«Карлы патшалықта сиқырлы ойындар»

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, бүгінгі «Карлы патшалықта сикырлы ойындар» атты қысқы спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер!

  • Біз аяздан қорықпаймыз,

Спортта біз суықпен күресеміз!- деп балалар орнынан секіріп, қолдарын шапалақтайды.

Қар ханшайымы борандатып келеді.

-Қатырымын, қатырамын! Бұл жерді не болып жатыр?

Жүргізуші: Бұл жерде спорттық мейрам өтіп жатыр.

Қар ханшайымы: Мен мейрамдарды жақтырмаймын, мен сендердің бәрін қатырып тастаймын.

Жүргізуші: Тоқта, Қар ханшайымы! Сіз таңертеңгілік жаттығуларды жиі жасайсыз ба?

Қар ханшайымы: Қандай жаттығу, мен онсызда әдемі болып көрінемін.

(Қар ханшайымы қалтасынан айнаны алып, өзіне таңдана қарап, ән айтады:

Мен әдемімін, кереметпін …)

Жүргізуші: Ия, сіз жаттығу не екенін білмейтін шығарсыз …

Балалар, Қар ханшайымына жаттығулардың қалай жасалатынын көрсетейік. Денемізді қыздырып алайық.

Балалар жалаушамен жаттығулар жасайды.

Қар ханшайымы: Мұны кез келген адам жасай алады — қолдарын бұлғап, аяқтарын соғып. Мен әліде жібеген жоқпын.

Жүргізуші: Ал,балалар шығыңдар, өз өнерлерін көрсетіңдер.

Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Шарты: екі топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Қар ханшайымы, мына сәбіздер саған, бұлар дәрумендерге толы көкөніс. Қар ханшайымы: Рахмет, тағы қандай өнерлерін бар?

Жүргізуші: Біздің балалар мықты, епті, күшті.

 

Ойын «Шанамен жарысу»

Мақсаты: Екі топтың  балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Қар ханшайымы: Иа, балалар мықты, епті екен. Мен сендермен ойын ойнағым келіп кетті.

Ойын: «Қатырамын»

Қар ханшайымы: Қалай ойыным ұнадыма сендерге?

Балалар: Иа, ұнады.

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Шарты: Қай топ шыршаны бірінші безіндеріді, сол топ жеңімпаз болады.

Қар ханшайымы: Ой, балалар, сендер қандай шапшаң, мықты, күшті екенсіңдер. Менің жүрегімді елжіреттіңдер.

Жүргізуші: Қар ханшайымы, балалармен бірге Фито – шай ішіңіз, дәруменге толы шай. Көңілді, мейірімді боласыз.

Жүргізуші: Осымен «Карлы патшалықта сикырлы ойындар» атты қысқы спорттық ойындар жарысы өз мәресіне жетті. Денсаулықтарымыз мықты болсын. Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *