Балабақша – бақыт мекені.
Эссе
Балабақша – бақыт мекені.
№58 Өркен балабақшасының тәрбиешісі: Каренеева Венера Ерболовна
Балабақша -баланың өмірге аттаған, алғашқы қадамы. Басқаналғашқықадамынан,баланыңболашағықаланады.Балабақшадаберілгентәрбие – барлықтәрбиеніңбастамасыәріжан – жақтытәрбиемендамытунегізінқалайтынорын.
Балабақша – білім мен ортағабиімделудің тірегі, бастамасыдесек, ал тәрбиеші – солбалабақшаның жүрегі, яғниолардыңқолындабаланыңтағдырытұрады. Біздіңмамандығымыздыңқыры да, сыры да сол – күнсайынкөзалдымыздаөсіп, дамыпкележатқанжасұрпақпенжұмысістеу. Өміргекелгенәрбірнәрестеотбасындаата-анасынанбастап,барлықтуған-туыстардыңмахаббаты, мен жылулықшапағатынабөленіпөседі.Әротбасындатәлім – тәрбиеалып 3 жасқатолғандаата-аналаржүректерініңбір-бөлшегінсеніп,толықтайбіркүнгебалабақшаәкеліптапсырады.Солорайдаананыңорнынаана бола білетінол-балабақшатәрбиешісі.
Әрбіркішкентайғанабүлдіршіндіөміргеендіаяқбасқансәттен көңілініңкілтінтауып, олардың жеке тұлғаболыпқалыптасуынаүлесқосатын алтын ұя-балабақша. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықтықажетететінүлкенкәсіпиелеріжұмысатқарады. Өйткені, бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие беріп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктеледі. Баланың дажеке тұлғасы қаланып,тұлғаның«Мені»қаланатынкезеңі де – балабакшада. Ары қарайөмірдіңөсусатысындабілім мен тәрбиеұйымдарындақалыптасқанбірізділікжүйеарқылыөзкөзқарастарынқалыптастырып, «Мені»- танылып, жекетұлғаретіндеқоршағанортадаөзорындарын тауып ,азамат болып қалыптасады.
Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бір үйдің кенжесі, біреуі тұла бойы тұңғыштары. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да ол- балабақша.
Балабақшадағы оқу қызметтері бес сала бойынша іске асырылып, барлығы ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады. Тілдері дамып ортаға биімделіп, қарым-қатынасқа негізі қалыптасады., Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын,ұзын қысқа үлкен кішісін ажыратуға,жапсыру, мүсіндеу,суретсалу арқылы шығармашылықтары дамытылып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімделулері, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақын танысып,ортаға жылдамырақ үйренеді. . Өздері әр түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстап баланың өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі ұшан теңіз. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ,ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізу арқылы білім нәрімен сусындатады. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Балабақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасы деп білуіміз керек.
Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт- ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған баламен, балабақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де және басқада жағдайларда да айырмашылық көп.
Ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?»- деген сұрақтар мазалайтыны түсінікті. Сондықтан да балабақша-тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, балабақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен қатар балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін –сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.
Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, әр түрлі болашақ мамандық иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет.
Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, ұстазға байланысты. Баланың болашаққа қадам алып,жан-жақты,қоршаған ортасымен танысып,ең бірінші білім мен тәрбие алатын орны – балабакша. Сондықтан тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. «Мұғалімнің ең жауапты міндеті – ол адамды қалыптастырады.» М.И.Калинин, міне, біздің міндетіміз айқын.Олай болса заман талабынан қалмай, болашақ жастарымызды тәрбиелейік. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір баланың өз ана тілінде тілі шығып, сол тілде ойлау,сөйлеу қабілетінің дамуы,ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуы,патриоттық сезімдерін ояту жолдары болып табылады. . Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа,патриоттыққа тәрбиелейік. Балабақшабақыттыңеңбіріншібаспалдағы, баланыңболашағы.