Балабақша – білім мен тәрбиенің алтын діңгегі

Балабақша – білім мен тәрбиенің алтын діңгегі

Садибекова Алия

Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашан да тәрбиеленушінің ата – анасымен,жанұясымен жете танысып,үнемі қарым-қатынаста болу менің мақсатым. Тәрбиелеп отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз ата – анасымен бізге ортақ.Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі.Мұндағы тәрбие ,білім  балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады.Балабақша мәңгілік балалық шақ пен мейірімділік әлемі.Әрбір бала өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Балабақшада бала дұрыс тәлім –тәрбие алса, ертең мектепке барғанда саналы түрде сапалы білім алуға тырысады.Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.Сондықтан өз бойымызда әділдік,жауапкершілік болу қажет.Олар бір нәрсені көргенін,естігенін еш ұмытпай есінде сақтап қалады,сенгіш,ақ көңіл,білуге ,тануға ұмтылып тұрады.Барлық білімнің бастауы балабақша табалдырығынан басталады.Кішкентай сәбимен сөйлесе білу де – өнер .Оны тыңдай да білу керек.Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, Он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе  бала тәрбиеле дейді дана халқымыз.Қазіргі заман талабына  сай өнерлі жан-жақты дамыған, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелеуде балабақша өмірінің мәні зор.Балабақша деген үлкен бесік тәрбиесі. Тәлім- тәрбие алатын алғашқы қоғамдық орны.Баланы өмір сүруге икемдеу,адами қылықтарды бойына дарыту оңай шаруа емес. «Биболат» балабақшасының ашылғанына төрт жыл ғана уақыт өтсе де елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді.Мерекелік ,бақша ішілік әртүрлі оқу тәрбиелік сайыстар және де Республикалық сайыстарға қатысып,өз өнерлерін көрсетіп, бүлдіршіндеріміз  дипломдармен марапатталып алғашқы нәтижелерін көрсетіп жүр.Бұл да ұстаз еңбегінің нәтижесі.Болашағымыз балалар,балаға береріңмен келешегің бағаланады.Орыстың ойшыл ғаламы Д.И.Менделеев «мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкіртінде ,өзі шашқан ұрпағының өсіп-өнуінде» деген екен.  Және халықта «Әуелі тұқым,содан соң күтім» деген асыл сөз бар.Сондықтан,тұлғаның өсіп-өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты.Баланың жанына ақыл – білім дәнін сеуіп,аялап көңілін табатын да ата-ана және ұстаз.Ал біз жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, елін сүйетін адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қараймыз.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *