Ауыз әдебиеті-өшпес мұра
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі:Абайльдинова А.К.
Әдебиеттік оқу 4-сынып
Тақырыбы: Ауыз әдебиеті-өшпес мұра Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.2.1* шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жақта өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығараманы қысқаша, толық, ішнара мазмұндау 4.1.3.1* шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру Сабақ мақсаттары: 1.Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін қолдана отырып таныстырылым жасай алады. 2.Оқиғаның маңызды тұстарын талдауға үйренеді. Бағалау критерийі: Таныстырылым жасайды, оқиғаның маңызды тұстарын талдайды. Тілдік мақсат: Бөлім тақырыбына байланысты жазушылар туралы әңгімелей алады, ашық сұрақтар құрастырып, айта алады. Құндылыққа баулу: бір-бірін тыңдайды, бірігіп жұмыс жасайды Пән аралық байланыс: қазақ тілі, музыка Тақырып бойынша алдыңғы білім: Мәдениеттің дамуы
Психологиялық дайындық 1.«Мен үшін қымбат» деген сөзді естігенде ойына не келетінін айтады.Бірінің айтқанын екіншісі қайталамайды.Мысалы: ата-ана, туған жер т.б.
2.«Кластер» әдісі
ҚБ «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.
3.«ИЯ, ЖОҚ» әдісі.Кесте бойынша жауап бер.
Тұжырымдыр | Ия | Жоқ |
Ауыз әдебиетінің түрлерін кішкентай кезімізден білеміз. | ||
Ауыз әдебиеті- ауызша тараған, авторы белгісіз әдеби шығармалар. | ||
Мен биыл ауыз әдебиетінің бір түрімен таныстым. | ||
Ұлы адамдар да ертегі, жұмбақ, жыр, аңыздарды тыңдап, айтып өскен. | ||
Ауыз әдебиеті – қазақ халқының мәдени мұрасы. |
2.Тақырып таңдап, таныстырылым жасаңдар.
а) «Әжем не атам айтқан ертегілер. ә) «Ертегілер елінде» (бірнеше кейіпкерді дыбыстап немесе қимылмен көрсетіп бейнелеңдер.
ҚБ «Күн шуақтары» әдісі арқылы бағалау. 3. Оқушылар тобына «Ашық микрофон» әдісі арқылы М.Әуезовтың «Бала Абай» әңгімесін оқып, талдау жүргізу ұсынылады.Танысқан шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжауға түсіндірілуге ұсынылады.
ҚБ «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау.
Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: -бүгінгі сабақта мен … түсіндім, … білдім, … көз жеткіздім. -бүгін сабақта куантқаны … –мен өзімді … үшін мақтар едім -маған ерекше ұнағаны … . –сабақтан соң маған … келді – бүгін маған … сәтті түсті –қызықты болғаны … – … қиындық тудырды. –менің түсінгенім…
Үй тапсырмасы:Отбасыңда үлкендерден естіген немесе өзің оқыған ертегілердің бірін сыныптастарыңа әңгімелеп беруге дайындал.