Ұлттық ойындар халық мұрасы

Тақырыбы: Ұлттық ойындар – халық мұрасы

Мақсаты:

Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс–әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: арқан, жылқы макеті, қамшы.

Барысы:

Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер!  Бүгінгі «Ұлттық ойындар – халық мұрасы»  атты сайысымызға қош келдіңіздер!  Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас  спортшылар жеке – жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды.

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз,
Жарысымызды ал енді бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!» деп,
Жалынды ұран тастаймыз.

Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр.

 

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

Жүргізуші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз. Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық…

Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу

Ұлттық ойын «Бәйге». Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 – 4 м қашықтықта межелер белгіленді. Екі топтың балалары ( арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады.  Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады.  Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады.  Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

Жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар! Седер өз ептіліктерің мен жылдамдықтарыңды көрсете білдіңдер. Келесі кезең «Арқан тартыс» ойыны.

          Ұлттық ойын «Арқан тартыс». Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі.  Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады.  Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

 

Жүргізуші: – Өте жақсы балалар! Белсенділік танытып ойынға жақсы ат салыстыңдар! Келесі ойнайтын ұлттық ойын «Теңге алу» деп аталады. Алға!

Ұлттық ойын «Теңге алу».Ойын шарты:  Бұл ойынды ер балалар ойнайды.  Аттың орнына шыбық ат пайдаланады.  Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды.  Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп  есептеледі.

           Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан – жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған сайысымызды қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Көріп тамашалағандарыңызға  рахмет!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *