мектепке дейінгі балаларды табиғаттың маңызымен таныстыру

Түркістан  облысы

Түркістан  қаласы

«Болашақ»  бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Оспанова Айжан  Қазыбекқызы

 

 

Мектепке  дейінгі  балаларды  табиғатпен  таныстырудың  маңызы.

Табиғат  дегеніміз,  бір  сөзбен  айтқанда,  бізді  қоршаған орта.  Баланың,  белсенділігі  іс-әрекеттің  алуан  түрлерінде көрінетіні  психологияда  дәлелденген.  Өмір  барысында  қарым-қатынас, таным  белсенділіктері,  өзін-өзі  жетілдіру мен  қоршаған  өмірді  түрлендіру,  өзгерту  белсенділіктері    дпмиды.  Кішкентай  баланың  өзі  де  пассивті  емес  түрде  өмірдің  жағдайларына  бағынады.   Ол өзінің  талаптарын  орындатқанда  (үлкендерге)  белсенді, ол  қоршаған  адамдарға  қатысты  өз  түзетулерін  енгізеді.  Ол  адамға  деген   (ұнату, ұнатпау)  және  заттарға  деген  (керекғ, керек  емес,  жақсы  көретін,  жақсы  көрмейтін)  өзіндік  жеке тұлғалық  қатынасын  көрсетеді.  Бұл  қатынастар  оның  іс-әрекетінде  жеке  тұлғаның  өзгешелігін  жасай  отырып  пайда болады.

«Бала  тілі  шыға  бастаған  кезден-ақ  өзін  қоршаған  ортаның  ішкі  сырларын  отбасының  үлкендерінен   сұрап  білгісі  келеді.  Айталық  балаға  қыс  пен жаздың,  қар мен  жаңбырдың  т.б табиғат  құбылыстарының  пайда  болуы жұмбақ.  Осыны  үлкендерден  сұрап білгісі  келген  бала:  «Күн  қайдан  пайда  болды?»,   «Жаңбыр  мен  қар  неге  жауады?» деген  сияқты  толып жатқан  сұрақтар  қояды.  Табиғат  сырын  ғылыми  тұрғыда ұрпақтарға  өресі  жетпеген  ата-аналар «Оны  құдай  жаратты»  немесе  «Ол  саған  неге керек.  Жоқтан өзгені  сұрайсың»- деп жазғырады.  Білмегенді  білуге  деген құмарлық  болса   бойына  туа  біткен  қасиет.  Осы қасиетті  жетілдіріп,  жетектеп  отыру  үлкендердің парызы.  Табиғат  әлемі  таңғажайып  және  керемет. Дегенмен ,  барлығы  бұл  сұлулықты,  аспан,  су,  жапырақ  түстерінің  алуандығын  көре  білмейді.  Табиғат  балаға  күнделікті  әсер  етеді.  Бірақ  балалар  көп  нәрсені  байқай бермейді,  үстірт  қабылдайды.  Табиғат  сұлулығы  рухани  қайырмдылыққа  тәрбиелеуде  үлкен  рөл  атқарады, яғни, балаларды  мейірімділікке,  адамгершілікке,  жақын  адамдарға  қамқор  бола  білуге көмектеседі.  Балалар  үшін  табиғат  -бұл  әр  түрлі  табиғат  құбылыстарды  танудың  және  сөздік  қорын  байыту  көзі.  Бұл –балалардың  сөйлеу  және  ойлау  қабілеттерінің   дамуына  ең  қолайлы  және  пайдалы  фактор.  Балабақшада балалардың  экологиялық тәрбиесі  алуан  түрлі  ықпал  ету  құралдарының  көмегі  арқылы  іске  асырылады: саяхат, мұражайларға  бару,  мақсатты  серуендеу, телебағдарлама,  табиғат  туралы  көркем  әдебиеттер,  суреттерді,  картиналарды  қолдану,  музыка  тыңдау, жұмбаұтар,  мақал-мәтелдер,  тиым  сөздер, жарсытар  ұйымдастыру.  Балабақшадағы  тәрбие  ісінің  негізіг  міндеттерінің   бірі-  балаларды  айналамен   таныстыра  отырып,  оларға  экологиялық  тәрбие  беру  болып  табылады.   Баланы  өз  туған  өлкесінің табиғатын  сүюге,  оны  аялай  білуге,  оны  қорғауға  қызығушылығын  арттырып,   жауапкершілігін  күшейтуге,  табиғатпен  бірге  өмір  сүретінін  сезінуге  үйрету  мақсат.

Қазіргі  таңда  адамзат  ауасын жұтып,  суын  ішіп  отырған  Табиғат-Ананы  қорғап,  аялау  барша  жұртқа тіршілік қамы,  табиғи  қажеттілік.   Сондықтан  да  бүлдіршіндерді  айналадағы  табиғи  ортамен  үнемі  қарым-қатынаста  болуға  үйрету,  олардың  ұғымдарын  қалыптастыру,  табиғатқа  деген  жанашырлыққа тәрбиелеу.

Қорыта  келе  бала  тәрбиесімен,  оған  жүйелі  білім  беру  мәселесімен  шұғылданған  ғалымдар  да  табиғатты назарынан  тыс  қалдырған  емес.  Себебі  дүниеде,  айнала  қоршаған  ортада  адам  танып-білетін, зерттейтін,  оны  күтіп-баптап,  қорғайтын  жұмбақ  сыры  мол  әлем- тек  Табиғат!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.