Киім стилі және сән үлгісі түрлері

Пәні Қазақ тілі
Мұғалімі Рахмушева Гулзина Зинуллаевна
Сыныбы 5 – сынып
Бөлім ІІ бөлім. Киім. Сән. Талғам. Фонетика.
Тақырыбы Киім  стилі  және  сән  үлгісі түрлері
Оқу  мақсаттары Т/А. Тірек  сөздер мен  жетекші  сұрақтар  арқылы негізгі  ойды  анықтау

 

 

 

Сабақ  мақсаттары

 

 

1.      Барлық  оқушылар орындай  алады: Әр түрлі стильдердегі тірек сөздерді анықтайды.
2.      Оқушыларың  көпшілігі  орындай  алады: Тірек  сөздер  арқылы   түйінді ойды  ажыратады.
3.       Бүгінгі  өмірмен  байланыстырып, стильге қатысты өз    ойын  дәлелдейді.
Бағалау критерийі Жетекші сұрақтар арқылы  негізгі  ойды  анықтайды

Тірек сөздер арқылы  өз ойларын дәлелдейді, түйінді ой  айта алады

 

Алдыңғы оқу Киім, сән туралы түсініктері бар
Жоспар
уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері ресурстар
Басы

8 минут

Амандасу

Ширату.

 Тыңдалым  алдындағы кезең

 

 

 

 

«Суреттер сөйлейді»

Оқушыларға  әр түрлі  стильде киім  үлгілері бар суреттер  таратылады. Өздеріне берілген суреттер  туралы өз  ойларын  айтады. Сол суреттер бойынша топқа бөлінеді. Олай болса бүгінгі сабағымыз не  туралы  болмақ?

—          Киім стилі мен сән  үлгісі

Сабақ мақсатын түрткі  сұрақтар  арқылы  оқушылармен  бірге  анықтаймыз.

Тыңдалым мәтіннен тірек сөздер және ,жетекші сұрақтар арқылы негізгі түйінін табамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.infourok.ru

Ортасы  Жеке жұмыс. Тыңдалым әрекеті Мәтін 2 рет тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен тірек сөздер табыңыздар. Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым — қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық,  фольклорлық стильдер болады.

Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет — костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет — жейде кіреді. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Классикалық стиль:

• Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;

• Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;

• Түстері қатты ашық емес және нәзік;

• Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;

• Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ — киімдер.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.

Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою — өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.

Оқушыларға «Киім  және  стиль»  тақырыбында  аудиоматериалдан мәтінді екі рет тыңдатамын.

Оқушыларға  аудиоматериалға   қатысты  негізгі  ойды  анықтауға  бағытталған жетекші сұрақтар қойылады.

«Ашық  микрафон» әдісі. Оқушылар аудиоматериалды  тыңдай  отырып, сұрақтарға  жауап  береді.

Сұрақтар: 1. Стиль деген ұғым туралы не білдік?

2. Қандай стиль түрлері  бар  екен?

3. Мәтіндегі  стиль  түрлерінің  қайсысы  жаныңа  жақын? Неліктен?

4. Сән әлеміне  қатысты  қандай  мамандық  атауларын  білесің?

Дескриптор.

1.Мәтінді түсініп, тыңдайды.

2.Тірек сөздер табады.

3.Сұрақтарға мәтіннен дәлел  келтіріп жауап береді.

ҚБ.  Өзара бағалауы.

«келісемін…………….,

қосымша ұсынысым …»,

«… бойынша тағы да ойланып, талқылауды ұсынамын»

МҚБ. Оқушылардың тапсырма бойынша жауаптары мен қалыптастырушы бағалаулары бойынша пікір айту, ой қосу.

Саралау жұмыс.

Жеке жұмыс.  «Сүзгі» графикалық органайзері  арқ ылы  негізгі  ойды  анықтайды.

Ақпаратты сүзу

Мәтіннен тірек сөздері арқылы  негізгі

ойды анықтап, дәлелдеңіз. Маңызды емес сөздер құбырға ағып кетіп, тек маңызды сөздер ғана   «сүзгіде» қалады.+

 

 

Дескриптор

1. Негізгі  ақпараттарды  сүзгіде  қалдырады.

2.Негізгі ойды  анықтайды.

ҚБ.Топтар бір – бірін   сэндвич арқылы бағалайды.

 

 

 

 

 

ЖЖ. Тыңдалымнан  кейінгі  әрекет.

Сұрақ: Неге адамдар әр түрлі стилде киінеді?

ПОПС формуласы. Ойлан.Жұптас. Бөліс. әдісі

 

 

 

1.      Бірінші сөйлем: «Біздің  ойымызша…»

2.Екінші сөйлем: «Себебі, біз  оны   былай  түсіндіреміз…»

3.Үшінші  сөйлем: «Оны  біз  мына

мысалдармен  дәлелдей  аламыз..»

4.Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз

мынадай  қорытынды  шешімге келдік…»

Дескрипторы:

-дәлелдерін  сенімді  көрсетеді.

-түйінді  ойын  сенімді  жеткізеді.

ҚБ. Екі жұлдыз бір тілек

МҚБ.

 

Оқулық «Арман ПВ»

www.kyzdar alemi.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

 

«Ең, ең, ең…» кері  байланыс

Ең  қызықты  болғаны…..

Ең  маңызды  ақпарат….

Ең  қиын  болғаны…..

 

 
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?  Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
     

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *