Қиял – адамға тән қасиет

6- бөлім: Қиял әлемі Қаратал ауданы І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күні: Мұғалімі: Тлеубаева Самал Бақытқалиқызы
Сынып : 5 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы Қиял – адамға тән қасиет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 5.1.3.1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша  ақпаратты анықтау.

5.1.2.1.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі   (ән мәтіні, хабарлама,  жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы:Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.Негізгі және қосымша  ақпаратты анықтайды

Оқушылардың көпшілігі: Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі   көтерілген мәселені түсіндіреді.

 Оқушылардың кейбірі: «Ашық микрофон» әдісі  бойынша берілген  тапсырманы  жоғары деңгейде орындайды.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу-түсіну, қолдану

 

 

Бағалау                        критерийі —          Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

—          Негізгі және қосымша  ақпаратты анықтай алады.

—          Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі   (ән мәтіні, хабарлама,  жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіре алады. Кейбір оқушылар тапсырманы жоғары деңгейде орындайды.

 

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: түсінеді, мазмұндайды, түзетеді.

Мәтінге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері:

Жеті қат жер, жеті қат аспан, ғаламат, ақиқат, Галилей, Коперник, аспанға ұшу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

— Қиял дегенді қалай түсінесің?

— Қиял мен арман екеуі бір ұғым ба?

— Қиялдың пайдасы бар ма?

Құндылыққа баулу Қиял әлемінің шексіздігін сезіну, қиял мен ақиқат аражігін ажырата білу.
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, астрономия
Алдыңғы оқу Қиял туралы мәлімет

Қысқа мерзімді жоспар

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Сабақта орындалатын іс — әрекеттер

 

Оқытуресурстары
Басы 

10 минут

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық ахуал туғызу.

— Сәлеметсіздер ме, оқушылар?! Бүгінгі күнгі көңіл-күйлеріңіз қандай?  Бүгінгі күннің сабағына дайындықтарыңыз қалай? (Оқушылардың жауабын тыңдаймын).

— Жақсы.

— Оқушылар, партаның үстінен  қиынды қағаздарды бір-бірден аламыз.

1-топ «Шындық»,  2-топ «Қиял»  тобы болып бөлінеміз.

— Оқушылар, бүгінгі сабақта геометриялық фигуралар арқылы сіздердің  берген жауаптарыңызды бағалаймын. «Бес бұрыш» — «өте жақсы» баға; «Төрт бұрыш» — «жақсы» баға; «Үш бұрышты» — «орташа» баға. Сабақ соңында әр топтың жинаған фигураларын санап, бүгінгі сабақта қай топтың белсенді болғанын анықтаймыз. Олай болса, оқушылар, бүгінгі сабақта белсенділік танытуларыңызға тілектеспін.

 — Оқушылар, үйден Қиял туралы мәліметтер жинақтап келуге берілген болатын.

Олай болса,  «Ой шақыру» стратегиясы бойынша  мынадай сұрақтарға:

— Қиял дегенді қалай түсінесің?

— Қиял  мен арман екеуі бір ұғым ба?

— Қиялдың пайдасы бар ма? жауап беріп,

«Дара диаграммасын» толтырамыз.

Қиял

 

 

 

 

 

 

 

Қай топ бірінші болса, «Үш шапалақ» әдісі арқылы белгі береміз.

2-топтың оқушылары  жауапты толықтырамыз.

Оқушылардың жауабын дөңгелекше, ал топтың  жауабын  фигура арқылы өзім бағалаймын.

 

Кері байланыс:

«Керемет» сөзі арқылы қолдау көрсетемін.

 

-Оқушылар, қиял араласқан сөздер өлең жолдарында, диалог, монолог,  ән мәтінінде де кездеседі. Олай болса, бүгін осы  мақсатта жұмыс жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиынды қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағаз, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы 15минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

5минут

 

 

2 минут

 

 

2 минут

 

 

 

1 минут

 

Оқулық бойынша жұмыс жасаймыз.

1-тапсырма:  Барлық оқушылар орындайды.

 

Оқушылар, «Фантазия» өлеңін аудиотыңдалымнан тыңдаймыз. Өз даусыммен оқимын.

 

Берілген өлең

Жеті қат жерің мына төңкерілген,

Жеті қат аспанымен көмкерілген.

Адамзат оның бәрін ерте білген,

Ертегіде табысқан ертеңімен,

Ғаламаттар туылған ертегіден.

 

Ғаламаттар жасалған ертегіден,

Ертегілер қиялын ерте жүрген.

Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат

Галилей, Коперниктен ерте білген.

 

Барлығын да адамзат қиялдаған,

Қиялдап жер бетіне сын алмаған,

Ойлап-ойлап отырып кілемімен

Аспанға ұшудан да ұялмаған.

 

Қиялдап менің дана, байғұс бабам,

Алайда атқа мініп, айға ұшпаған.

Бабамның қиялымен қанаттанып,

Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.

М.Мақатаев

 

Өлең мәтінінен тапсырмаларды орындаймыз.

А)Өлең мазмұнын түсініп оқимыз.

Қиял араласқан жолдарды түртіп  жазып отырамыз.

 

Ә)«Прожектор» әдісі бойынша

Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаймыз. Негізгі сөздердің астын бір сызықпен, қосымша ақпараттың астын екі сызықпен сызамыз.

Дескрипторлар

—          Өлеңнің мазмұнын түсініп оқи алады.

—          Өлеңнен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.

Тапсырманы орындап болған соң топ жауабын фигура, ал оқушы жауабын дөңгелекше арқылы бағалаймын.

 

Кері байланыс:

«Тамаша»  сөзі арқылы оқушыларға қолдау көрсетемін.

 

 

2-тапсырма: 

Оқушыларға  «Ана, мен сені Меккеге апарамын»  ән мәтінін  үлестіріп таратып беремін. Оқушылар топпен жұмыс жасаймыз.

 

Ана, мен сені Меккеге апарамын,

Жанарым — ана, дара шыңым — ана.

Бар асылым — ана, шуағымсың.

Бағбанымсың — әке, зор бағымсың – әке,

Қорғанымсың  — әке, шырағымсың.

Қайырмасы:

Ана —  аяулым, өзіңмен мақтанамын,

Ана, мен сені Меккеге апарамын.

Ана  — баланың қолдағы бақ талабың, бұлағымсың.

Әке —  бір жылы сөзіңе шаттанамын.

Әке —  мен сені Меккеге апарамын.

Әке —  биікке самғайды баптағаның, шынарымсың, әке.

 

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған,

Сенім берген маған ай-күнімсің.

Қамқорларың — ана, сүйенішім — дара,

Әке мен ана байлығымсың.

 

Тапсырма: Ән мәтінін түсініп оқимыз. Қандай мәселе көтерілгенін түсіндіреміз?

Дескриптор:  1.Ән мәтінін түсініп оқи алады.

2.Көтерілген мәселе туралы  айта алады.

3.Қиялмен берілген өлең жолдарын таба алады.

 

Кейбір оқушыларға жеке тапсырма беремін.  «Мен ғарыш әлеміндемін» тақырыбында монолог жазады.

Мынадай дескрипторды ұсынамын.

1. Қиял туралы өз ойын жаза алады.

2. Қиял туралы ішкі сезімін еркін жеткізе алады.

 

Ал кейбір оқушылармен  диалог жүргіземін.

Төмендегі сұрақтар төңірегінде:

1.Сіз жиі қиялдайсың ба?

2.Қиялым шындыққа айналса,- деп армандайсыз ба?

3.Фантастикалық киноны көресіз бе?

4.Фантастикалық киноны көріп отырып, қиялға беріліп кететін сәттеріңіз болды ма?

«Ашық микрофон» әдісі арқылы берілген тапсырманы сұраймын.

 

Оқушылардың жауабын фигуралар арқылы бағалаймын.

Кері байланыс:«Жарайсыздар!» сөзі арқылы қолдау көрсетемін.

Сабақ соңында топтардың жинаған геометриялық фигураларын санаймын, қай топтың ұпайы көп, сол топ мүшелері «белсенді» топ аталады. Кейбір оқушылардың дөңгелекшесін санап, «Жанасу» әдісі арқылы қолдау көрсетемін.

2-топты белсенділік танытуға, нәтижеге жетуге бағыттап ұсыныс айтамын.

 

Рефлексия: — Оқушылар, бүгінгі сабақ бойынша  ойға түйгендеріңді стикерге жазып,  «Кілт» суреті салынған қағазға жапсырыңыздар.

 

Үйге тапсырма:  М.Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі тақырыбында танымдық сабағына жарнама жазып келеміз.

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

Өлең мәтіні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ қағаз

Ән  мәтіні

«Ана, мен сені Меккеге апарамын»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді-қалай бағалайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Әр тапсырманы орындаған соң, кері байланыс жасап,қолдау көрсетіп, мадақтап отырамын.

Қабілетті оқушылардың деңгейіне, қызығушылығына қарай шығармашылық тапсырмалар бердім.

Бағалау:

Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Барлық бағалау дескрипторға сәйкес бағаланады.

Әр тапсырма бойынша топтың  жауабын түрлі фигуралар, кейбір оқушылар жауабын дөңгелекшелер  арқылы бағалап отырдым. «Қошемет» сөздер арқылы қолдау көрсетіп отырдым.

 Пәнаралық байланыс –

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, астрономия

Денсаулық және  қауіпсіздік ережесін сақтаймын. АКT-мен байланыс -аудиотыңдалым .

Құндылықтарын дарыту: Қиял әлемінің шексіздігін сезінді, қиял мен ақиқат аражігін ажырата білді.

 

 

Сабақта қолданған әдістерім:

«Дара диаграмма»,  «Түртіп алу»,

«Аудиотыңдалым»

«Прожектор», «Ашық микрофон»

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен  жосарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Сабақ мақсаты шынайы болды. Бүгін оқушылар «Қиял» ұғымы туралы түсінік алды. Өлең мәтінінің мазмұнын түсінді, негізгі және қосымша ақпараттар алды. Ән мәтіні бойынша тапсырма орындады. Монолог жазып, диалог құрастыра алды.

Сынып ахуалы жоғары болды. Жоспарлаған саралау жұмыстары тиімді болды. Әр тапсырманы уақытында беріп, тексеріп үлгердім.

Сабақты жоспар бойынша жүргіздім.

Қорытынды бағамдау

 

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқуды да, оқытуды да ескеріңіз)

1.      Әр тапсырмадан соң кері байланыс жасау табысты болды.

2.      Сараланған мақсатында құрастырылған тапсырмаларды жүйелеу тиімді болды.

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады. (Оқуды да, оқытуды да ескеріңіз)

1.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы сабақты жақсарта алды.

2. Тақырыпты меңгертуде оқушыларға өз бетінше жұмыс жасау сабақты жақсарта алды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін  білдім?

Жекелеген оқушыларға  өз бетінше іздену жұмыстарын жоспарлауды білдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анкета

 

Аты-жөніТлеубаева Самал Бақытқалиқызы

Облыс  Алматы

Аудан Қаратал

Қала  Үштөбе

МектепІ.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебі

Лауазымқазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Тақырып     Қиял – адамға тән қасиет

Эл.почта           tleubaeva_72@mail.ru

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *