Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Зорбаева Гүлсара

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зорбаева Г.Д.

Сынып: 9

Оқушы саны:21

Сабақ тақырыбы

 

 Қазақстандағы ұлттық  автономиялар

 

Зерттеу сұрағы

Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

  Оқу мақсаттары

8.3.1.6.Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1. қазақ зияларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Бағалау

критерийлері

Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына бағалайды;

Қазақ зияларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдайды

Тілдік  мақсаттар

 

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Алаш Орда мен Қоқан автономиясының ұқсастығы/айырмашылығы……..

Келесі себептерге сүйене отырып, біз оқиғаға/саясатқа баға береміз…….

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды /айтарлықтай, себебі……

Құндылықтарды дарыту

Қазақ зиялыларының тәуелсіз мемлекет құру әрекеттерін бағалай білетін, сындарлы, елжанды тұлға тәрбиелеу.

Бастапқы білім

 

Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары құрған Алаш партиясының бағдарламасының негізгі идеяларын түсінеді. Қос өкімет кезеңінде құрылған кеңестерді және Қазан төңкерісінен кейін биліктің кеңестерге өткенін біледі.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет                        Ресурстар

 

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы 

 

 «Миға шабуыл»

Азамат соғысы болған жылдар?

— Қос үкімет қашан орнады?

— Неліктен кеңестер Уақытша үкіметке қарсы болды?

Презентация арқылы сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

Мәтінмен жұмыс

 І-топ:  Алаш Орда үкіметінің құрылуы ,мақсаты 

ІІ-топ : Түркістан автономиясының тарихы

ІІІ-топ: Кеңестер

 

 Қоқан автономиясы мен Алаш Орда үкіметін салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын Венн диаграммаға түсіреді.

 

Қоқан автономиясы

ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Алаш Орда үкіметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-Қорытынды:

 

 

 

Дескриптор:

Қоқан автономиясының Алаш Ордамен 3 ұқсастығын  анықтайды

Қоқан автономиясының Алаш Ордамен 3 айырмашылықтарын  анықтайды

 

 

Презентация

 

 

 

 

Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған  оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры /Құрастырған Б. Серікбайұлы Қошым-Ноғай. — Алматы: Жалын, 1992. -184 б.

 

Тақырыптық карта

 

 

 

 

 

 

Маркер,

постер

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

Жұптық жұмыс

Ақтар неге Алашорда автономиясын мойындамады?

 

Картамен жұмыс

1.Картадан Алашорда автономиясының территориясы мен орталығын дұрыс көрсетеді;

2.Картада Түркістан автономиясының территориясы мен орталығын дұрыс көрсетеді.

Тапсырма

Тарихи  фактілерге  сүйене  отырып, қазақ жерінде құрылған ұлттық автономиялардың ортақ тарихи  маңызын  жазады.

Тарихи маңыз 1 аргумент.

Тарихи маңыз 2 аргумент.

 

Топтық жұмыс

Қоқан автономиясы мен Алаш Орда  үкіметінің ортақ идеясы неліктен жүзеге аспады?

Топтық жұмыстың бағалау  критерийлері:

Мазмұнға сәйкестік

Дәлелді қорытынды

Жеке тапсырма «Сенің көзқарасың»

Алашорда үкіметінң ақ   гвардияшылармен одақ

жасаспауына болар  ма еді?

ІІ Жалпықазақ съезінде Алашорда автономиясының құрылуын RAФT(роль- Ә.Бөкейханов) стратегиясымен көрсету;

 Қорытынды:Қоқан автономиясы мен Алаш Орда үкіметінің ортақ идеясы неліктен жүзеге аспады?  тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылау.

1. Қолдайтын ірі саяси күштердің болмауы;

2. Әскери күштерінің болмауы;

3. Саяси бағыттары әртүрлі болды;

4. Ұзақ мерзімді бағдарламалары болмады;

Бағалау

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған … қызықты болды

Маған … бұл болашақта қажет болады

Бұл … қиындық туғызды

Осы … мені ойландырды

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл обл

Жамбыл ауданы

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп- гимназия

Зорбаева Гүлсара Дайрабайқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.