Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым

Күні: 18.11.2018

Мақсаты: Оқушыларлды Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік міртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздер, плакаттар

Өту барысы:

Жүргізуші:Оқушылар шеңбер айналп тұрғаннан кейін, мұғалім оқыған мәтін бойынша әрбір оқушы өз қалауынша мәтінді қимылмен бейнелейді.

«ҚР –кең байтақ, тәуелсіз мемлекет. Әр бір мемлекеттің төл белгі-рәміздері бар. Біздің рәміздеріміз- көкте желбіреген көк ту, алып таңба және асқақтаған әнұранымыз».

Бәрі болған қазақ сынды көк елде

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді, тау болмайды деген ге.

Батырлыққа, уызына жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айтады

Болмаған деп ән ұран

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы ұрпақ шығады екен капты аңға

Қалай оның ел таңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ел таңба

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Ел таңбам ел әлемге танылды анық

Шырқайық ән ұранды бар дауыспен

Арманымен ата заңым орындалып

Жер бетінде мемлекет атауының қай-қайсысында да мемлекеттік белгілері-рәміздері бар.Рәміздер дегеніміз-белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сырт таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.

Мысалы: ақ көгершін- бейбітшілік символы. Тәуелсіздік елдің елдігін, еркіндігінтанытып тұратын айрықша мәнділері-Елтаңба, Ту және Әнұран.

Ендеше бүгінгі сайысымыздын баст мақсаты ел рәміздері туралы неи білеміз, не білу керек деген сұрақтарға жауап табу. Ендеше сайысымызды бастайық.

1-бөлім: «Тарих толқынында».

Әр топ үш белгі жасырылған картаны суырады. Өздеріне түскен рәміздер тарихынан не білеміз? Қазақ тарихында қандай белгілер болған?

Таңба : Қазір кең қолданып жүрген «герб» деген термин немістің «Ербо»деген сөзінен шыққан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі «Таңба» деген сөз анық жеткізді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын сөз анық жеткізді. Ол осыдан бірінші ғасыр бұрын көне Түркі қағандығында дүниеге келген. Білімпаз М.Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «Таңба» сөзіне «ел билеушілердің ерекше белгілері» денен мағына береді. Бұл сөзді бергі 17-ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Шәкәрім қажы шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер 5-ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Бұл таңбалар республика аумағынан табылған тас жазуларда да, құрал-жабдықтар мен өрнектерде де жиі кездеседі. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылымды «геральдика» деп атайды

Ту: Таңба-белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі- тулар, жалаулар. Ту- матадан жасалған белгі. Туды адамдар ертеден-ақ пайдаланған. Тәпті ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің де сол кезге лайық тулары болған. Келе-келе ту жасау ісі жетіле түскен. Оның ұзындығы бір метрден алты метрге дейін жеткен. Матадан жасалған тулар бұдан үш мың жылдан бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үндістерде болған деген пәкір бар. Шындығында, ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда қазақ жеріндегі жартастарда салынған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттар бүгінге жеткен Жәнібек пен Керей, Қасым хан мен Есім хан, Тәуке хан, Әбілхайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған батырларымыздың қай-қайсысныі да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім.

Әнұран: Гимн- ежелгі грек тілінен енген сөз. Әрбір мемлекеттің өз гимні- Әнұраны болды. Елтаңба және мемлекеттің туымен бірге ел тәуелсіздігін білдіретін ең басты рәміз- Әнұран. Тарихы ежелгі дәуірден басталады. Патшалар жауын жеңіп еліне оралған кезде олардың құрметіне арналып салтанатты мадақтау әні орындалатын болған

2. Бөлім Мұны әр кім білуі тиіс? Қай топ жауапты тез білсе, сол топ бірінші жауап беріп ұпай алады.

1. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?(геральдика)

2.Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды?(байқау)

3.Гимнді грек тілінен ауарғанда қандай мағна береді.(ұран, ұран салу)

4.Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды?(1992 ж)

5.Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халықаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, мемлекеттік тудың авторы кім?(Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)

6.Ең көне гимн қай елде? (Жопонияда)

7.Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші Жанарбек Мәлімбекұлы Мәлімбеков ненің авторы? (Елтаңбаның)

8.Әнұран авторы н.Назарбаевтың қандай әндері бар? («Менің елім», «Үшқоңыр»)

9.«Балауса», «Жарық пен жылу», «Мезгіл әуендері», «Ақ шағыл», т.б. кітаптарының авторы Жұмекеннің толық аты-жөні? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов)

3-бөлім. «Сөзжұмбақ сыры». Берілген 4 минут ішінде әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді.

4-бөлім. «Рәміздер сөйлейді». Әр топ өз рәміздері рөлінде сөйлейді.

5- бөлім. «Рәміздерім- егемендік нышаны». Әр топқа берілген рәміздер тарихынан жабық тестімен жұмыс.

1.Мемлекеттік тудың өлшемі: Ұзындығы… метр, ені… метр. (2;1)

2.Мемлекеттік ту ұдайы ілінетін жерлер: (ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктердің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де атқарушы органдардың, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР жоғары Сотының, конституциялық мекемелер ғимаратында үнемі ілінеді)

3.Мемлекеттік рәміздердің тұсау кесер салтанаты Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында…жылы…айының… күні өтті. (1992 жылы 6 маусым)

4.Алғашқы мемлекеттік әнұран мәтіні 1992ж … айының… күні бекітілді.(11 желтоқсан)

5.Мемлекеттік туымыз… түсі. (аспанкөк)

6.Туда…, бүркіт… астында бейнеленген. (қыран, күн)

7.Елтаңбадағы қыран қанатты… бейнеленген. (қос тұлпар)

8.мемлекеттік елтаңбада пайдаланған негізгі бояу… түсті рең.(алтын)

9.ҚР Мемлекеттік әнұран музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстан Жастар Одағы силығының иегері Шәмші Қалдаяқов,… жуық ән шығарған. (30-ға жуық)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.