Бірлесіп орындалатын  жұмыстарға  қатысты есептер

Сабақтың  тақырыбы: Бірлесіп орындалатын  жұмыстарға  қатысты есептер

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.5.2.3. Жай бөлшектерге арифметикалық   амалдар  қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп  орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).

 

Сабақ мақсаттары:

 

Мәтін есептер шығару дағдысын қалыптастыру  (мысалы, бірлесіп

орындалатын жұмыстарға қатысты есептердің шартын түсініп).

 

Бағалау  критерийлері Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады  (мысалы,   бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады ;

Жай бөлшектерге арифметикалық  амалдар қолдана алады;

Тілдік мақсаттар Оқушылар

— мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

— практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

— бөлік;

— шама;

— жылдамдық, уақыт, қашықтық;

— уақыт, өнімділік, жұмыс;

— баға, саны, құн;

— ұзындық, ені, периметр, аудан

Құндылықтарды дарыту Топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Инт тақта
Бастапқы білім Мәтін есептер , теңдеулер, өрнек құру
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Cабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Ширату жаттығуы

Жауабы: 21

Өткен тақырыпты қайталау:

Жеке тапсырма:

Цистернаны  бензинмен  бiрiншi  насос  24  минутта

толтырса, екiншi насос 40 минутта толтырады. Екi насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?

Дескриптор:   Білім алушы

— есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

— жұмыс өнімділігін анықтайды;

— арифметикалық амалдар қолданады;

— жауабын жазады.

Үй жұмысын тексеру  №581

Жауабы:

Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен ,  бағалау критерийлерімен таныстыру.

 

 

 

Сабақтың ортасы

25 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс №583, №585

№583. Катер  тынық  сумен  жүзе  отырып  бiр  кемежайдан  екiншi кемежайға дейiн 18 мин, қайық 36 мин жiбередi. Егер олар бiр мезгiлде  қарама-қарсы  бағытта  жүзсе,  қанша  минуттан  кейiн кез деседi?

Дескриптор:     Білім алушы

— жылдамдықтарды анықтау үшін өрнек құрастырады;

— бөлшектерге амалдар қолданады;

— есептің шешімін табады.

№585. Бiрiншi тiгiншi жұмысты 20 күнде орындайды, ал екiншi тiгiншiге осы жұмысты орындау үшiн бiрiншi тiгiншiнiң уақытының 3/5-i қажет, үшiншiге екiншiге қарағанда 2 есе артық уақыт қажет. Осы жұмысты үш тiгiншi бiрiгiп қанша күн де бiтiредi?

 

Дескриптор:   Білім алушы

— есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

— жұмыс өнімділігін анықтайды;

— арифметикалық амалдар қолданады;

— жауабын жазады.

Сергіту  сәті

№586. Аква риумге су екi құбыр арқылы жiберiлсе, ол 5 сағ­та, ал бiрiншiқұбыр арқылы 6 сағ­та толады. Аква риум тек екiншi су құбыры арқылы қанша уақытта толады?

 

№587. Екi  трактор  жердi  6  сағ  жыртады.  Сол  жердi  бiрiншi  трактор жалғыз жыртқанда 15 сағ жұмсаса, екiншi трактор осы жұмысқа қанша уақыт жiбередi?

 
Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қортындылау  Рефлексия.

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді

Үй жұмысы: №584

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *