Металдар,бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс

Абильдиева Нургуль Нурбековна

Ақтөбе қаласы, №73 ЖББОМ

Химия – биология пәнінің мұғалімі

Пәні: химия.

9 класс

Тақырыбы:

Металдар,бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.
Мақсаты: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыстар туралы білімді  қорытындылау және бейорганикалық қосылыстардың химиялық формуласын құруға арналған есептерді шығарту.
Күтілетін нәтиже: -жай заттар мен күрделі заттар арасындағы генетикалық байланыстың мәнін түсінеді және металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарын құрады, химиялық реакция теңдеулерін жазады;

-химиялық формула құрастыруға арналған есептерді шығарудың тәсілдерін меңгереді;

-жұптасып жұмыстану,өзін-өзі бағалау біліктіліктері дамиды.

Түйінді идеялар: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес»   (Қ. Сәтбаев).
Сабақ  кезеңдері Сабақ барысы:
1.Кіріспе 1.Ынтымақтастық орта қалыптастыру.Тренинг: «Химиялық элементтер-біздің өмірімізде»

химиялық элементтерді  қатыстырып тілек айту

  2.Жұппен отыру.
  3.Үй тапсырмасын тексеру.   «Сақина салмақ»

1.Металлургия қандай сала?  2.Металлургияның қандай түрлері бар?

3. Қара металл-ның Қазақстанда ірі кен орынд.?

4.Қазақстан қазба байлықтарының  металло ген дік картасын жасаған кім?

5.Темір кені қоры жөнінен Қазақстан Д/ж және ТМД б/ша нешінші орында?

6.Түсті металлургияның жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы?

7.Металдарды бөліп алудың қандай әдіст бар?

8.Тек электролиз жолымен алынатын металдар?

9.Шойынның болаттан айырмашылығы?  10.Болаттың қасиеттері қандай?

11.Бейметалдардың аллотропиялық түр өзгерістерін біле міз.Ал,металдардың аллотропиялық түр өзг/ рі бар ма?  12.Шойын мен болатты қайда қолданамыз?

 

2.Тұсау-

кесер

«Ой қозғау»    Ата→  әке →   бала  → немере →  шөбере →  шөпшек→ немене

Сұрақ:биологияда ұрпақтан ұрпаққа тұқымқуалау белгілерін тасымалдайтын не?/ген/,     Ме → негіздік оксид →     негіз→    Тұз

Бейметал→  ҚышО → Қышқыл  → Тұз

Сұрақ:Қалай ойлайсыздар, әр қатарда қандай элемент ақпарат тасымалдаушы ген бола  алады? /металл,бейметал/ Сондықтан бұл қатар бейорганикалық заттардың генетикалық қатары деп аталады.Ал,бүгінгі тақырып: «Генетикалық байланыс» деп аталады.

3.Негізгі бөлім Мағынаны тану

1.«Генетикалық қатар» ойыны үш қатар бойынша жүргізіледі.

І-қатар: SiO2→    Na2SiO3→    H2SiO3 →   SiO2 →    Si ІІ-қатар: Zn→ ZnSO4 →  Zn(OH)2 →     ZnO→  K2ZnO2

ІІІ-қатар:CuCI2→Cu(OH) 2→ CuO→

CuSO4→ Cu(OH) 2

Екі қатар лента қағазға жазып іледі.

3-ші қатар тақтада орындайды.

Сұрақ:Генетикалық қатардың белгілері қандай?

1.Әр кластың заттары;

2.Әр түрлі қосылыстарда бір химиялық элемент бар;

3.Бір-бірімен тығыз байланыста.

 

  Бекіту.Сандық есеп : «Тұрмыста қолданылатын металдардың жəне олардың қосылыстарының молекулалық формулаларын анықтау»

№1 есеп: Кондитер өнеркәсібінде қолданылатын ас содасының құрамы 27,38% Na, 1,19%H, 14,29%C  және 57,14% оттектен тұрады. Осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.

№2 есеп:Массасы  2,66 г  зат толық жанған кезде  1,54 г  көміртегі (ІV) оксиді  және  4,48 г  күкірт (ІV)  оксиді түзілді. Заттың қарапайым формуласын анықтаңыздар.

№3 есеп: Құрамына алюминийдің 9 массалық бөлігі, оттектің 8 массалық бөлігі кіретін заттың химиялықформуласын тап.

/Есепті шығарып аяқтаған оқушылар шеңберді көтеріп белгі береді,есепті ауызша оқиды,қалған жұптар тексереді.Өз қатарынан көмек сұрауға болады/

Слайд бойыншатексеріледі

 

  3. «Химиялық эксперимент»

/бір ғана мүмкіндік,себебі бір пробирка/.

1-жұп: Fe(OH)2алу;      2-жұп:Cu(OH)2алу;

3-Жұп:BaSO4  алу.       4-жұп:Fe(OH)3алу;

4. Рефлексия

Ой-толғаныс

«Танымдық тапсырма»

1.      «Зертханадағы попугайдың аман қалуы» ;

2.     Жұмыртқаның тұз қышқылында батуы;

3.     «Теміржол рельсінің құпиясы»

«Рефлексия»-кері байланыс

5   Үй тап сыр масы «Металдар мен бейметалдардың адам өміріндегі маңызы»-эссе
6.Бағалау. «Маршрут картасы» өзін-өзі бағалау.

«5»-көк, «4»-сары  дөңгелектерін көтереді.Сабақтың білім сапасын шығару.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *