Көңілді аспазшылар.

Тақырыбы:  Көңілді  аспазшылар.

Мақсаты : Саусақтардың  икемділіктерін  арттыру, жұмыс  барысында  балалардың  өз  алдына  жеке  әрекет  етуімен  белснеділігін  дамыту, бояумен  және  қамыр,  құммен  ұқыпты  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыру.

Қажетті  құрал-жабдықтар : түрлі-түсті  бояу, қамыр, құм

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:  баланың  зейінін  сабаққа  аудару,  ой  қозғау (көрініс  арқылы)

Жаңа  сабақ: Сәлеметсіңдер  ма  балалар! Көңіл- күйлерің  қалай,  жақсы  ма?

Ертегідегі  әже  кейіпкердің  келуі:  Балалар  есікті  қағып  жатыр, ол  кім  болды  екен? Бұл  біздің  әжеміз  ғой!  Келіңіз  әже, қош  келдіңіз»  Сізге  не  болған?  Көңіл – күйіңіз  жоқ  қой?

Әже:  Иә  балаларым, бүгін  менің  туған  күнім. Ал  қу  түлкі  менің  бауырсағымды  жеп  қойыпты. Бұл  бауырсақты  соңғы  қалған  ұныма  пісіріп едім, енді  кешке  келетін  қонақтарыма  не  берем

Мұғалім:  Ой  балалар!  Әжемізге  қалай  көмек  береміз   Біз  тәтті  тоқаш  пісіре  аламыз ба

Балалар:  Иәәәә

Мұғалім:  Олай  болса  біз  бір  сәтке  аспазшы  болайық! Үстіміздегі  киімдерімізді   ауыстырайық! Балалар  қалай  ойлайсыңдар аспазшы  деген  кім Бір  сәтке  назарларыңды  тақтаға  аударыңдар. Аспазшы – тасақ  өндірісінің  маманы. Жақсы  аспазшыны  кейде  сиқыршы  деп  атайды, —өйткені  ол  ең  қарапайым  өнімдерді  дайындауға  нағыз  шебер,  ол  адамдарға нағыз  қуаныш  пен  ляззат  жеткізеді. Ал  енді  балалар  біз  әжемізге  тәтті  тоқашымызды  пісіруге  кірісейік!

Тапсырма № 1: Қамырды  илеп,  жайып  дөңгелек  пішін  берейік. Үстін  түрлі   әшекейлерімен   безендіру.

Тапсырма № 2: Картоннан  жасалған  құтының  үстіне  түрлі  жемістер   жабыстыру.

Тапсырма № 3: Құрғақ  құмға  саусақпен  әр түрлі  пішіндер  салу.

Мұғалім: Балалар  жарайсыңдар! Барлық  тапсырманы  жақсы  орындадыңдар. Енді  ортаға  әжемізді  шақырайық.

Әже: Ой  балаларым  Рахмет. Сендер  көп  еңбектендіңдер, шаршадыңдар, ал  енді  ойын  ойнайық.

Ойын:  «Кім  жүйрік?»

Бағалау:Балаларды мадақтау

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *