Қызықты саяхат

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,Аппликация

Тақырыбы: «Қызықты саяхат»

Мақсаты: Балаларға 1-5ке дейінгі сандар туралы білімдерін бекіту. Реттік санау дағдысын қалыптастыру. Геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау.Жаңа технологияны қолдануда әдептілік сақтауға  тәрбиелеу.

Әдіст-әсілдер, технологиялар:  Түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Күнге қарап қолымды

Бір-екі-үш деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

Балалардың жылу лебіздері.

Ұйымдастыру-шылық

Ғажайып сәт. Ғажайып саяхатқа бару.
-Жарайсыңдар, балалар, ал сендер саяхатқа барғыларың келе ме?
— Ендеше балалар бүгін менімен бірге математика еліне саяхатқа шығасыңдар ма?
— Олай болса мен сендерді ортаға шақырып, сиқырлаймын келісесіңдер ме?
Балаларды ортаға шақырып, отырғызып сиқырлау.
— «Сим — салабим», «Сим — салабим»
— Ой, балалар қараңдаршы біздер қайда тап болдық?
— Бұл недеген ғажайып әлем!
— Мінекей қараңдаршы біздер ғажайып математика әлеміне тап болдық.
— Бұнда сендерге ұнайды ма, ал ендеше бәріміз жақсылап жайғасып алайық.
Ханшыйым: – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер математика еліне келдіңдер. Мен математика елінің ханшайымы боламын.
– Балалар, олай болса менің тапсырмаларымды орындауға келісесіңдер ме?

– Міне, менің тапсырмаларым. (тәрбиеші қолына береді)
– Қане, қандай тапсырма бар екенін көрейік. (хатты ашып сұрақтарды қою)

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем  айлары нешеу және қалай аталады?

-Көктемнің  табиғат ерекшеліктері қандай?

-Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Қане балалар, енді экранға назар аударайық!

 «1 ден 5-ке дейін тура және кері санау.

Енді тақтадағы сандарды ретімен орналастырып шығайық.

«Сандарды ретімен орналастыру»

б)«Суретпен санды сәйкестендір»

в) «Фигураларды боя»

Сергіту сәті.

Ал балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарап үшбұрыш,
Солға қарап төртбұрыш
Ауада сызып алайық.
Жоғары — төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Ханшайым сөйлейді:

-Тапсырмалардың барлығын орындап шықтыңдар. Сендерді бос жібергім келмейді. Сендерге әдемі пішіндерді сыйлағым келіп тұр.

— Ал балалар, ханшайыммен қоштасып тобымызға қайта оралайық.
— Ол үшін мен сендерді тағыда ортаға шақырып сиқырламақшымын
— Мінекей тобымызға да келіп жеттік.

-Ал балалар осы ханшайымның сыйлығымен не істесек болады? Маған бір ой келді, осы пішіндерден әдемі жалаушалар жасасақ қалай болар еді?

Үлгіні көрсету, түсіндіру:

Рефлексиялық-түзетушілік

— Балалар, біздер қайда саяхатқа шықтық?
– Кіммен таныстық?
— Қандай тапсырмалар орындадық?
— Сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Онда қонақтарға да, қош сау бол деп айтайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:1 ден 5-ке дейінгі сандарды

Түсінеді: Жалқаубекке көмек беру арқылы тапсырмаларды

Меңгереді: Жаңа технологиямен жұмыс жасауды

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *