Тақырыбы:Түрлі-түсті ленталар.

Алматы қаласы
Жетісу ауданы
КММ«№103 санаториялық
бөбекжай-балабақшасы»
Тұрлыбекова Шархан Абдезовна
тәрбиеші
Білім беру саласы: Денсаулық.

Оқу қызметі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Түрлі-түсті ленталар.

Мақсаты:Балаларды түрлі-түсті ленталармен жаттығу жасауға үйрету және лента үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Көмекші көрнекіліктер: түрлі-түсті лента бала санына сай, саңырауқұлақтар, доғалар.

Оқу қызметі барысы
Музыка әуенімен балалар сап түзеп тәрбиеші артынан залға кіреді.

Саппен жүру.

Жүріс түрлері:
Алыптар боламыз. Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру
Құйтақандар боламыз. Еңкейіп жүру
«Досыңды тап» . Бір қатармен келе жатыптәрбиеші белгісімен екі жұпқа бөлініп, қайтадан саппен бір қатарға түсіп жүреді, тәрбиеші белгісімен алға және кері бағытта жүгіреді, жүрумен алмастыру.
Тынысын қалыпқа келтіру жаттығуы. Шамды үрлеу.

Тәрбиеші: Балалар бүгін мен сендерді түрлі-түсті сиқырлы ленталар әлеміне қонаққа шақырамын. Қазір барлығымыз назарымызды тақтаға аударайық.Балалар лента дегеніміз не? Лента неден жасалады? Ленталардың қандай түстерін білесіңдер?
Балалардың жауабы.
-Олай болса түрлі-түсті ленталар әлеміне аттанайық. Сендерді жолда бірнеше тосын сыйлар тосып тұр.Балалар,қараңдаршы біз саңырауқұлақтар алаңқайына тап бодық.
Өсіп тұрған саңырауқұлақтарды ұстап көрейікші.
Дыбыстар беріледі.
Балалар бұл ғажайып саңырауқұлақтар екен, тыңдаңдаршы, мен жақындасам керемет дыбыс естіледі.
Балалар таңдана қарайды. Балалар,сендер ғажайып алаңқайға келдіңдер,кім саңырауқүлақты көтерсе, астында сыйлық тосып тұр. Ал енді осы керемет ленталармен жаттығулар жасайық.

Жалпы дамыту жаттығулары(лентамен)

Б.қ негізгі тұрыс. Екі қолында лента төменде,1-2 лентаны жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен тұру. 3-4 бастапқы қалыпқа келу

2.Б.қ аяқтарын сәл ашып тұру,лента төменде 1-оң жаққа бір қадам жасап,лентаны жоғары көтеру. 2- бастапқы қалыпқа келу,3-сол жаққа бір қадам жасап,лентаны жоғары көтеру,4- бастапқы қалыпқа келу.
3. Б.қ лентаны төмен түсіріп тұру.1-отыру,2- лентаны жоғары көтеру,3- лентаны түсіру,4-бастапқы қалыпқа келу.

4.Б.қ аяқты йықтың деңгейінде қою,лента йықта. 1- денені оңға, 2-бастапқы қалыпқа келу,3-солға бұру,4- бастапқы қалыпқа келу .

5.Б.қ лентаны жерге қойып, қолды белге қойып,лента үстімен ары-бері секіру.
Тынысын қалыпқа келтіру жаттығулары.

1. Лентаны үрлеу

Негізгі қимылдар

1.Лента үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

2. 2-доғаға байланған лента астымен еңбектеп жүру.

3.Лента үстімен секіру(тасқын әдісі бойынша).

Тынысын қалыпқа келтіру жаттығулары.

Қимылды ойын:Бүркіт пен балапандар

Тыныш ойын: «Кім тез жинайды»

Тәрбиеші: Ал енді қыздар ленталармен әдемі би билейік

Лентамен би: қыздардың орындауында

Тәрбиеші:- Балалар сендерге түрлі-түсті ленталар әлеміне қонаққа бару ұнады ма?
-не себепті?
-сендер қандай түсті лентаны ұнаттыңдар?
Балалар жауабы…

Оқу қызметін қорытындылау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *