншылығынан кейінгі жылдарында», «Қазақ хандығы» карталары беріледі.
Карталарды салыстырып, хронология бойынша саяси картадағы өзгерістерді анықтап, қорытынды шығару.
3 топ – Орта ғасырлар кезеңдері туралы мәтін беріледі. Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау.
Бағалау критерийі: Орта ғасырлардағы Қазақстандағы өзгерістерді анықтайды.
Дескрипторлар:
Деректер (сурет) негізінде үш негізгі өзгерісті атайды (1-топ);
Орта ғасырлардың әр кезеңіндегі негізгі өзгерісті анықтап, қорытынды жасайды (2-3-топ).

Бағалау. Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы. Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, мұғалім кері байланыс береді.
(М) Презентация арқылы тарихтың негізгі кезеңдерімен таныстыру.
Орта ғасырлардың кезеңдері:
• Ерте орта ғасыр (түркі дәуірі);
• Дамыған орта ғасыр (моңғол шапқыншылығы);
• Біртұтас Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы.

(Б/Ж) Тапсырма 2. Қазақстан тарихының кезеңдерін салыстырып, кем дегенде 2 ұқсастығы мен әр кезеңге тән 2 айырмашылығын келтіру.
Ежелгі Қазақстан тарихының айырмашылығы Екі кезеңнің ұқсастығы Орта ғасырлар кезеңінің айырмашылығы
1.
2. 1.
2. 1.
2.

Бағалау. Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды және бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийі: Орта ғасырлар кезеңінің ерекшеліктерін талдайды
Дескрипторлар:
Ежелгі кезеңнің 2 ерекшелігін біледі;
Орта ғасырлар кезеңінің 2 ерекшелігін анықтайды;
Ежелгі және орта ғасырлар кезеңінің 2 ұқсастығын талдайды.

«www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.
7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.
http://www.nlrk.kz (Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы).
http://lib.turkacadem.kz (Түркі академиясының кітапханасы

http://www.vostlit.info (Восточная литература. Средневековые исторические источники Востока и запада).
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. I-ІІт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.
Сабақтың соңы
35-40 Рефлексия
Мен бүгін не білдім?
Не үйрендім?
Менің байқағаным……..

Үйге тапсырма
Термин сөздермен жұмыс (мағынасын түсіну): халық, консолидация, этносаяси бірлестік, этнос, этноним, ұлт, миграция, ассимиляция, қағанат, қаған, «он-оқ бұдын».

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.