Мата қалдығын пайдалана білу. Құрақ құрау өнері

Балғабаева  Айнұр Даулетовна

Сабақтың мақсаты: Білім  мен  іскерлікті  игеру.

Білімділік мақсаты: құрақ өнерінің тарихымен  танысу.Құрақ құрау техникасы туралы түсінік беру,құрақ түрлерінің  дайындау жолдарын көрсету.

Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамытып,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: үнемділікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Жаңа сабақ Құрақтың шығу тарихы:Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.Құрақтың түрлері өте көп. Мысалы: мата қиындыларынан әр түрлі өрнек құрағын жасауға болады. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды.Орыс халқы мозайка, немесе пэчворк,ал батыста құрақ көрпеше жастық мағынасында айтылады.Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Құрақтан әр түрлі құрақ көрпеше, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніш тіккен. Қазіргі кезде де қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа төсеніш ретінде пайдалануға болады.Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Құрақтың ботакөз құрақ, алма құрақ, жұлдызша құрақ, майта құрақ, т.б түрлері бар.Халық шеберлері құрақ атауын өзгертіп отырған, ай мен күнге табынып жұлдыз құрағын, қыздың жасауына арнап ботакөз құрағын, жыл мезгіліне байланысты тырнақтар құрағын құраған. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5-6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш,ромб жасай отырып біріктірген.Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.Құрастырылған қиықтар таза және тегіс үтіктелген болуы тиіс, алдын ала құрақтың суретін салып, матаға салып пішеді.Сол бойынша бір жерден екінші жерге ауыстырып қоюға болады. Одан соң бір – біріне жалғап тігеді.Ал тұмарша майда мата қалдықтарынан жасалады. Құрақ тіккенде инемен, қайшымен сақтанып жұмыс істеу керек

Пэчворк  дегеніміз не?

Patchwork — құрақ жұмысы; құрақтан құралған тігіс. Ағылшынның. patch — мата қалдығы немесе жамау, құрақ, формасы жоқ дақ; work — жұмыс.

Пэчворк түрлері:

  • Классикалық ;
  • Крейзи;
  • Жапондық;
  • Квилтинг,
  • Тоқыма түрі;

 Техника  бойынша:

Бұрыштар, түзу жолақ,ұшбұрыштар,шахмат техникасы,барджелло, синель, пуфтар,борро.

Қажетті құрал — саймандар:

  1. 1. Дискілі пышақ
  2. Қайшы
  3. Арнайы сызғыш
  4. Жіптер
  5. Түйреуіш инелер

6.Сөккіш
7. Түсті маталар

 

Крейзи-пэчворк

Бұл құрақ түрін орындау барысында таспалар, ленталар, моншақтар, су моншақтары және басқа түрлі фурнитураларды пайдалана отырып орындайды. 

 

Жапондық пэчворк
Жапондықтарға пэчворк бір сиқыр сияқты, түстер контрастың абайлап пайдаланады.Жапониялық пэчворк ойды жинақтауға, өз ісіне қуануға, демалып отыруға бейімделген.Бұл құрақтын еркшелігі қол тігістерімен әсемдеп отырған сондай тігістің түрі сашико тігісі. Көбіне шелк матасын пайдаланады.

Синель техникасы
жалпы айтқанда текстильді үлбір.

Квилтинг
Үш   қабаттан тұратын құрақ.Бірінші қабаты құрақ жұмысы, екінші ватин, үшінші астарлы мата. Бұл құрақтың беті таңдау бойынша түрлі суретпен сырып тігіледі.

Жолақтар техникасындағы шарбақтар құрағын дайындау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *