«Көкөністер мен жемістер туралы ертегі»

Мақсаты: Б Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма
Күні: 18.04.2019 ж
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер туралы ертегі»
Мақсаты: Білімділігі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Дамытушылығы: интонацияларды ажырата алу және оларды айту, тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.
Тәрбиелігі: өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу, басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
Көптілділік: дәрумен – витамин – vitamin, жеміс – фрукты – fruit, көгөніс – овощ – vegetable
ілімділігі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Дамытушылығы: интонацияларды ажырата алу және оларды айту, тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.
Тәрбиелігі: өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу, басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
Көптілділік: дәрумен – витамин – vitamin, жеміс – фрукты – fruit, көгөніс – овощ – vegetable
Көрнекіліктері: суреттер, слайд,көкөністер мен жемістердің муляждары, т.б
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушы.
Шаттық шеңбер
Қане достар тұрмайық,
Шеңберді біз құрайық
Жақсы жақсы тілектер
Бір бірімізге сыйлайық
Қуанышпен шаттықпен
Сабақты біз бастайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Дұрыс, Көктем мезгілінде неше ай бар?
Осы көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Бір аптада қанша күн бар?
-Дұрыс айтасыңдар жеті күн бар екен.
Жарайсыңдар , Осы апта күндері кім маған атап береді?
Балалар өткен тақырыпта біз қандай ертегімен таныстық?
Дұрыс айтасыңдар , Мақта қыз бен мысық ертегісі екен.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғалы тұрмын жұмбақты шешемізбе?
Олай болса мұқият тыңдаймыз.

Аспай піскен,
Қайнамай түскен. «Жеміс»
Бақшада өседі,
Көп өнім береді? «Көкөніс»
-Балалар мына жерде осы көкөніспен жемістердің муляждары тұр осының ішінен біреуден таңдап, 2 топқа бөлініп отыра қойыңыздар.
1.Жемістер тобы
2.Көкөністер тобы
Ал бүгін біз көкөністер мен жемістер туралы өтеміз.
Қане балалар бәріміз назарымызды бейне тақтаға аударайық. Біз нелерді көріп, тамашаладық?
-Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз «Көкөністер мен жемістер» туралы ертегі болмақ.
Жемістер бақта яғни ағашта, ал көкөністер бақшада өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Жемістерден тосап және компот қайнатады.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар

үшін де өте пайдалы. Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
Көкөністер. Сәбіз дің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Ойын: «Не қайда өседі»?
Ойынның шарты: Тақтадағы бақ пен бақшаның суретіне қарай балалар көкөністің суретін бақшаға, ал жемістің суретін баққа апарып жапсырулары қажет.
Әліппе –дәптермен жұмыс.
1-тапсырма . Сен қалай ойлайсың , көгөніс және жемістер өздерінің пайдасы туралы не айтар еді?
Ал балалар, бүгін біз «Көкөністер дауы» ертегісін сахналаймыз.
Бағбан:Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, қызанақ асқабақта бар арасында.
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Жүргізуші: Ызаланғаннан қызылша ортаға жүгіріп шықты.
Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Қырыққабат:
Мақтанғаннан не пайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Қияр:
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Шалқан:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық – барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Бақбан:Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Ертегі не туралы айтылған?
Ертегіде қандай көкөністер бар?
Сергіту сәті: (Бейне тақтадан көрсету)
2- тапсырма:
Тіл ұстарту жаттығуы (жылдам және жай дауыспен айту)
Ша –ша-ша –есік алды бақша .
Із –із –із –бақшадағы сәбіз
Ет – ет- ет- алма толы себет.
Ойын: «Дәмін тап»
Ойының мақсаты: Жемістер мен көкөністерді акеліп көзін байлап , бір жемісті немесе көкөністі алып дәмін , пішінін, көкөніспен жеміспен екенін ажыратып айту.
3- тапсырма:

Көгөністер мен жемістерді дене мүшелерімен толықтырып ,мультфильм кейіпкелеріне айналдыр. Тәрбиешінің басқаруымен тәрбиеленушілер көгөністер мен жемістерге көз, ауыз, қол, аяқ дене мүшелерін салып мультфильм кейіпкеріне айналдырады.

Қортынды бөлім.-Рефлексивті түзетушілік.
Жұмбақтар жасыру арқылы сабақты қорытындылау.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)
Кері байланыс.
Оқу қызметінің өн бойында әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалаудың мына түрын қолданамын.
І –деңгей –ештеңе түсінбедім.
ІІ-деңгей –түсіндім , бірақ түсіндіре алмаймын.
ІІІ-деңгей- бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.
(Жел,Бұлт,Күн)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *