Тәуелсіз толғау

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Н Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының Тарих пәнінің мұғалімі : Кирбасова Бахытгуль Жилкибаевна
Тарих тарту еткен Тәуелсіздік
Бабам іздеген ішінен бұлдыр сағымның , Анам жаратқан азаттық деген қағыңмын. Босатып бодан босағасының басқұрын Тәуелсіздігім, табалдырығыңа табындым . Шаңырағымнан шуақтап енді ақ нұрым, Тарқауын шешті тарих ішінен тағдырым . Қағаннан қалған мың жылғы асыл мұратпын, Әз баба сөзін жаранға жазған жарғымын . Абылай ханның ақ туы болған арманмын, Шоқтығым шоқай боп туған заңғармын . Тос тосқан аққа Алашпын аңсап ақ таңын, Тәбәрігімін тархандар менен тарланның . Тәңірден басқа пешене пәрін сұраман, Кеудемде ділім, көңілде күнім дін аман . Қазақ дегеннің қандай екенін ұғындырды, Нұрлы дүниенің назарын бұрып Нұрағаң ! Алтайым, Арқа, Жетісу, Сырым-ардағым, Кенелсін бақыт, кенейсін іргең, жан-жағың . Арайы көктің қанатты тектім-байрағым

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *