Ойындағы шығармашылық белсенділік

 

Мектеп: Ғ.Қараш атындағы ОЖББМ
Мерзімі: Мұғалім аты:Беккалиев Манарбек Каириевич
СЫНЫП: 8

Сабақ   75-76

 

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы  Ойындағы шығармашылық белсенділік.

 

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары 8.1.5.5 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу

8.2.8.8 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар келесіге қабілетті:
Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу.

Негізгі шабуылдау және қорғану стратегияларын және тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу.

Ойын кезінде қорғаныс және шабуылда шығармашыл болу қажеттілігін түсіну.

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:
Сандық артықшылық тапсырмалары кезінде командада жақсы жұмыс істеу.

Сәтті ойын үшін түрлі аралық қорғаныс және шабуыл стратегия және тактикаларын байланыстыру.

Ойындарда орындағанда шығармашыл жүгіру, пас және қозғалстарды дамыту.

Өзге оқушыларды бақылау және олардың шығармашылықтарын дамыту әдістерін ұсыну.

Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:
Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды дамыту.

Озық шабуыл және қорғаныс стратегия және тактикаларды талдау және сынау.

Бағалау критерийлері Оқушы допты еденге соғып кедергілер арасынан бағыт өзгертіп алып жүру техникасын біледі.

Оқушы әр-түрлі жағдайда әріптесіне допты ирек сызық бойымен беру техникаларын біледі.

Оқушы топпен алаңда бағдарлап қозғалу барысында белсенділігін көрсете алады.

Тілдік мақсат Ойындарда өзінің және өзгелердің орындауын және түсінігін сынау және жаңа тактика мен стратегияларды жасау
Кілт сөздер мен тіркестер:
•          шабуылдау элементтері бар ойындар

•          жүру, өту, бағыттау, қабылдау, қағып алу

•          күрес: оқшаулау, допты қағып әкету

•          соққы, пасс, беру

•          шабуылдау, қорғау, қарсылас

•          ынтымақтастық, бәсекелестік

•          тактика, стратегия

•          жүгіру, жалтару, бағытты/жылдамдықты өзгерту

•          ұпайларды есептеу жүйесі, ережелер, тәуекелдерді басқару

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:
Талқылауға арналған сұрақтар:

•      Қорғаныс ойыншысын жеңудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

•      Есепті жүргізу үшін қандай ойын әрекеттерін білесіңдер?

•      Неліктен шабуылдау кезінде өз назарыңды бір ойыншыға аударған жақсы?

•      Допты қағып алу немесе ұстап қалу үшін сендер қандай тактикаларды қолдандыңдар?

Құндылықтарды дамыту Оқушыларды  жұптық, топтық және командалық жұмыстар арқылы ауызбіршілікке, достық қарым – қатынасқа, бір-біріне құрметпен қарауға баулу
Пәнаралық байланыстар Физика – бұрыш, траектория, серпілу

Биология – бұлшықеттер жұмысы, тірек қимыл апараты

Алдыңғы білім Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекеттер (төмендегі жазбаны жоспарлаған іс-әрекетіңізбен алмастырыңыз) Ресурстар
0-3 минут

 

 

 

4-6

 

Жалпы сапқа тұру.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жаңа сабақты хабарлау. Сабақ мақсатын анықтап алу.

Спорт залды айнала жеңіл жүгіру:

—          Оң және сол жанымен қолды алға ұстап жүгіру;

—          Оң және сол жанымен қолды алға-артқа сермеп жүгіру;

—          Оң және сол жанымен аяқты қайшылап жүгіру;

Арнайы баскетбол ойынына бейімделу жаттығулары.

—          Жүгіріп келе жатып белгі бойынша кілт тоқтау;

—          Бір аяққа тоқтау;

—          Оң немесе сол жаққа екі қадам шығып тоқтау;

—          Артқа бұрылып тоқтау;

—          Артқа бұрылып керсінше бағытқа жүгіру. Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. Баскетбол алаңы, конустар, баскетбол добы және көкірекшелер.
Ортасы

7-11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28-34

 

 

 

 

Оқушылар жұптарда жұмыс істейді (баскетбол):

(Ж, Тәж, Ф). Допты алдынан қолдан-қолға ауыстырып, бастан жоғары айналдырып, кеудеден айналдырып, аяқтар арасынан өткізіп алып жүру.

Допты еденге соғып алып жүру:

 

Эстафета «Конустар арасымен допты жүргізу».

(Т, Ж, Ф) «Балықшы» ойыны. Барлық балалар алаңның бір шетіне сызық бойымен орналасады.  Алаң ортасына ойыншыларға қарсы бір оқушы таңдалып, ортаға тұрады. Ойынды бастауға белгі берілісімен ойыншылар допты жерге соғып, алаңның екінші шетіне балықшыға ұсталып қалмай өтеді. Алаң ортасындағы балықшы (оқушы) ойыншыларға қолын тигізіп тоқтатуға тырысады. Ұсталған ойыншы балықшы болып ойын жалғасады.

Ойынның мақсаты: оқушыларды доппен алаңда бағыт өзгертіп тез қозғалуға дағдыландыру.

(Ж, ЖЖ, Ф) Жұптық жұмыс.

Допты әріптесіне беру техникалары:

—          Кеуде тұстан беру

 

—          Бір қолымен жанынан беру

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі топқа бөлініп алаңның екі шетіне тізбекке тұру. Белгі бойынша екі топтан оқушы  шығып бір-біріне доп беріп алып жүру.

(Ж, ЖЖ, Ф) Топта жұмыс істеу. Оқушылар 5 жұлдыз сызығын жасап тұрады. Допты сағат тілімен бес жұлдыз әдісімен пас береді. Ойынды топтар арасында өткізіп соңында қай топ оқушылары жылдам әрі қателіксіз екенін айтып жеңімпаз топты анықтау

 

Ирек сызық бойымен допты әріптесіне беріп қозғалу

 

.

(Ж, Б, Ф) Алаңның бір жағында 5-7 ойыншыдан екі команда жарысады. Алаң ортасына қарама-қарсы бағытқа екі топ ойыншылары бір-бірінің артына тізбек жасап  қолдарын қойып отырады. Алаң ортасында шығыршық ішінде баскетбол добы болады. Ойын бастауға белгі берілгеннен кейін отырған қалыптан 3 ұпайлық алаң сызығына дейін барған команда орнынан тұрып шеңбер ішіндегі допты алып кәрзеңкеге лақтыру. Лақтырғаннан кейін шеңбер ішіне тез жиналу. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Баскетбол ойыны ережесімен жаттығу ойыны.

Бос ойын кеңістігі, баскетбол доптары, ысқырық, фишкалар, бор, конустар.

Баскетболда допты алып жүру техникасы бойынша интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<iframe width=»640″ height=»360″ src=»https://www.youtube.com/embed/wvCXr-RX9aI» frameborder=»0″ allowfullscreen></iframe>

Соңы

35-40

·      Оқушылар барлық жабдықты алып тастайды. Бір оқушыдан төрт минут бойы баскетболға қатысты, демалу деңгейіне жүрек соғысын біртіндеп төмендететін және кейбір динамикалық және статикалық созылуды қамтитын салқындау сессиясын жүргізуін сұраңыз. Сабақта не қамтылғанын еске түсіріп, шолу жасаңыз (яғни шабуыл ойынында шығармашылық пен тактика). Топта әр оқушыдан сабақтан түсінгендіктерін бағалау үшін шабуыл ойынындағы шығармашылық пен тактика туралы сұрақтар қойыңыз. Сұрақтар оқушылар қабілеттеріне сай түрлендіріле алады.  
Қосымша ақпарат
Түрлендіру – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздікті тексеру

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемелері

·         Шағын жақты ойындар мен тапсырмалардағы жабдық, тапсырма және нәтиже бойынша түрлендіру.

·      Қабілеті жоғары оқушыларға шабуылдары үшін шығармашыл стратегиялар мен тактикалар жасаған кезде қиынырақ сұрақтар қойыңыз.

·      Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін тапсырма талаптары мен шарттарын азайтыңыз және қарапайым етіңіз.

·      Шығармашыл шабуылдау стратегия және тактикалары керемет мысалдарын алып, оқушылар білімі, дағдылары мен түсініктерін кеңейту үшін олармен бөлісіңіз.

·      Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

·      Оқушылар шабуылда шығармашыл болу қажеттілігін түсіне ме (яғни ойынды болжалды етпеу)?

·      Оқушылар шабуылда кеңістік жасау үшін доппен қалай дұрыс шабуыл қозғалысын жасау керектігін біле ме?

·      Оқушылар шабуыл ойыны кезінде допты қашан ұстау және қозғалу (алып жүру) керектігін біле ме?

·      Ойын және талқы кезінде командалар шабуыл стратегия және тактикалары сапасы.

·      Ғылым және математикамен байланыс: пас бұрышы, пасты мөлшерлеу, ену бағыты.

·      Өзгелермен жұмыс, пікірлерді құрметтеу.

·      Қолданылған командалық жұмыс тапсырмалары НЗМ құндылықтарына сай.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Қорытынды бағалау

 

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.