Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы””Күйкен”бөбекжайы”МКҚК тақырыбы:««Ертегілер еліне саяхат».» тәрбиеші: Омуркулова Жанат
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»,«Денсаулық».
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат».
Мақсаты:
Дидактикалық ойындар арқылы, өтілген ертегілерден алған білімдерін тиянақтау.Дамытушы ойындар арқылы балаларға әртүрлі тапсырмаларды орындата отырып, сөздік қорларын молайтып, ой – өрістерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларды ертегі желісі арқылы адал достыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, дене шынықтыру, қарапайым математика, музыка.
Билингвальды компонент: «Аққу-қаздар» – « Гуси и лебеди».
Сөздік жұмыс: Гүл күлтелері, аққу- қаздар, сиқырлы кілемше.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: атрибуттар, сюжетті суреттер, пеш, өзен, алма ағашы, мыстан кемпірдің үйі, үнтаспа, үлестірмелі материалдар.
Қызмет
кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-
қозғаушылық |
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Кәне, балалар қонақтармен амандасып алайық. Амандасу: |
Балалар бір-бір гүл күлтелерін алып шығып өз аты–жөндерін айтады. Сәлеметсіздер ме? Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бәріне де ізетпен Бас иеміз біз. |
Балалар, терезеге қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? | Күз. | |
Күз айларын ата? | Қыркүйек, қазан, қараша. | |
Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай? | жаңбыр жауады, жапырақ сарғаяды, күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. | |
Бүгін біз осы уақытқа дейін өтілген ертегілерді еске түсіреміз.
Ертегі – ой қиялдан шығады, шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз. |
Мұқият тыңдайды.
|
|
Дидактикалық ойын:
«Бұл қай ертегі?» Шарты : Мен әр ертегіден бір сөйлемнен оқимын сендер бұл қай ертегіден екенін тауып тақтадан көрсетулерің керек? Дұрыс, тамаша. Жыл бойы өткен, ертегілерді есімізге түсірдік. Балалар менде сиқырлы кілемше бар, осы кілемшемен қай ертегіге саяхаттасақ екен. |
Балалар сюжетті суреттерден ертегіні табады.
|
|
Ұйымдастыру-шылық-ізденушілік
|
Ғажайып сәт:
Топқа «Аққу –қаздар» ертегісінен Алёна келеді. Алёна: Сәлеметсіңдер ме? Балалар менің атым – Алёна. (көңілсіз) Менің інім Иванды аққу–қаздар алып кетті.Сендердерден көмек сұрай келдім.. Інімді табуға көмектесіңдерші. |
Сәлеметсіз бе?
|
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе? | иә , әрине, келісеміз. | |
Алёна қай ертегінің кейіпкері?
Дұрыс айтасыңдар, «Аққу- қаздар». |
«Аққу- қаздар»
|
|
Билингвальды компонент:
«Аққу- қаздар» ертегісі орыс халық ертегісі, орысша қалай аталады? |
«Аққу-қаздар» – «Гуси и лебеди».
|
|
Тағы қандай кейіпкерлер бар «Аққу- қаздар» ертегісінде? | Пеш, алма ағашы, өзен, мыстан кемпір, Иван. | |
Ендеше, сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырайық. Ұштық! (Релаксация әуен ойнатылады). Жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма? |
Сиқырлы кілемшеге біртіндеп отырады.
|
|
Міне ертегілер еліне де жеттік.
Кілемшеден біртіндеп түсеміз. Балалар қараңдаршы неткен сұлу табиғат. Ормандағы құстардың үні қандай тамаша. Дала құстары туралы кім тақпақ айтып береді.
|
1-бала:
Сары бауыр шымшықтар, Қайсар: Мен еркін бақытты бұлбұлмын. |
|
Жарайсыңдар, енді аққу-қаздар ертегісі бойынша бірінші не шығушы еді? |
– пеш. |
|
– Ия, дұрыс айтасың. Кәне, пеш қай жақта екен. | Балалар жан-жаққа көз жүгіртеді. | |
Сол жағымызға қарасақ – алдымыздан пеш шығады.
Пештен көмек сұрау үшін, жақындап келдік. Пеш сөйлеп кетеді. Пеш: Сәлеметсіздер? Қандай мақсатпен келдіндер? |
– Сәлеметсің бе?
Бізге аққу-қаздардың қай жаққа қарай ұшып кеткенің айтасыз ба?
|
|
Пеш : Жоқ айтпаймын.
Менің тапсырмаларымды орындасандар, айтамын. Тәрбиеші: әрине орындаймыз. Біздің балалар өте ақылды тапқыр, шапшаң. Кәне, тапсырмаңызды беріңіз тезірек орындайық. Пеш тапсырмасын береді. |
– Неге?
