«Тәрбие — адам тағдырын шешетін, ұлы іс» (В Белинский)

Қазақ халқының қазынасында тәрбиеге толы мол мұралар бар.Соның бірі, Мұхтар Әуезовтың: «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз», — деген баға жетпес асыл сөзі бар.Шындығында бала  болашағынан мол үміт күтетін әрбір адамзат баласы, ұрпағының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз.Ертеде баланы құрсақта жатқан кезден -ақ тәрбиесіне көңіл бөлген.Олай болса, балам өмірге келген соң тәрбие нәрімен баптармын дейтін болсақ, сәл тәрбиеден кешеуілдеп қалатынымыз өкінішті емес пе?Ежелден ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған.Қазірде жеткілікті тәрбие беріп жатырмыз…дегенмен ол қаншалықты? Баланы жас кезінен өмірдің қыр -сырына төзімділікпен қарауды үйрету-ол үлкендердің міндетінде.Бала тәрбиесіне әрбір отбасындағы үлкендер жауапты.Олай болса «Жаста берген тәрбие-жас шыбықты игендей», -демекші баланың қоғамда дұрыс адам болып қалыптасуының алтын діңгегі, біздің қолымызда екенін ұмытпаған жөн.

Қоғам жақсы болсын десек, тәрбие тізгініне мықты болайық ағайын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *