Мен білімді баламын

ТАҚЫРЫБЫ: Мен білімді баламын Мектеп/МҰ: № 1 мектеп — лицейі
Күні: Педагогтың аты- жөні: Байбосынова Эльмира
СЫНЫП-ТОП: «Б» сынып Қатысқандар
саны: Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу
мақсаттары 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады. Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: үйрету-учить- to teach
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Балабақша, мектеп, оқушы, студент
Пікір алмасу сұрақтары:
Балалар, сендер білімді баламын деп айта аласыңдар ма?
Білімді бала болу үшін не істеу керек?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім Кітап туралы білімі, кітапхана туралы түсінігі бар
Жоспар
Жоспарланған уақыты Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстары
1. Дұрысəсерлі көңіл күйорнату.
0–2мин.

II Мақсатты
болжам.
3–5 мин

III.Тақырып
бойынша жұмыс
6 – 27мин Педагог:
— Балалар, көңіл күйлерің қандай?Өз көңіл күйлерін эмоциямен, ым- ишарамен, қимыл-қозғалыспенкөрсетуді сұрайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттегі балалардың іс-әрекетінің қайсысын жасай аласың, солсуретті белгіле. Өзің белгілеген суретбойынша әңгімелеп бер.
Көптілділік: үйрету-учить- to teach
Тіл ұстарту: (л, р)
Ла, -ла, -ла — ол білімді бала
Ла, -ла, -ла — салынып жатыр қала
Ла, -ла, -ла — жайнап тұр ғой дала
Рет, -рет, -рет — бала салды сурет
Тер, -тер, -тер — алып келдім дәптер
Дар, -дар, -дар — келді біздің қыздар
Тыр, -тыр, -тыр — біздің Қайсар батыр
«Р»-ға тілің келе ме?
Қаламқасқа «тұр», — деші,

Қарындашқа «жүр», — деші.
«Қара қарындашты
Қаламқас алып тұр», — деші,
Ал енді өзің-ақ
«Р-р-р-р», — деші Қуыршақ

Әліппе-дəптер

Әліппе-дәптер

Сергіту сәті:

Қаламсапқа кәнекей

Өзімізді теңейік.

Ақ қағазға жүгіріп,

Жазу жазып көрейік.

Сөз соңына келгенде

Нүктені де қояйық.
Керек болса егерде
Суретті де бояйық
Педагог балалардан оқу үшін қандай оқу құралдары қажет екенін сұрайды. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін оқу құралдары туралы әңгіме айтып береді.
Танысу

Оқу құралдары — дәптер, кітап, қалам, қаламсап мүлде бір-бірін танымайды екен. Райхан әже немересі Ләйлаға сыйлық жасамақ болып, дәптер, кітап, қарындаш, қаламсап сатып алады. Сатушы оларды бір сөмкеге салып береді. Сөмке ішінде кездескен оқу құралдары бір-бірімен жөн сұрасып, танысыпты. Тіпті неден, не үшін жасалғандарын да айтыпты…

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Қуаныш сөмкесіне қандай заттарды салады? Сызықпен қосып көрсет.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Артық затты сыз.
«Төртіншісі артық» ойыны.4-тапсырма.Мақалдардың мағынасын түсініп ал. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Күш – білімде, білім – кітапта. Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды Əліппе-дəптер

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ-ның
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин. Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау:өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан арқақоржынның суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *