Ғылым саласын дамытудағы сапалы білім

Күллі әлем күрмелген арқандай күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Мұндай қатерді ешкімнің қаламасы анық. Алайда осы короновирус дағдарысын еліміздің көптеген аймақтарында кемшіліктердің көрінуіне себепкер болды. Күздің алғашқы күнінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Еліміздің Жаңа экономикалық бағдарын ұсынды ол «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауы. Алдағы міндеттерді айқындаған стратегиялық құжатта мынадай мәселелер қамтылған.
1. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі.
2. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму.
3. Теңгерімді аумақтық даму.
4. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты- басты басымдық.
5. Қолжетімді әрі сапалы білім.
6. Денсаулық сақтау саласын дамыту.
7. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау.
8. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында.
9. Цифрландыру-барлық реформаның негізгі элементі.
10. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы.
11. Ұлттың жаңа болмысы.
Президент осы бағыттар бойынша қандай өзгеріс қажет екендігін тізіп ауқымдағы күрделі міндеттерді алға қойып отыр. Бұлардың қайқайысыда заман талабы әрі қоғам талабы екені белгілі. Сондықтанда бүкіл әлемді қамтыған індеттің салдарынан қоғамда тұралап қалған экономиканы дағдарыстан шығару жолдарын ұсынуда шағын және орта бизнесті қолдау, мен халықты қолдау шаралары тұрғысында шешімдер анықталды. Бұл мәселе бізде ғана емес, барша әлемде өзекті екені белгілі. Атап айтқанда, денсауық сақтау бөлігінде жағдай тұрақталып, оңтайлы үрдіс байқала бастағаны халықты қуантады. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту мен білім беруде біріңғай онлайн-платформа құру міндетін анықтап берді.
Президент атап көрсеткен басым бағыттар ел экономикасының басты өзегі саналатын салалардың заманға сай дамуына зор серпін берері анық. Мемлекет басшысы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Белгілі болғандай, еңбекақы мөлшері келешекте де арта бермек. Бұл мақсатта алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінбек. Соңғы жылдары елімізде ұстаз беделін, педагог мәртебесін көтеру жолында елеулі істер атқарылып, нақты жұмыстар жүзеге асуда. Соның бірегейі, білікті де білімді, «ұстаз» деген атқа лайықты нағыз мамандар мектебінің қалыптасуына негіз болатынын атап өтті. Бүгінде мұғалім беделін арттырумен қатар, педагог кадрларын даярлайтын оқу орындарының да маңызы айқындалды.
Мәселен, бір ғана «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға бағытталған зор қадам болды. 21 баптан тұратын жаңа Заң да төрт бағыт қамтылған. Біріншіден, педагогтардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстардан босату, олардың жүктемесін азайту. Екіншіден, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту. Үшіншіден, материалдық емес ынталандыру тетіктері және төртіншіден, материалдық ынталандыру қадамдары қарастырылған. Дегенменде бүгін жариялаған жолдау осы заң аясын арықарай кеңейтпек.
Президент өз Жолдауында ғылымды дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді қозғап отыр. Әсіресе, жас ғалымдарды қолдау мәселесіне баса назар аударуда. Жас ғалымдарға арналған байқаулар, қосымша гранттар бөлінбек. Шетелде тағыламдамадан өту үшін 500 грант және «Жас ғалым» жобасы аясында тағы 1000 грант бөлуді тапсырды. Бұл өте жақсы қолдау болып отыр. Сонымен қатар Президент Жолдауында ғылымды қаржыландыру үшін ірі кәсіпорындар мен компанияларды тарту қажеттігі айтылды. Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптарының сақталмай отырғанына тоқталды.
Алайда, Президент ұлт ұстазы А. Байтұрсыновтың даналық сөзіне сүйене отырып, ұлт келешегіне тіреу болатын алты қағидатты атап көрсетеді. Біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Ал бұл қағидаттарды өмір салтымызға айналдыру үшін жас ұрпақты жаңаша тәрбиелей білуіміз шарт. Ал тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі отбасында жатқаны баршамызға аян. Президент жариялаған Жолдауды біздің ұжым ерекше ықыласпен қабылдадық және бізге жүктелген міндеттерді де абыроймен атқаруға бар күш-жігерімізді саларымыз анық.

Арынов Жумакан Маканович
Тарих ғылымдарының кандитаты,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *