Тіл- мәдениеттің тірегі

Тіл- мәдениеттің тірегі

Тіл- адамдардың  түсінісу, сөйлесудегі басты құралы. Тіл арқылы әр адам өмірден өз орнын тауып , қажетті игілікті іске асырады.

Тіл – мәдениеттің тірегі –әдеби тілдің  нормалары мен стильдік жүйелері.  Адамзаттың  әлемі-  мәдениеттің әлемі. Сөз мәдениетін меңгерген адамдар бір- бірімен пікір алмасуға, бірлесіп шешім қабылдауға, жақсы қарым-қатынасты сақтауға бейім болады.

Атадан балаға мұра  болып келе жатқан  тілдік қазына- халықтың мәдени сана, ой-парасат, ұғым-нанымының тоғысар түйіні.  Адамның жекебасы мен кісілік  қасиетін көрсететін ашық-жарқындығы,сенімі, ақпейілділігі адамның сөзінен көрінеді. « Кісі болар баланы  ісінен танитын» қазақ халқы аталы сөзге ерекше мән берген.

Тілмен ойлау –егіз құбылыс. Тіл арқылы адамдар мәдениет жасап, өркениетке қол жеткізді, ұлт болып қалыптасты. Бүгінгі  адамзат өркениетінің  негізі- ұлттық мәдениеттер. Ендеше ұлттық барлық  құндылықтарының  кілті тілде. «Ұлт анасы –тіл» екені рас. Тілден айырылған адам тарихын  да, мәдениетін де , дәстүрін де ұмытуы заңдылық.  Бұл-үлкен қасірет. Ал осы мәңгүрттену үлгісі жеке адам  мәселесінен әрі асып, мемлекеттік деңгейге көтерілетін болса, онда оның ұлт үшін қаншалықты қасірет болатынын елестетудің өзі қиын.

Қоғамдық  өмірге араласқан  әрбір азамат сөз мәдениетінің  барлық шарттарын игеруі қажет. Өндірістің қай саласында жүрсін ой-пікірін, ұсыныс- тілегін, сезімін жүйелі әрі ұғынықты  жеткізе  білуге ұмтылғаны дұрыс. Сөйлеушінің сөзінен  ол адамның әдептілігі, мәдениеті, парасат-пайымы танылады. Данышпан Абай айтпақшы:

Өлең деген –әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы,- деуі өлеңге ғана емес, тілді құрметтеген  әрбір адамға қойылар талап.  Ана тілін ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру- ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі  сияқты; ана тіліне ұқыпсыз , қалай болса солай қараушылық- барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі.

«Қазақ тілінің байлығы –қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек.  Сонда  ғана біздің Қазақстан кез- келген жұртпен иық теңестіре  алатын іргелі ел бола алады» деген                                  С. Аманжолов ағамыздың сөзін әрқашан есте ұстауымыз керек.

Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған  тілімізді таза ұстайық , ағайын!!!

Қостанай облысы

Қостанай ауданы,

Мичурин ОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі:   Баймуханова Г.А.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *