«Дәрумендер әлемі»

Білім беру саласы: «Қатынас» «Денсаулық» «Шығармашылық» «Таным»
«Әлеумет орта»
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Дәрумендер әлемі»
Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой — өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту.  Баланың шығармашылық қабілетін  арттыру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, түстері мен пішіндерін  ажыратуға  тазалыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері, теледидар.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Дәрумендер әлеміне саяхат жасау. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.

Билингвальды-компонент: дәрумен-витамин, алма –яблока,

алмұрт-груша.
Шаттық шеңбері.

Шуағын шашады,
Күн шықса жиектен.
Жылу алып нұрынан
Денсаулықты түлеткем,
Денсаулық — ол күлуің,
Көңіл — күйің жадырай,
Денсаулық — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Тәрбиеші: Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі оқу  қызметімізді бастаймыз.

Жұмбақ
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Бой жазалмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

Балалар қазір қандай мезгіл ?

Күз мезгілі неше айдан тұрады ?

Күз  айларының аттарын  атаңдаршы ?

Күзде табиғат ерекше күйге бөленеді. Күн салқындайды, жаңбыр жауады, жел соғады, жапырақтар сары, қоңыр түске енеді. Күз айында көкөністермен жемістер піседі.

Күз мезгілінде дәрумендер көп болады.

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы  «Дәрумендер әлемі» деп аталады.

Бүгінгі  оқу қызметімізде дәрумендердің денсаулығымызға  пайда келтіретінін  білетін боламыз.

Дәруменнің орысша атауы – витамин.  .
Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар.

Дәрумендер  дегеніміз не?

Осы сұраққа жауап алу үшін дәрумендер әлеміне саяхатқа шығамыз ба?
Кәне барлығымыз автобусқа отырайық.

Балалар қақпадан өту үшін біз тапсырмалар орындауымыз керек.

Балалар айтыңдаршы қақпада не бейнеленген?

1 тапсырма:   Жемістер нешеу екен?

2 –тапсырмаБір аптада неше күн бар  және аттарын ата?

3-тапсырма: Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек ?

  Балалар тапсырмаларға дұрыс жауап бердіңдер.

Ғажайып сәт: Дәрумендер әлемінде , дәрумендер әлемінің ханшайымы және дәрумендер жүр.

Сәлеметсіздер ме, балалар, дәрумендер әлеміне  хош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, дәрумендер әлемінің ханшайымы  дәрумендер!

Дәрумендер ханшайымы: Менің дәрумендеріммен танысып қойыңыздар.

Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат беремін.

Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары,  қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады.

Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі.

Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар.
Дәрумендер бәрі бірге айтады: Сендер біз туралы не білесіңдер?

Біздің  балаларда  дәрумендер туралы тақпақ біледі.
1. Мен қиярмын, сәндімін.

Салаттардың сәнімін.

Дәруменім мол менің .

Жегенге қуат сыйлаймын!

 

  1. Алма, алма дейсің

Алма әкелсем жейсің

Айтпады екен деме

Алманы жумай жеме

 

  1. Шие , шие, шиелер

Қызыл көйлек кие бер.

Күн нүрына жүзіңді.

Сүйгізе бер сүйе бер.

 

  1. Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз

 

5.Асханадан шықпаймын

Атым-пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып ,

Тұмаудан бірақ сақтаймын

 

Дәрумендер  ханшайымы:   Балалар менің  сендерге тапсырмам бар.

Тапсырманың аты «Бөліктерді құрастыр». Балалар, тақтада бір жеміс жасырулы тұр. Ол жеміс екіге бөлінген, сол бөліктердің ішіндегі тапсырмаға жауап берсеңдер, бөлік ашылатын болады. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар бөліктердің қандай жеміс екенін білетін боламыз.

Жұмбақ шешу. І — ші бөліктегі тапсырма
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз).

Аласа талда алуан алма,
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде.  (Алма)

 

Қараңдаршы, балалар, сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған жемістің бір бөлігі ашылды.
Мақал — мәтел ІІ — ші бөліктегі тапсырма.
Ас — адамның арқауы,
Дені саудың — жаны сау. .
Тазалық — денсаулық кепілі. .
Денсаулық — зор байлық. .
Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да тез орындадыңдар. Ал, қараңдаршы жасырылған жеміс қай жеміс екен?
Алма!
Тәрбиеші:  балалар, алма жемісінде қандай дәрумендер бар?
Алмада «С» дәрумені бар, алманы жесек денсаулығымыз мықты болып, барлық аурулардан аулақ боламыз. Жарайсыңдар.

Алманың пішіні қандай? Дөңгелек. Түсі ше? Жасыл.

Видео: «Дәрумендер мен минералдардың керемет күш қуаты»

Сергіту сәті. Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Қане барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Барлығыңда ақылды екенсіңдер. Енді сендермен бір ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Дәмін татып, қай жеміс екенін ата» деп аталады.
Мақсаты: Балалардың дәм сезу ,қабілеттерін арттыру.

Балдарға кесілген жемістерді тарелкаға салып алдарына қоямыз.

-Мынау қандай жеміс?

-Жемістің дәмі қандай?

-Түсі қандай?

-Пішіні қандай?

Балалар жемістерді жеп дәмін атын айтады.Балаларға жемістерді жеген кезде жуып жеуді үйрету.

Рахмет, балалар! Сендер ойынды  жақсы ойнадыңдар.

Енді дәрумендерге өз шеберлігімізді көрсетейік.
Еңбек : балалар  алмұртқа жіңішке таяқшаларды тыға отырып кірпі жасайды. Алдын ала жіңішке таяқшаны  дайындап қою керек. Сол дайын таяқшаны балалар ретімен алмұртқа қыстырып шығады. Үлгіде көрсетілгендей етіп жасайды.

Балалар жасаған жұмыстарын бірнешеуін  күз ханшайымына сыйға ұсынады.
Дәрумендер ханшайымы: Дәрумендерім енді сендер балалармен бірге балабақшаға барасындар,  балалардың денсаулығы мықты,   жақсы өсу үшін балалармен бірге боласындар.

Балалар дәрумендер әлемімен қоштасып балабақшаға қайтады.

Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.
Балалар  біз саяхатқа қайда бардық?
 «Дәрумендер әлемінде»  қандай  дәрумендерді көрдік?

   Алмұрттан не жасадық?

 

Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады:
Жемістер мен көкөністерді.
Түсінеді: Пішіндерді ажыратуды.

Қолданады: Тапқырлықты,ұйымшылдықты шеберлікті .

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.