Қозғалыстары бар ойындар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Спорт ойындарын меңгеруге арналған қозғалу ойындары.

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым.

Мектеп: Ғұмар Қараш атындағы ОЖББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мухатов Нурбек Анатолиевич
Сынып:  2 Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар саны: 0

 
Сабақ тақырыбы Қозғалыстары бар ойындар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.2.4.1  Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді талқылау.
Сабақ мақсаттары Қарапайым жаттығуларды жүгіру, секіру және лақтыру элементтерін сабақ барысында кеңінен пайдалану.
Жетістік критерийлері Қарапайым дене жаттығуларында жүгіру, секіру және лақтыру элементтерінің маңызыдылығын анықтайды сабақ барысында пайдалана алады.
Тілдік  мақсаттар

 

Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері).
Құндылықтарды дарыту

 

 

Жүгіру дағдылары жеке және топтық жаттығулар арқылы ойын негізінде байытылады.Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы.
АКТ қолдану дағдылары Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;
Бастапқы білім

 

Оқушыларда үйде ойналатын ойындардың негізінде болатын контексте және 1-сыныптағы қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындау, жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибесі болады деп күтіледі.
Сабақ барысы.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
 

 

 

 

Сабақтың басы

 

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сергіту. “Шаттық шеңбері” оқушыларға жылы сөздер жазылған смайликтер таратып беру.  (Оқушылар шеңберге тұрып, смайликтердегі сөздерді оқып, бір біріне жақсы көңіл сыйлайды).

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу.  Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

 

 

 

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң. Ысқырық. Оқушылар санына қарай теннис доптары, қабырғадағы нысана, 2 секіргіш, 2 волейбол доптары.

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

(К.Т) Оқушылар сызықтың бойында тұрады және әр түрлі әдістер мен секіру жаттығуларын орындайды, Бір аяқпен оң, сол және қос аяқтап секіру түрлері.

(К.Т). Кіші допты бір орыннан және адымдап ұзындыққа лақтырады.

Оқушылар сызықтың бойында тұрады «Доппен көзде» ойынын ойнайды

Ойынға бір волейбол добы және оқушылар санының жартысына тең болатын теннис добы керек. Ойыншылар әр түрлі нысаналарды көздейді.  Ойыншылардың аяқтарының алдында сызықтар жүргізіледі, ал алаңның ортасында волейбол добы, әр түрлі нысаналар болады.

Мұғалімнің сигналы бойынша ойыншылар допты қарсы  тұрған нысаналарға тигізуге тырысады. Осылай, кезекпен топтар доптарды қажетті лақтыру саны бойынша лақтырады. Ойын ұзақтығы 8—10 мин.

Дескриптор

Тырысады, көздейді, лақтырады.

 

Сабақ мақсаты мен критерийлеріне оралып, кері байланыс жүргізу. «2 жұлдыз, бір тілек»

 

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.  Ысқырық, бор, волейбол добы, теннис добы, әр түрлі нысаналар.

М.Н. Жуков. Қозғалу ойындары. «Академия», М. — 2000

 

 

Сабақтың соңы

Ой-толғаныс. «Синквейн» әдісі – «Қозғалыс».

( Оқушылар «қозғалыс» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырады.)

 

 

 

 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату. Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.