Мектеппен танысамыз

Каракойшиева Алтынгул Кайрболовна

 

Тақырыбы Мектеппен танысамыз
Күтілетін нәтиже

 

Мектепте, сыныпта жүріс-тұрыстарытуралы негізгі ережелерді біледі.
ҰОҚ мақсаты

 

 

Мектептегі қызметкерлердің еңбегі туралы түсіне алады және мектеп қызметкерлеріне сыйластық таныта алады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер 4 К моделі, «Ой қозғау», «Ашық микрофон», «Балмұздақ таяқшасы»,
Ресурстар, дамыту орта Презентация, Мектеп ішіндегі кабинеттердің, спортзалдың суреттері, микрофон, балмұздақ таяқшалары(сұрақтармен), әр балаға тақтаның суреті
ҰОҚ жоспарлау
ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері/уақыт Педагог әрекеті Балалардың әрекеті
Басталуы (Ұ) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын

анықтау. Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыркүйек айында балалар қайда барады?

Балаларды мектеп ғимаратымен таныстырады.

Мынау – біздің мектеп.

Мектепте кімдер жұмыс жасайды?

Қандай ережелерді сақтаймыз?

«Ой қозғау» әдісі Н. Айтовтың немесе басқа да ақындардың мектеп туралы жазған өлеңін оқиды.

СТО стратегиясы:

Сұрақ: Өлең не туралы? Неліктен сен ойладың?

 

Балалардың жауаптарын толықтырамын.

– Мектеп – жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты мақсаты – ҰОҚ оқыту. Оны мұғалім атқарады.

 

 

Сұраққа жауап береді.

Негізгі бөлімі (Ұ) Ойын: «Мектеппен танысамыз». Балаларға мектеп

ішіне саяхат жасауды ұсынамын.

 

 

 

 

Креативтілік: «Ашық микрофон» әдісі бойынша Суреттегі құрал-жабдық, жиһазға қарап, қандай бөлме деп ойлайсың? Киім шешетін жер, Сынып бөлмесі (кабинет), Спортзал, асхана, кітапхана

 

Командалық жұмыс:

Жұптық тапсырма: әр жұпқа түрлі бөлме суретін беріп, сол бөлмеде қандай ереже сақтау керек, құрастырып, айту.

 

«Балмұздақ» әдісімен  Сурет бойынша сынып кабинеті қандай болатынын әңгімеле.

– Сынып бөлмелерінде балалар не істейді?

– Сынып тақталары не үшін керек?

– Сынып бөлмелері неге кең және жарық?

– Сынып бөлмелерінде парталар неге көп?

Мұғалімнің үстелі неліктен парталарға қарама-қарсы

қойылған?

Презентация арқылы Мектеп ішіндегі

кабинеттердің,

спортзалдың суреттерін тамашалайды.

 

Микрофонмен әр бөлмені сипаттап, не үшін арналғанын айтады.

 

Жұппен ереже құрастырады.

 

 

 

 

 

 

«Таяқшаны» таңдап сұраққа жауап береді

Қорытынды бөлімі ***оқу қызметті нені білдім, қандай жаңа нәрсе үйрендім?

*** бүгінгі ҰОҚтен не алдың?

*** қандай ой салды?

** не түсініксіз? Неліктен?

*** Мен және біз болашақта нені күтеміз?

 «Отшашу» әдісімен бір-бірін бағалайды

 

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап

қорыту. Балалардан тақтаны кез келген түсті

қарындашпен бояуын сұраймыз:

• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

 

• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл

қарындашпен.

 

 

Сұракка жауап береді.

 

 

 

«Отшашу» әдісімен балалар бір-бірін бағалайды

 

 

Өз жұмыстарын бағалап, алдын ала берілген тақтаның суретін бояйды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.