«Заманауи тәрбиеші – ол өз Отанының патриоты»
«Заманауи тәрбиеші – ол өз Отанының патриоты»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз».
Қазіргі технологиялар дамып,көз ілеспес жылдамдықпен түрленіп келе жатқан қоғамда тәрбиешіге койылатын талаптар өте жоғары .Биік кәсіби шеберлікке қоса ,ол өзгерістерге бейімделіп, шешім қабылдағанда жауапкершілік және дербестік таныта алатын қасиеттерге ие болуы қажет, баланың тілін таба алатын сезімтал жайдары жақсы болуы тиіс себебі ата-аналар оған ең қымбаттысын баласын сеніп тапсырып отыр.Менің ойымша тәрбиеші мамандығының ауыртпалығы ерекше ауыр-себебі тәрбиеші кішкентай баланы бірінші болып тәрбиелеп оның тұлға ретінде қалыптасуының іргесін қалайды.Бала бұл өмірге дәптердің таза парағы сияқты келеді,тәрбиеші осы баланың дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Егемен еліміз ерекше өркениетке бет бұрған тұста бүлдіршіндерімізді заман талабына сай, ел тізгінін ұстауға лайық, халық мүддесін ойлайтын жоғары рухты адамзат ретінде тәрбиелеу әрқайсысымыздың басты парызымыз. Бала бойындағы табиғи қасиеттер адамгершілік құндылық кең отбасында, балабақшада, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып өрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Осы орайда балабақшаның атқаратын рөлі зор. Сондықтан балабақша қызметкерлерінің міндеті – төмендегідей жұмыстарды сапалы, нәтежелі жүзеге асыру болып табылады.
Педагогикалық-психологиялық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Жас ұрпақты ұлттық рухта мемлекеттік ана тілінде, халқымыздың ата-салтына тәрбиелеп, еліміздің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына лайықты деңгейде сапалы оқыту. Мәдениетке, өнерге баулу. Бұл міндеттерді дүниеге келген күнінен бастап отбасында, балабақшада тәлім-тәрбие беріледі. Баланың бүгінгі жасаған қадамы, ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Бала тәрбиесі ата-ана мен балабақша арасындағы ортақ мәселе, сондықтан тәрбиеші ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі орнын ешкім алмастыра алмайды. Отбасының жылылығы, баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді. Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда тәрбиеші жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп, түрлі әдістермен пайдаланғаны жөн. Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі тұрады. Ал бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық дәстүр қалыптасқан, инабатты да ибалы, мейірімді, адамгершілігі мол, рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру балабақшаның бірден-бір міндеті. Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші – педагог екені белгілі. Ол өзінің кәсіби шеберлігі, біліктілігі, құзыреттілігі арқылы баланың бойына тәрбие, білім нәрін сіңірте біледі. Балалардың өмірінде, тәрбиесінде тәрбиеші орны маңызды. Тәрбиеші-педагог жас ұрпақтың рухани жетекшісі. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Балалар еліміздің бүгіні мен ертеңі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру – менің басты мақсатым.
2013 бастап Нұр-Сұлтан қаласы, №66 «Толағай» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер болып қызмет жасаудамын. Онда 2 жастан 6 жас аралығында балалар бүгінгі күн талабына сай тәрбиеленіп, білім алады. Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүргіземіз. Балабақшадағы балалардың ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие жұмысымызды танымдық процестерін арттыру мақсатында іс-ашаралар жүргіземіз. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында баланың ойлауын, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, сөздік қорын дамытатын әр түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар береміз. Бұл ойынды балалар қызыға ойнайды. Ата-аналарға арнап «Отбасындағы әдептілік», «Менің балабақша туралы көзқарасым» тақырыптарында тест сұрақтарын өткіземіз. Балабақшамызда балаларға эстетикалық тәрбие беруде музыка сабағынан ән жаттатамыз, би билеуді үйретеміз. Балабақшада балалармен сурет саламыз, саусақпен бояу, үрлеу, бастырма әдісі, жапсыру, умаждау, коллаж, бүктеу, табиғи материалдардан панно жасаймыз. Орманға саяхатқа шығамыз. Табиғатты аялау, ол біздің ортақ үйіміз екенін түсіндіріп, балалармен бірге орманды қоқыстан тазалаймыз.
Сонымен қатар биыл 3-ші жыл «Арт-терапия» кластері бойынша жоспарға сай жұмыс жасалып жатыр. Мақсатымыз: балабақшаның оқу тәрбие процестеріне арт – терапия әдістерін еңгізу және балалардың сөзбен жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларын арт-терапияның әдіс-тәсілдері арқылы сыртқа шығару. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Біз өзіміздің балабақшамызда ата-аналарымен байқаулар, көрмелер, жиналыстар, кездесулер ұйымдастырамыз. Ашық есік күндері, біздің ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбын талқылап, оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстырып, ата-аналардың пікірлерін тыңдаймыз. Әр мейрамға арнап отбасылық газеттер шығарамыз. Кез келген ата-ананың өз баласының іс-әрекетін көргісі келетіні жасырын емес, сондықтан мерекелік сауықтарда бүлдіршіндер әннен, биден, жырдан шашу-шашып, ертегілерден көрініс сомдап, өз қабілеттерін ортаға салады.
Балабақша тәрбиешісі менің ойымша – өз еңбек жолын тек балаларға арнайды, оның жүрегі мейірімділікке, рухани адамгершілік сезімін толтыруға тырысады.
Менің педагогикалық ұстанымым: «Бала- бұл толтыратын ыдыс емес, ол-от, жалын оны тұтатып жандыру керек.»
Сіздер менен бұл не үшін керек деп сұрарсыздар? Мен жай ғана жауап беремін: Бақытты болу үшін. Менің қалауым сіздер, отбасыларыңыз, біздің балаларымыз бақытты болсын.Біздің мамандық қажет және қоғамға, болашақ өмірге дайын,өзіне сенімді,одан әрі оқығысы дамығысы келетін баланы дайындайды.
Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының, балабақшаның, мектептің де мақсат мүддесі біреу – ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.