Балалар тапсырманы орындайды.
|
|
1 тапсырма теледидардан:
Ойын: «Суретші нені шатастырды?» 2 тапсырма. Екі топқа бөліну керек. 1 топ «Мақта қызбен мысық» 2 топ «Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін тап? Пеш ризашылығын білдіріп жол сілтеп жібереді.
|
Суреттерге мұқият қарап, қай ертегі екенін, қай кейіпкер артық екенін айтады.
Екі топқа бөлініп ертегі кейіпкерлерін тауып тақтаға іледі. Топ басшылары қай ертегіні құрастырғанын айтады. Пешке рахмет айтып, сау бол,- деп шығарып салады. |
|
Алдыларыңнан қиын жол шығады, қиын жол біткен кезде алма ағашы тұрады.
«Салауатты өмір салты» Сергіту сәті: «Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүру. «Салауатты өмір салты»технологиясы туралы айту. Мына қиын жолдар балалар бізге пайдалы болды. Өйткені,аяққа арналған нүктелі уқалау белсенділігімізді арттырады. Ағзамызды қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығымызды сауықтырамыз. |
Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүреді. | |
Алдымызда алма ағашы тұр.
Алма ағашы: Сәлеметсіңдер ме? |
– Сәлеметсің бе?
Бізге аққу-қаздардың қай жаққа қарай ұшып кеткенін айтасың ба? |
|
Жоқ, жоқ айтпаймын:
Менің тапсырмамды орындасаңдар ғана айтамын. |
– Неге? | |
«Алма ағашының» тапсырмалары:
Алмаларым пісіп тұр,тек қызыл алмаларымды теріп, себетке салып берсеңдер, аққу- қаздардың қай жаққа ұшып кеткендерін айтамын! Бірақ, әрбір қызыл алмамда тапсырма бар. |
Мақал–мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. |
|
Тәрбиеші: барлық тапсырмаңды орындадық, бізге жол көрсетші.
Алма ағашы: Солға қарай жүре берсеңдер алдыларыңнан қиын жолдар шығады. Қиын жолдар біткенде, өзенді кезіктіресіңдер. |
Сау болыңыз, рахмет сізге.
|
|
«Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүру. | «Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүру. | |
Алдымыздан өзен шығады.
Өзен: Сәлеметсіңдер ме? Жоқ, көрсетпеймін. Менің тапсырмаларымды орындасаңдар, көрсетемін. Өзеннің тапсырмалары: Барлықтарың тыйым сөздер айтып беріңдер! Мен сонда ғана мыстан кемпірдің үйі қайда екенін көрсетемін. Балалар тапсырманы орындайды. Өзен мыстан кемпірдің үйін көрсетеді. Тәрбиеші: аққу –қаздар мен мыстан көрінбейді. Тез арада Ваняны шуламай алып кетейік.
|
Сәлеметсің бе?
– өзен, өзен бізге Мыстан кемпірдің үйін көрсетші? – Неге? Әр бала бір-екі тыйым сөз айтып береді. Рахмет, сау бол өзен. Балалар жан- жаққа көз жүгіртіп, мыстанның үйін іздейді. Ваня мында отыр екен. Балалар да, Алёна да қуанады. Алёна: Рахмет сендерге балалар. Маған інімді табуға көмектескен-дерің үшін. Алғысым ретінде сендерге бәліш әкелдім. Өз елімізге оралайық. Сау болыңдар. Қуанып қоштасады. Сиқырлы алашамен ұшады. |
|
Сиқырлы алашаға мініп, бақшамызға оралайық.
Бақшаға оралып жеке бас гигиенасы туралы сұрақтар қою. Балалар, бәлішті жеу үшін ең бірінші не істеуіміз керек? Дұрыс айтасыңдар. |
Қолымызды сабынмен жууымыз керек. | |
Рефлексивтік-түзетушілік | Сұрақ- жауап:
Біз бүгін қайда саяхат жасадық? – Кімге көмектестік? – Бізге нелер жол сілтеп көмектесті? – Олардың тапсырмалары қандай болды? Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды. Қонақтарды әсем әнмен шығарып салайық. |
Сұрақтарға толық жауап берді.
-Ертегілер еліне. Алёнаға, інісі Иванды табуға. – пеш, алма ағашы, өзен. – ертегілер құрастыр-дық. Мақал-мәтел, тыйым сөздер, жаңылтпаштар айттық. «Ертегілер, ертегілер» әнін айтады. |
Күтілетін нәтиже :
Нені білуі керек: Жыл бойы өтілген ертегі кейіпкерлерін атап, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді;
Нені игереді: Сөйлем құрастыру үшін сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай байланыстыруды;
Нені білді: Өтілген ертегілердің мазмұнын қысқаша әңгімелеуді;